51
3. Элементтер бойынша карта мазмұны: жер бедері, су, топырақ-
өсімдік жамылғысы, елді мекендер, жол қатынасы түрлері жəне т.б.
4. Карта көркемделуінің шрифт ерекшелігі: түсі, сипаты,
мөлшері;
5. Картаның
көмекші
көркемделуі:
масштаб,
легенда,
статистикалық мəліметтер, диаграмма жəне т.б.
6. Картаның картографиялық тор жиілігі: сыртқы жəне ішкі рам-
ка, орта меридан туралы мəлімет жəне т.б.
7. Картаның қолданылатын орны мен маңызы туралы қорытынды
жасау
Тарау. бойынша қайталау сұрақтары:
1. Карталар сипаттарына қарай қалай жіктеледі?
2. Картаның басты элементтеріне не жатады?
3. Танымдық үлгі ретінде картаның
қандай басты қасиеттерін
білесіңдер?
4. Пайдалану жолына қарай карталар қалай жіктеледі?
5. Атластар
пайдалану жолына,
форматына қарай неше топқа
бөлінеді?
6. Тақырыптық карталарда қандай белгілер жүйесі қолданылады?
7. Сызықтық белгілер дегеніміз не?
8. Изосызықтардың қандай түрлері бар?
9. Сапалық жəне сандық түс дегеніміз не?
10. Нүктелік тəсілдер не үшін қажет?
11. Ареалдар мен қозғалыс белгілерінің қандай түрлері бар?
12. Картограмма мен картодиограмманың айырмашылығы неде?
13. Картадағы жазулардың басты қызметі неде?
14. Картадағы жазулар қалай жіктеледі?
15. Картадағы жазуларды зерттеумен
қандай ғылым айналыса-
ды?
16. Картадағы атаулар мазмұндық
сипатына қарай қалай
жіктеледі?
17. Жер бетін планға түсіру үшін қандай əдіс-тəсілдер
қолданылады?
18. Буссольдық түсірілім дегеніміз не?
19. Буссольмен жұмыс істеудің жолдарын атаңдар?
20. Нивелирлеу дегеніміз не?
21. Нивелирлеуде қандай аспаптар қолданылады?