Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ТАРАУ. ҒАРЫШ ƏЛЕМІ ЖƏНЕ КҮН ЖҮЙЕСІ



Pdf көрінісі
бет42/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

2-ТАРАУ. ҒАРЫШ ƏЛЕМІ ЖƏНЕ КҮН ЖҮЙЕСІ
2.1 Ғарыш əлемінің құрамы мен құрылымы
Ғарыш əлемі дегеніміз – байқауға мүмкіндігіміз бар бізді ай-
нала қоршап тұрған материалық əлем. Ол уақыт пен кеңістік ара-
сында шексіздікте орналасқан. Өйткені оның шекарасы мен оны 
құрайтын аспан денелерінің жиынтығы ғылымдағы жаңалықтардың 
нəтижесіне қарай нақты уақыт кезеңіне сəйкес өзгеріп отырады. 
Бүгінгі таңда ғарыш əлемінің ұлғаюы туралы теориялар ба-
сым, яғни ғарыш əлемі үдемелі дамуда деген тұжырымдар көптеп 
айтылуда. Ондағы материалдық денелер галактика, метагалакти-
ка, жұлдыздар, ғаламшарлар, олардың серіктері, астероид, комета 
жəне т.б. түрінде жинақталған. Көзге көрінетін массаның 98%-ы 
жұлдыздарда жинақталған. 
Ғарыштағы денелер əртүрлі деңгейдегі күрделі жүйелерді 
құрайды. Жер ғаламшары өзінің табиғи серігі Аймен бірге біртұтас 
жүйені құрайды. Ол одан да күрделі Күн жүйесі құрамына кіреді. 
Күн жүйесі өзінің 8 ғаламшары (соңғы мəліметтер бойынша Плутон 
ғаламшар деп саналмайды) жəне оның серіктері, астероид, коме-
та, метеорларымен бірге Галактика жүйесіне кіреді. Ал Галактика 
шоғырлары метагалактикаға, яғни ғарыш əлемінің тек арнаулы 
аспаптар көмегімен көрінетін бөлігіне кіреді.
Ғарыш əлемінің қазіргі есептеулері бойынша диаметрі 100 
млн жарық жылына тең. Оның жасы 13-18 млрд жыл шамасында, 
құрамына 10
22
тең жұлдыздар жүйесі кіреді. 
Ғарыш əлеміндегі қашықтықтар астрономиялық тұрақтылық-
тар мен өлшемдер көмегімен анықталады. Оларға астрономиялық 
бірлік, жарық жылы, парсек, Хаббл тұрақтысы сияқты өлшемдер 
жатады: 
• Жерден Күнге дейінгі қашықтық астрономиялық бірлік (а.б.) 
деп аталады. Ол 1,49598·10
11
м немесе жуықтап алғанда 150 млн км, 
яғни 1 астрономиялық бірлікке тең болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет