253
Аутосомалар – жыныс хромосомаларынан (Х жəне У) басқалары осы-
лайша аутосомалар деп аталады.
Ахандроплазия – аутосомалық-доминатты ауру. Сүйек жүйесінің
ақауы
(өспеуі жəне қисық болуы).
Бактериофаг – бактерияда тіршілік ететін вирус.
Бивалент – диплоидты организмнің мейоздық бөлінуі кезіндегі
конъюгацияланушы екі гомологтық хромосомалар. Қалыпты жағдайда
биваленттердің саны хромосомалардың гаплоидты жиынтығы санына тең
болады. Мысалы: адамда 2n=46, n=23, демек 23 бивалент түзеді.
Биометрия – математика əдістерінің биологияда қолданылуы. Популя-
цияны сипаттауда жиі қолданылады.
Биотип – генотиптері бірдей дарабастардың жиынтығы.
Брахидактилия – аяқ-қол саусақтарының қысқа болуы. Аутосомалық-
доминатты тұқым қуалайтын ауру.
Будан – генетикалық өзгеше ата-аналар
формаларын шағылыстыру
нəтижесінде алынатын дарабас.
Будандастыру – бір немесе бірнеше белгілері, аллельдері мен гендері,
хромосомаларының құрылысы бойынша өзгеше өсімдіктерді немесе жану-
арларды шағылыстыру.
Вариация – дарабастар арасындағы
немесе олардың сандық, сапа лық
белгілері арасындағы өзгешеліктердің (айырмашылықтардың) көрінуі.
Варината – вариацияланатын белгінің жеке мағынасы.
Вариациялық қатар – зерттелетін белгінің мəндеріне сəйкес кластарға
үлестірімі. Белгінің сипаттамаларын анықтау үшін құрастырылады.
Вирус – нуклеин қышқылдары мен (ДНҚ немесе РНҚ) белоктардан
тұратын жəне жасуша қожасының ішінде көбейетін инфекциялы ағза.
Достарыңызбен бөлісу: