жүйелерге жатады. Олардың жазықтық беті мен айналу осі симме-
триялы орналасады.
Галактикадағы жұлдыздардың көбі қосарланған, шашыранды жəне шар тəріздес жұлдыз шоғырларынан тұрады. Шашыранды
жұлдыз шоғырлары Галактика дискісі радиусы бойымен біртекті
бөлінген. Олардың саны 10 000 асады. Шар тəріздес шоғырлардың
əрбіреуі ондаған, жүздеген мың жұлдыздардан тұрады жəне олардың
əрқайсысы Галактика орталығының тартылыс заңына бағынады
(13-сурет).
13-сурет. Галактикадағы жұлдыздар шоғырлары Галактика жүйесіндегі нысандардың абсолютті сызықтық
жылдамдығы тұрақты шама, ол 220-250 км/сек тең. Тек өте алшақ
орналасқан нысандарда ғана бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін.
Күннің Галактика орталығы бойымен айналу уақыты –
галактикалық жыл деп аталады. Ол 180-200 млн жылды құрайды.
Бұл бірлік – геохронологиялық уақыт өлшеміндегі аса маңызды
тұрақты шама.
Ол жер қыртысындағы тектоникалық қозғалыстарға, олардың
ырғақтылығына тікелей əсері болуы мүмкін екендігі ғылыми түрде
дəлелденіп отыр.
2.3. Күн жүйесі, оның құрамы мен құрылымы Галактиканың орталығынан Күн жүйесіне дейінгі қашықтық 23-
28 жарық жылына тең. Күн жүйесі Галактиканың шеткі бөлігінде
орналасқан аспан денесі. Бұл өз тарапынан Жер үшін өте қолайлы
жағдай туғызады. Жер ғаламшары миллиардтаған жылдар бойы
ғарыш кеңістігіндегі болып жатқан түрлі апаттардан тыс жатыр.
59
Күн жүйесі Галактика орталығы бойынша қозғалысқа келетін, ай-
налу жылдамдығы 220 км/с болатын аспан денелерінің жиынтығынан
құралады (14-сурет). Күн жүйесі құрамындағы аспан денелерінін
құрайтын жалпы массаның 99,9%-ы Күннің өзінде жинақталған, ал
қалған 0,1%-ы ғана басқа аспан денелеріне тиесілі болып саналады.