Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет46/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Галилео Галилей байқаған. Алайда Галактика табиғатын жүйелі 
зерттеу ХVІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастау алады. 
1847 жылы В. Я. Струве жұлдыздар саны галактикалық жазыққа 
қарай артатынын, ал Күннің Галактика ортасында орналасқанын 
анықтаған.
ХХ ғасырдың басында неміс астрономы Х. Зелигер мен голланд 
астрономы Х. Шепли Галактика орталығының бағыты Мерген 
шоқжұлдызында екендігін, ал Күннің Галактика орталығынан тыс 
жерде орналасқандығын дəлелдеп берді. 
Жерден қарағанда, Құс жолы – кең, ақшыл жолақ болып 
орналасқан аса көп жұлдыздар мен жұлдыздар шоғырынан құралған 
құс жолына ұқсайды. Алайда аспан кеңістігінде қатарласа орналасқан 
жұлдыздар бір-бірінен өте қашық орналасқан. 


57
Сондықтан əртүрлі бағытта секундына жүздеген километр 
жылдамдықпен қозғалатындығына қарамастан олар бірі-бірімен 
ешқашан соқтығыспайды. Жұлдыз аралық заттар да кеңістікте 
біркелкі таралмаған. Олардың басым көпшілігі тұмандықтар түрінде 
галактикалық жазықтықта түрліше шоғырланады. 
12-сурет. «Біздің Галактика» – Құс жолының көріністері
Галактика қырынан қарағанда екі бүйірі шығыңқы, диаметрі 
өте үлкен линза типтес болып келеді. Құс жолы өте алып кеңістік, 
оның бір шетінен екіншісіне дейінгі аралықты жарық сəулесінің 
өзі 100 мың жылда жүріп өтеді. Галактика кеңістігінде 500-ден аса 
шар тəрізді жұлдыздар шоғыры бар, олардың 130 нақты орны мен 
құрамы анықталған. 
Мұндай 
жұлдыздар 
ішкі 
процестердің 
активизациясы 
нəтижесінде көлемі бойынша ұлғайып, сыртқы газ қабатын түзіп, өте 
қысқа уақытта Күн сəулесінен миллиард есе асатын энергия бөледі. 
Кейіннен олар осы жарылыстар есебінен тез сөніп, тұмандықтарға 
айналады. Шаян тəріздес тұмандық осылай пайда болған деп бол-
жанады.
Құс жолының бүгінгі таңдағы ғылымға белгілі параметрлері:
• Диаметрі 120 000 жарық жылына тең;
• Қалыңдығы 6 500 жарық жылына тең;
• Жылдамдығы 1,5 млн км/сағатқа тең;
• Массасы 1,5·10
11 
Күн массасындай болып келеді.
Құс жолы əсіресе, айсыз күзгі аспанда айқын байқалады, оның 
құрамында Аспан əлеміндегі көп жұлдыздардың бірі болып санала-
тын – Күн орналасқан. 


58
Құс жолы құрамына алып жұлдыз, ергежейлі жұлдыз, нейтронды 
жұлдыз жəне жұлдыз аралық орталар кіреді. Олар спираль типтес 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет