120
6-кесте.
Жер қыртысының химиялық құрамы
№
Химиялық элементтер
Үлесі,%
1.
Оттегі
46
2.
Кремний
28
3.
Алюминий
8
4.
Темір
5
5.
Кальций
3,6
6.
Натрий
2,8
7.
Калий
2,6
8.
Магний
2
9.
Басқалары
2
Тектоника ғылымында ұзақ
уақыт бойы жер қыртысының
«платформалық-геосинклинальдық» дамуы жайлы тұжырымдама
басым болып келді. Бұл тұжырымдама бойынша,
материктік
жер қыртысы салыстырмалы түрде тұрақты бөліктерге –
платформаларға жəне қозғалмалы бөліктерге –
геосинклиналдарға
жіктеледі. Жер қыртысының үздіксіз дамуы нəтижесінде геосинкли-
налдар платформаларға айналады, бұл процесс екі кезеңде жүзеге
асады.
Ұзаққа созылған
алғашқы кезеңде қатты майысып, су басқан жер
қыртысының ойпаңдарында қалыңдығы 15-20 км жететін шөгінді
жыныстар жиналады. Салмақ күшінің артуына байланысты Жердің
ішкі қойнауындағы күштер арасалмағы өзгереді.
Соның нəтижесінде геосинклиналдарда
жер сілкінулер, жанар-
тау атқылаулары күшейіп, қатпарлану жүреді. Осылайша биік тау-
лар түзіледі. Ал неғұрлым қысқа уақытты қамтитын
екінші кезеңде
түзілген тау жүйелері сыртқы күштердің əсерінен үгіліп, аласарады.
Бұл процесс көбінесе материктер аумағында жүзеге
асатындықтан, «платформалық-геосинклинальдық»
дамуы жай-
лы тұжырымдама литосфераның жалпы даму заңдылығын жете
түсіндіре алмайды. Дегенмен бұл тұжырымдама жер қыртысының
дамуы туралы басқа теорияларға қайшы келмейді, керісінше, олар-
ды нақты ғылыми мəліметтермен толықтырады.
Соңғы кезде ғалымдар арасында
қолдау тапқан екінші бір
ғылыми тұжырымдама –
литосфералық тақталар қозғалысы
деп аталады. Бұл теория бойынша,
литосфера бір-бірінен терең
тектоникалық жарықтар –
рифттер арқылы бөлініп жатқан тақталар
121
жиынтығынан құралған. Рифттер құрлықта да (Шығыс Африка, Бай-
кал рифті) таралады.
Басым көпшілігі Дүниежүзілік мұхит табанындағы суасты орта
жоталарына сəйкес келеді. Литосфералық тақталар құрылымына
қарай
материктік жəне
мұхиттық болып бөлінеді. Олар астенос-
фера бетімен жылына орташа 2-6 см жылдамдықпен қозғалады.
Литосфералық тақталардың қозғалысы геологиялық уақыт
аралығында материктер мен мұхиттардың
пішіні мен аумағының
өзгеріп отырғандығынан айқын көрінеді. Оған жер қыртысының
даму тарихында түзілген материктер (Пангея, Лавразия,
Гондвана
жəне т.б.) мен мұхиттар дəлел болады (
44-сурет).
а
ə
б
Достарыңызбен бөлісу: