Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


уақыт көрсеткіштері енгізілді.  Сағаттық белдеу Гринвичтен басталады жəне ол нөлдік



Pdf көрінісі
бет76/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

уақыт көрсеткіштері енгізілді. 
Сағаттық белдеу Гринвичтен басталады жəне ол нөлдік 
сағаттық белдеу (одан батысқа қарай 24) деп аталады. Одан 
шығысқа қарай 7
о
30′ шығыс бойлықта – 1-сағаттық белдеу, 22
о
30′ 
шығыс бойлықта – 2-сағаттық белдеу жəне солай жалғаса береді. Ең 
соңында 24-сағаттық (нөлдік) белдеумен аяқталады. 
Сағаттық белдеудің ортасы арқылы сағаттық уақыт 
белгіленеді. Сағаттық белдеулер шекарасы бойлықтармен сəйкес 
келе бермейді, ол көп жағдайда саяси, шаруашылық жағдайларды 
ескере отырып, əкімшілік шекараларға сəйкестендіріледі. Қазақстан 
жері екі (4 жəне 5) сағаттық белдеуде орналасқан. 
180
о
меридиан сызығы арқылы календарлық уақыт ауы-
су сызығы өтеді, оның екі жағында уақыт өлшемі бірдей, тек 
календарлық уақыт бір тəулікке айырма жасайды. 
Жердің өз білігінен айналуын француз ғалымы Ж. Фуко 1851 
жылы Париждегі Пантеонның күмбезіне ілінген маятник қозғалысын 
бақылау арқылы дəлелдеген. Маятниктің төменгі жағына бөліктерге 
бөлінген шеңбер ілінген. Маятник өзінің əрбір қозғалысы кезінде 
шеңбер бойымен келесі бөлікке жылжып отырған. Бұл жағдай маят-
ник астындағы жер қозғалысқа түскенде ғана болуы мүмкін жағдай 
еді. 
Экватор бойында маятник қозғалысы өзгермейді, өйткені 
маятниктің ауытқуы меридиандарға сəйкес келіп отырады.
Жердің өз білігінен айналуы əсерінен іштен тебу күші пай-
да болады. Жер ғаламшарының қалыптасуы мен тартылыс күші 
ықпалының азаюына да осы құбылыс себепші болады.
Жердің өз білігінен айналуы кезінде оның бетіндегі барлық де-
нелер қозғалысында ауытқу орын алады. Бұл ауытқуды тудырушы 
құбылысты 1835 жылы анықтаған француз ғалымы Гаспар-Гюстав 
де Кориолис есімі бойынша – Кориолис күші деп атайды. 
Кориолис күші əсерінен солтүстік жарты шардағы жер бетімен 
қозғалатын барлық денелер оңға, ал оңтүстік жарты шардағы де-
нелер солға бұрылады. Əсіресе, бұл қозғалыстар желдер мен беткі 
ағыстардан айқын байқалады.
Экватор бойында Кориолис күші əлсіз, керісінше полюстерге 


100
қарай күшейеді. Кориолис күшінің ықпалын есепке алу, əсіресе 
желдер бағытын анықтауда ерекше маңызды, себебі өте күшті да-
уылдар туғызатын тропиктік циклондар қозғалысын білудің қашанда 
маңызы зор. 
Сондай ақ Кориолис күші əсерінен өзен аңғарларының ассим-
метриясы пайда болады, Солтүстік жарты шардағы өзендердің оң 
жағалауы тез шайылады, ал оңтүстік жарты шарда сол жағалауы тез 
шайылатын болып келеді.
Жердің білігі, полюстер мен экватор сызықтары географиялық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет