Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Экватор – Жер полюстері арқылы өтетін айналу білігін перпен- дикуляр жазықтықпен қиып өтетін шеңбер, ол



Pdf көрінісі
бет75/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Экватор – Жер полюстері арқылы өтетін айналу білігін перпен-
дикуляр жазықтықпен қиып өтетін шеңбер, ол жер бетін Солтүстік 
жəне Оңтүстік екі жарты шарға бөліп жатыр. Экватордың жалпы 
ұзындығы — 40 075 704 км-ге тең. Экваторға параллель орналасқан 
батыстан шығысқа қарай орналасқан шеңберлер – параллель деп 
аталады. 
Параллельдер экватордан солтүстікке жəне оңтүстікке қарай 
біртіндеп қысқарып, полюстерде нүктеге айналады. Соған сəйкес 
параллельдер бойындағы нүктелердің сызықтық жылдамдығы эква-
тордан полюске жүрген сайын азайып отырады. 
Жердің өз білігінен айналуы арқылы ойша сызықтар жүргізетін 
болсақ, солтүстік жəне оңтүстік полюстерді жалғастырып жатқан 
сызықтар жүйесі пайда болады. Ол сызықтар – меридиандар деп 
аталады. 
Лондон қаласы маңында орналасқан Гринвич обсерваториясы 
арқылы өтетін меридиан бастапқы меридиан (немесе нөлдік) деп 
аталады (36-сурет). Бастапқы меридиандағы уақыт дүниежүзілік 
уақыт болып танылады. 


98
36-сурет. Жер экваторы мен бастапқы меридиан
Жердің 
өз 
білігінен 
айналуының 
əсерінен 
біздің 
ғаламшарымыздың параллельдер бойымен орналасқан кез келген 
нүктесінде уақыт айырмашылығы қалыптасады.
Жер тəуліктік айналымы кезінде өз білігінен бір тəулікте 
айналып шығады. Қозғалыс барысында өзінің кеңістіктегі орнын 
барынша сақтайды. Солтүстік полюстен қараған кезде Жер шары 
сағат тіліне қарсы бағытта қозғалады (таң шығыстан атып, батыстан 
батады). 
Жердің өз білігінен айналу периодына кеткен уақыт – тəулік деп 
аталады. Тəулік – жұлдыздық тəулік жəне күн тəулігі деп бөлінеді. 
Күн тəулігі Жердің меридиан бойындағы кез келген нүктесінің Күннің 
орталық бөлігінен айналып өтуіне кеткен уақытпен есептеледі. 
Жұлдыздық жəне Күн тəуліктерінің арасында соншалықты үлкен 
айырма жоқ. 
Əрбір тəуліктің басы түн ортасы ауған кезде барлық меридиан 
бойымен басталады. Сондықтан Жердің беткі бөлігі бастапқы ме-
ридианнан бастап, əрбір 15
о 
арқылы 24 сағаттық белдеуге бөлінеді. 
Əрбір белдеулік уақыт жергілікті жер арқылы өтетін орта 
меридиандағы уақыт көрсеткішімен анықталады. Көршілес сағаттық 
белдеудегі уақыт бір-бірінен егер ол батысқа қарай болса бір сағат 
кем, егер де шығысқа қарай болса бір сағат алға айырмашылық жа-
сайды. 
Егер Гринвичтен шығысқа қарай 90
о 
бойлықта кеш болса, ал 
Гринвичтен батысқа қарай 90
о 
бойлық бойында таң атады. Жердің 
пішінінің шар тəрізді болуы, оның бір меридиан бойында орналасқан 
кез келген бөлігінде, тəулік ішіндегі уақыт көрсеткішінің бірдей бо-
луына себепші болады. 
Осы көрсеткіш – жергілікті уақыт деп аталады. Бойлық бо-


99
йынша жергілікті уақыт батысқа жəне шығысқа қарай жүрген сайын 
бірнеше сағатқа ауысып кетеді. Бұл елдер арасындағы байланысты 
қиындатады. Сондықтан халықаралық келісім бойынша 1884 жылы 
белдеулік уақыт белгіленіп, сағаттық белдеу жəне сағаттық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет