Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет51/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

курийШолпан; ЖерМарс; Юпитер; Сатурн; УранНептун.
2.4. Жер тобын құрайтын ғаламшарлар
Алғашқы 4 ғаламшар Жер тобындағы ғаламшарлар деп ата-
лады. Ал Юпитерден бастап Нептунға дейінгі 4 ғаламшар алып 
ғаламшарлар тобына кіреді (18-сурет). Ал Плутонды ғаламшарлар 
тобына қосу туралы пікір-таластар əлі күнге дейін дұрыс шешімін 
тапқан жоқ. 
18-сурет. Күн жүйесі құрамындағы ғаламшарлар
Ғаламшарлардың Күннен қашықтаған сайын орбита бойы-
мен қозғалу жылдамдығы төмендейді. Ол Күннің тарту күшінің 
бəсеңдеуімен байланысты. Меркурий 88 тəулікте, Шолпан 228 
тəулікте, Жер 365 тəулікте, Марс 687 тəулікте орбита бойымен Күнді 
бір рет айналып шығады.


66
Меркурий – Күнге ең жақын орналасқан, эклиптикалық орбита-
сы ең созылыңқы болып келетін, серіктері жоқ ғаламшар. 
Меркурийді ең алғаш жақыннан зерттеген «Маринер-10» 
америкалық ғарыш зонды (1974-1975 ж.), ол ғаламшар жанынан 320 
км қашықтықты үш рет ұшып өткен. 
Меркурий шағын болғандықтан, оның радиусы Жер радиусынан 
2,5 есе кіші, массасы Жер массасының 1/20 бөлігін құрайды. Соған 
қарамастан тығыздығы жоғары, Жер тығыздығына жақын – 5,43 г/
см

тең болып келеді.
Ғалымдардың пайымдауы бойынша ғаламшардың орталық 
бөлігін ядро алып жатыр, ол Меркурий массасының 62%-ын 
құрайды, ал оның сыртында қатты силикатты жыныстардан 
құралған, қалыңдығы 600 км жететін мантия орналасқан. 
Ғаламшардың беткі бөлігі күшті тілімденген, сыртқы көрінісі Ай 
пейзажына ұқсас болып келеді. Басты айырмашылығы терең ойы-
стар мен биіктігі 2-4 км жететін тау жоталары, ұзындығы бірнеше 
жүздеген км жететін тік беткейлі, кертпеш таулар (экскарп) жəне 
кратерсіз терең аңғарлар кездеседі. 
Меркурийдегі бірден-бір жазық жер – «Аптап жазығы» деп 
аталады. Ол ғаламшардың 4 млрд жыл бұрын алып астероидпен 
соқтығысуы кезінде шыққан лаваның қатып қалуынан пайда болған 
деген жорамал бар. 
Меркурийдің Күннен орташа қашықтығы 57 909 176 км. Алайда 
ол қашықтық 46,08-68,86 млн км аралығында өзгеріп отырады. Күн 
сəулесі түсетін бөлігіндегі беткі температура 325-437
0
С аралығында, 
ал түнде ол көрсеткіш – 123
0
С-ден – 185
0
С-ге дейін өзгереді. 
Бір метрлік тереңдікте температура +75
0
С деңгейінде тұрақты 
сақталады, өйткені грунт жылуды нашар өткізеді. Меркурийдің білігі 
оның орбита жазықтығына перпендикуляр орналасқан, сондықтан 
онда маусымдық өзгерістер байқалмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет