244
теу керек. Бұл үшін əрбір генотип типі бойынша сұрыптаудан кейінгі
дарабастар санын сұрыптауға дейінгі дарабастар санына бөлу керек:
λ
АА
= 2448 : 2880 = 0,85;
λ
Аа
= 2726 : 3840 = 0,71;
λ
аа
= 678 : 1280 = 0,53.
Рецессивті генотиптің шығыны (-602) гетерозиготалы генотип-
тен (-1114) анағұрлым аз болғанымен, оның сақталу дəрежесі
төмен
екеніне назар аудару керек (
26-кесте).
26-кесте
Популяция генотиптерінің бейімділігін есептеу
Генотип Барлығы
АА
Аа
аа
Популяцияның
саны
Nxp
2
Nx2pq
Nxq
2
Сұрыптауға
дейін
8000х0,6
2
=
=2880
8000х2х0,6х0,4=
=3840
8000х0,4
2
=
=1280
8000
Сұрыптаудан
кейін
2448
2726
678
5852
Шығын -432
-1114
-602
-2148
Сақталуы λ
0,85
0,17
0,53
0,73
Кез келген табиғи популяциядағы дарабастардың өлімге ду-
шар болуы əр кезде əртүрлі. Мысалы,
қуаңшылық кезінде өлімге
душар болған ақ бөкеннің саны əдеттегі жағдайдағыдан асып
түседі. Генотиптің бейімділігін сипаттау үшін əрбір генотиптің
сақталу дəрежесін (λ) сақталуы ең жоғары деген генотиптің сақталу
дəрежесіне бөледі.
Біздің мысалымызда
W
AA
= 0,85 / 0,85 =1,00;
W
Aa
= 0,71 /0,85 = 0,83;
W
aa
= 0,53 / 0,85 = 0,62.
Салыстырмалы бейімділіктің мəні сұрыптаудың бағытын, демек
ген жиілігінің өзгеру жолын көрсетеді. Дегенмен ол популяцияның
динамикасын
сипаттай алмайды, өйткені ол салыстырмалы мəн,
сондықтан оның мəні арқылы популяция санының көбеюі неме-
се азаюы туралы ештеңе айтуға болмайды. Өлімі ең аз генотиптің
бейімділігі 1-ге тең екеніне назар аударыңыздар,
бірақ бұл осы
генотип өлімге душар болмайды дегенді білдірмейді. Ол тек
AA
245
генотипінің басқа генотиптерге қарағанда өлімге сирек душар бола-
тынын көрсетеді.
Белгілі бір аллельдің өзінің баламалы аллелінен селекциялық
артықшылығын пайыз арқылы немесе сұрыптау коэффициенті (s)
түрінде кескіндеуге болады. Сұрыптау коэффициентінің сандық
мəнін альтернативті аллельдің
салыстырмалы жиілігі арқылы
анықтайды. Оның мəні 0-ден 1-ге дейін өзгереді:
s=1-
W
Біздің мысалымызда:
s
AA
=1-W
AA
=1-1=0;
s
Aa
=1-W
Aa
=1-0,83=0,17;
жəне s
aa
=1-W
aa
=1-0,62=0,38
Мутация немесе миграция нəтижесінде пайда болған жаңа
аллельдің (
а) жиілігі алғашқы кезде төмен болады. Оның бастапқы
аллельге (
А) қарағанда қандай да бір селекциялық артықшылығы
пайда болуынан бастап сұрыптаудың əсерінен
жаңа аллельдің жиілігі
арта түседі, А-аллелінің жиілігі кеми түседі. Тіпті популяцияның А
аллелі а аллельге толық ауысуы да мүмкін.
Аллель жиілігінің өзгеру жылдамдығы
S
-ның мəніне тура про-
порционалды, яғни сұрыптау коэффициентінің жоғары мəнінде
жаңа аллельдің
жиілігінің артуы тезірек өтеді, ал төмен сұрыптау
коэффициентінде мұндай өзгеріс баяу жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: