248
249
дамыған антиципация, өзін-өзі реттеудің жоғары деңгейі, шешім қа-
былдау шеберлігі, тұрақты бейнелі сала (Деркач А. А., Зазыкин В.Г.,
Маркова А. К.).
Акмеологиялық
зерттеулерде
тұлғаның
модальдығының
көрінісі ретінде, субъектінің өзінің кəсіби-мəртебелі қатыстылығын
ұғынуы алынатыны ерекше көрсетіледі. Авторлар акмеологиялық
тұғырдың акмеологиялық білімнің тұлғаның «шыңдағы» күйінің
жобалығымен, оңтайлы күйге жету үшін қажетті критерийлер,
жағдайлар, факторлардың белгілі болуы, қатаңдығы арасындағы
негізгі қарама-қайшылықты ашуға жəне шешуге мүмкіндік береді,
ол əрбір нақты субъектіде, оның іс-əрекетінің ерекшеліктерімен
жəне тұлғаның резервтерімен анықталады.
Табысты мансап құру үшін адамға қажетті сапалар тұлғалық
сипаттамалардың кең тізімі жатады, оларды құрылымдау төмендегі
жетекші компоненттерді айқындауға мүмкіндік береді: креативтілік
жəне жетістік мотивациясы, резервтік компонент ретінде тұлғаның
коммуникативті қабілеттері жəне іскерлік белсенділігі алынады.
Егер зерттеу жұмыстарындағы табыс бірқатар объективті күй
ретінде қарастырылатын болса, онда оның субъективті деңгейдегі
проекциясын белгілеу үшін «жетістік» ұғымы қолданылады.
«Жетістік» ұғымы субъектіге жəне оның жүзеге асыратын іс-
əрекетіне де қатысты болуы мүмкін.
Адамның интегралды сипаттамасы бола отырып, жетістіктің
бірдеңгейлі психикалық құбылыс болып табылмайтыны анықталған.
Жетістіктің өлшемдері іс-əрекеттің нақты саласына қатысты белгілі
өзгешелікке ие болады. Жетістіктің кəсіп жəне кəсіпқой тұлғасының
қалыптасатын ұғымдары, адамның болашақ кəсіпқой ретіндегі
ұғымдары, ықтимал кəсіби болашақ туралы ұғымдары сияқты
өзара негізделген компоненттері айқындалады. А. К. Маркованың
тұжырымдарына сəйкес, кəсіби іс-əрекетте жетістікке жету үшін
оған субъектінің қандай мағына қосатыны, қандай құндылық
бағдарларға сүйенетіні, аталған іс-əрекетпен не үшін айналысатыны,
өзінің еңбегіне қандай ішкі ресурстарды қосатыны маңызды болып
табылады.
Психологтардың пікірлері бойынша (К. А. Абульханова-
Славская, Б. Г. Ананьев, Л. Н. Анцыферова, Е. А. Климов жəне т.б.),
кəсіби жетістікке жетуді анықтайтын маңызды детерминанттар
ретінде еңбек субъектісінің тұлғалық сипаттамалары алынады.
Тұлғаның жетістігінің тұлғалық детерминаттары ретінде анық-
талатындар: өзіндік сананың, рефлексияның даму деңгейі; тұлғаның
дара-психологиялық ерекшеліктері; оның аффектілі-ерікті саласын,
танымдық қабілеттерін, қалауларын дамыту деңгейі; жетістік
мотивациясы; бақылаудың интерналды локусы; құндылық бағдарлар
жүйесі; коммуникативті дағдылар жəне т.б. (Шевченко Н. Г.). Көп
жағдайда олар нақты кəсіби ортадағы жетістіктің өзгешелігін
көрсетеді.
Эксперименттік психологияның тұғырларына сəйкес, айқын-
далған тұлғалық сипаттамалардың – жетістік мотивациясы, ком-
муникативті толеранттылық, қарым-қатынасқа түсу қабілеті,
креативтілік, іскерлік белсенділіктің – тұлғаның кəсіби жетістігінің
детерминанттары болып табылатынын атауға болады.
Мамандардың жоғары кəсібилігі жəне шығармашылық шебер-
лігі – өзекті жаһандық-дағдарыстық мəселелерді оңтайлы шешудің
факторы болып саналатын маңызды адамзат ресурстарының бірі
болып табылады.
Акмеология кəсіби іс-əрекеттің барлық мүмкін болар түрлерін
оңтайлы жүзеге асырудың акме-формасы ретінде, кəсібилікті жəне
шығармашылықты дамытудың заңдылықтары мен технологияларын
зерттейді.
Акме-формаларды, жетістікті жəне шығармашылық кəсіби
шеберлікті зерттеу жəне талдау, кəсібилікті дамытудың оңтайлы
технологияларын құрастыру мақсатында, акмеология философия,
əлеуметтану, психология, физиология, генетика жəне педагогика
сияқты адам туралы ғылымдардың жетістіктерін біріктіріп, əртүрлі
мамандардың кəсіби іс-əрекетті жүзеге асыруының тəсілдеріне
жəне үдерістеріне кешенді зерттеу жүргізеді. Өзінің онтологиялық
анықтамасын акмеология адамның өмір сүру əрекетіндегі
акме-формалардың феноменологиясын, оның кəсіпқой ретінде
қалыптасуын, кəсіби іс-əрекетті психологиялық шығармашылық
жəне əлеуметтік жетістікпен жүзеге асыруды анықтау, талдауға
жинақтау салдарында ие болады.
Кəсібиліктің жəне шығармашылықтың шыңдарына жетудің
заңдылықтары мен тəсілдері туралы психологиялық-акмеологиялық
зерттеулердің нəтижесінде алынған ғылыми білім, өзінің əлеуметтік-
мəдени табиғаты бойынша интегративті жəне əдіснамалық мəні
бойынша жүйе құраушы онтологиялық атрибутты білдіреді, яғни
|