Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет118/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   205
Акмеология

230
231
кеңістігінде шығармашылық өзін қайта құрудың кеңістігі ретінде 
болады. 
Тұлғалық-кəсіби қалыптасуға біршама ауқымды факторлар 
əсер етеді: оқу-тəрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері, 
студенттер құрамының əлеуметтік-демографиялық сипаттамасы, 
əлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, студенттік топтың ерекшеліктері, 
мəдени, саяси жəне кəсіби ақпараттың қайнар көздері, тұлғаның 
ерекшеліктері жəне т.б. 
Болашақ кəсіби іс-əрекетпен байланысты мақсаттарды қою ұзақ 
мерзімге ынталандыруды туындатады. Осы кезеңде жас адам өзіндік 
өмірі үшін жауапкершілікке ие бола бастайды, сонымен бірге өзін-
өзі анықтаудың, «өзін іздеудің», өзіндік өмір сүруінің мəнін табудың 
жеделдетілген үдерісі жалғасады (И.С. Кон). Бұл адамның өмірлік 
əлемін қалыптастыру сатысы, бұл кезеңде адам өзінің мүмкіндіктерін 
жүзеге асыруға қабілетті болады, бұл өз кезегінде тұлғаның өзіндік 
əлеуетін дербес жүзеге асыру үшін өзін-өзі ұйымдастырудың 
деңгейін қамтамасыз етеді (Э.В. Галажинский).
Тұлғалық-кəсіби қалыптасудың ерекшеліктері, сипаты, дең-
гейлері жоғарыда көрсетілгендей, құндылықтар мен мəндер сияқты 
психологиялық жаңа құрылымдармен қамтамасыз етіледі, оларға 
тұлғаның өзін аса толық жүзеге асыруы үшін өмірлік ортаны таңдау 
тікелей тəуелді болады.
Даму бұл жолды тұлғаның белсенділігі салдарында өтеді, ол 
жол барлық өзгерістерді ішкі тазалау, сана мен сезімдер арқылы 
өткізеді, сонымен бірге, оларды кəсіби қалыптасу барысында өзіндік 
практикалық тəжірибе арқылы байланыстырады. Бұл жағдайда 
адамның белсенділігі мағынамен толықтырылады жəне «адамның 
іс-əрекетінің пəндік сипатын ескеріп сипатталады» (К.А. Абульха-
нова-Славская). 
Кəсіби өзін-өзі анықтау құрастырылған мəселелердің бірі болып 
табылады, ол мəселе ересек мектеп жасында жүзеге асырылатын 
кəсіпті таңдау ретінде немесе тұлғаның біртұтас өзін-өзі анықтау 
формасы ретінде түсіндіріледі. Кəсіби өзін-өзі анықтау, көп жағдай-
да кəсіпті таңдаумен байланысты қарастырылады. Е.М. Борисова-
ның пікірі бойынша, кəсіби өзін-өзі анықтау – бұл «тұлғаның өзінің 
қабілеттерін дара-психологиялық ерекшеліктерін аса толыққанды 
қолдану негізінде, кəсіби іс-əрекеттегі даму үдерісі» болып санала-
ды. Ол белсенді еңбек іс-əрекетінің барлық кезеңін қамтиды». 
Өзін-өзі анықтау мəселесін түсіндіруге В.И.Слободчиков үлкен 
үлес қосты, ол өзін-өзі анықтау үдерісін ішкі рефлексияның пайда 
болуымен, дамудағы дағдарыстармен, адамның өзіндік болмысы-
мен, адамның «өмір сүруінің өзіндік тəсілін анықтауда жəне жүзеге 
асыруда шынайы авторлықтың қалыптасуымен» байланыстырады. 
Тұлғалық өзін-өзі анықтау үдерісін зерттей отырып,
М.Р. Гинзбург тұлғаның өмірлік өрісін айқындайды, оның аясында 
өмірлік жəне кəсіби өзін-өзі анықтау «шынайы əрекет етудің – 
өткенді, қазіргіні жəне болашақты қамтитын өзекті жəне əлеуетті 
əрекет етудің кеңістігін, мəндерін жəне дара құндылықтардың 
жиынтығы» ретінде түсіндіріледі». Автор құндылықты-мағыналық 
жəне кеңістіктік-уақыттық табиғаты бар өзін-өзі анықтаудың екі 
жоспарлылығын анықтайды. 
А.К. Маркова адамды кəсібилендіру үдерісі мен əлеу-
меттендірудің арақатынасы мен өзара əрекеттестігіне талдау 
жасады, өзара негізделген, өмірлік жəне кəсіби оқиғалар мен жаңа 
құрылымдардың күрделі сипатын көрсетті. Соған байланысты, 
автор кəсібиліктің «тұлғалық құзыреттілік» – тұлғаның бұзылуына 
қарсы тұрудың құралдарын, тұлғалық өзін-өзі көрсету мен өзін-өзі 
дамыту тəсілдерін меңгеру» сияқты өлшемі туралы пікір білдіреді. 
Өзін-өзі анықтаудың алуан түрлерінің – тұлғалық, əлеуметтік, кəсіби 
түрлерінің өзара əрекеттестігі туралы мынадай ой түйеді: «Кей 
жағдайда олар бір-бірінің алдында болады, мысалы, тұлғалық өзін-
өзі анықтау, кəсіби өзін-өзі анықтаудың алдында болуы жəне оған 
ықпал етуі мүмкін, көп жағдайда олар себеп жəне салдар ретінде 
орындарын алмастырып, бір мезгілде жүзеге асады». 
Тұлғалық-кəсіби өзін-өзі анықтауды психологиялық жүйелер 
теориясы тұрғысында ұсына отырып, жүйенің ашықтық-жабықтық 
дəрежесін түсіну маңызды, бұл оның тұрақтылығын жəне 
қозғалмалығын, «шектен» шығудың жеңілдігін немесе қиындығын, 
мінез-құлық таптаурындарының жəне жаңа нормаларды құрудың 
ерекшеліктерін негіздейді. 
Жалпы жүйелі реттегі құбылыс, яғни жүйенің өмір сүру 
мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайлардың қатарына енетін 
құбылыс ретінде, тұлғалық-кəсіби қалыптасу əртүрлі аспектілерде 
көрініс табады, ол тұлғаның сапасы, ерекше қажеттілігі, іс-əрекет, 
үдеріс ретінде зерттелуі мүмкін, алайда оның астарында адамның 
ашық, өзін-өзі ұйымдастырушы психологиялық жүйе ретіндегі 
бастапқы қасиеті болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет