= H R, мұндағы v – жылжу жылдамдығы, H – Хаббл тұрақтысы;
R – Галактикаға дейінгі қашықтық.
Осы тұрғыдан қарағанда ғарышты мəңгілік деп айту мүмкін
емес, алайда, оның абсолюттік жасы мөлшермен 13-тен 18 млрд жыл
шамасында деп есептеледі.
Ғарыштағы заттар тығыздығы. Ғарышты құрайтын аспан
денелерінің зат тығыздығы оның жеке бөліктеріндегі таралуы бой-
ынша 30 деңгейге бөлінеді. Ең жоғарғы тығыздық нейтрондық
жұлдыздарға тəн (10
14
г/см
3
), ал ең төменгі көрсеткіш (10
-24
г/см
3
) –
тұтастай алғанда Галактика кеңістігіне тəн.
Ф. Ю. Зигель мəліметтері бойынша жұлдыз аралық заттың
қалыпты тығыздығы сутек атомдарымен салыстыра есептегенде
бір молекула жағдайында (2 атом) 10 см
3
құрайды, ал тығызданған
тұмандықтарда олардың саны бірнеше мың молекулаға жетеді. Егер
заттар концентрациясы 1см
3
-қа 20 сутек атомынан асса, аккрецияға
(бірігу, кірігу) ұласатын қосылу процесі басталады.
Ғарыштың заттық құрамы. Соңғы астрономиялық зерттеулер
ғарышта оның дамуын реттеп отыратын энергия барын дəлелдеген.
Ғарышты құрайтын аспан денелерінің жалпы массасының тек 7%-ы
ғана көзге көрінеді, яғни жарық шашатын зерттеуге мүмкіндігі бар
нысандар; 16%-ы – қара материя, бірақ зерттелмеген нысандар; ал
қалған 77%-ы – көрінбейтін заттар, яғни «жасырын масса» немесе
тылсым энергия көзі деп аталады.
Сəулелену спектрінің сипаты бойынша анықталатын көзге
көрінетін зат құрамы негізінен сутек (80-70%) жəне гелийден (20-
30%) тұрады. Ғарыш əлемі қалыптасуы жағынан «реликт» сəулелер
деп аталатын ерекше электромагниттік сəулелермен толтырылған,
олар ғарыш қалыптасуының ең алғашқы кезеңдерінен сақталып
қалған. Реликт сəулелердің өзгерісі олардың бағыттарына тəуелді
емес.
Достарыңызбен бөлісу: |