49
дүрбiнiң көру алаңына (
10-сурет,
ə) берiледi. Дүрбiнiң нысаналау
білігiн (ось) горизонталь жағдайға дəл
келтiру эвациялық винтпен
(2) орындалады, ол деңгейдің шеткi кескiндерiн сəйкестендiруден
тұрады. Цилиндрлiк деңгейдiң қақпақпен жабылған төрт түзету
винттерi болады.
Нивелирмен жұмыс істеу үшін ұзындығы 3 метр, сантиметрлік
бөліктері бар геодезиялық рейка болуы қажет. Рейканың екі жағы
(қара жəне қызыл) болады. Бөліктер санын рейканың қара жағында
төменгі
жағы нөлден бастап, ал қызыл жағында еркін саннан ба-
стап санайды. Екі жақты рейканы қолдану түсірілім жұмысының
дəлділігін жоғарылатады.
Нивелирлік бағыт жасау тəртібі.
Нивелирлеу бағытты екі
нүктенің бір-бірімен қашықтығын байланыстырады, осындай бағыт
ұзындығы бірнеше километрге тең болуы мүмкін.
Студенттерге дала практикасында жергілікті жер профилін жа-
сау мақсатында нивелирлеу бағытын салу ұсынылады. Жұмыстың
басында жергілікті жердегі бастапқы бағыт нүктесі қойылады. Жер-
ге қазық қағып, нивелирлік бағыт қатарын таңдап алу қажет.
Жұмыс кезінде əрбір станцияда өлшеулер жүргізіледі, нəтижелер
дала журналына жазылады.
Станциядағы
жұмыстар аяқталғаннан кейін, рейка жəне
құралдарды орнынан алмай тұрып, қара жəне қызыл жақтағы артқы
жəне алдыңғы рейкалардың орта жіп бойынша алынған мəндерін
анықтап, арасындағы айырмашылықты дəлдік ретінде есептеп, оны
журналға жазып қою керек.
Станция бойынша бағыт ұзындығы рейка арасындағы екі
арақашықтықтың қосындысымен есептеледі. Рейкаға дейінгі
арақашықтық жоғарғы жəне төменгі
қашықтық жіптері бойынша
алынған айырмашылықты 100 метрге көбейткенге тең. Нəтижесін
метрге айналдыру керек.
Түсірілім нəтижесі бойынша көлденең қима (профиль) түсіруге
болады (
11-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: