Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет123/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   205
Акмеология

240
241
ғылым ретінде, келесі категорияларды айқындайды: шығармашылық 
даралық, өзін-өзі дамыту жəне өзін-өзі жетілдіру үдерісі, креативті 
тəжірибе өзін-өзі маңызды етудің нəтижесі ретінде. Акмеологияның 
бұл категориялары инновациялық педагогиканың базистік негіздерін 
құрайды. 
Оның негізгі категориялық бағыттарын қысқаша сипаттаймыз.
Болашақ маманның инновациялық іс-əрекетін тұлғалық кате-
гория ретінде, қайта жасаушы үдеріс жəне шығармашылық іс-
əрекеттің нəтижесі ретінде түсіндіруге болады. Бұл көзқарастар 
жүйесін іс-əрекеттің осы түрін акмеология аясында біртұтас 
зерттеуді құрылымдауға мүмкіндік береді. 
Инновациялық іс-əрекет креативті парадигманың тұлғалық, 
реттеуші-коммуникативті жəне нəтижелі жүйелерін талдауда аса 
айқын жəне кəсіби тұрғыда ашылады. Осы тұрғыда Б. Ф. Ломов бы-
лай деп көрсетеді: «Психикалық құбылыстар жүйесі – көпдеңгейлі, 
ол иерархиялық тұрғыда құрылады. Ол алуан түрлі функционалды 
сапаларға ие болған бірқатар жүйелерді қамтиды. Тығыз өзара 
байланысты, үш негізгі жүйені айқындауға болады: когнитивті, 
онда таным функциясы жүзеге асырылады; реттеуші, ол іс-əрекет 
пен мінез-құлықты реттеуді қамтамасыз етеді; коммуникативті, ол 
адамның басқа адамдармен қарым-қатынас үдерісінде қалыптасады 
жəне жүзеге асырылады...». 
Жаңашыл-педагог педагогикалық іс-əрекетті жүзеге асыра 
отырып, міндетті түрде креативті үдеріске енеді, ол креативті 
нəтижеде өзекті болады. Бұл нəтиже тек материалды жəне рухани 
құндылықтарда ғана емес, сонымен бірге, субъективті жəне объективті 
жаңа өнімді құру барысында, тұлғалық қайта құруда көрініс табады. 
Осыған сүйеніп, инновациялық іс-əрекеттің үшдеңгейлі құрылым-
ды құрайтынын болжауға болады, онда негіз ретінде рефлексия 
– тұлғаның өзіндік ізденістік-шығармашылық іс-əрекетін ұғынуы; 
креативті-қайта құрушы іс-əрекет пен шығармашылық алынады. 
Инновациялық іс-əрекеттің құрылымын рефлексиялау үшін 
шығармашылықтың жəне кəсібиліктің арақатынасын қарастыру-
дың үлкен мəні болады. Кəсібиліктің жасырын қарама-қайшылығы 
болады. Бір жағынан, педагог кəсібін басқалардан айрықшалайтын 
дифференциалды белгілер, талаптар жүйесіне əкеледі, оларды 
сақтамау адамды кəсібилік имиджінен айырады. Екінші жағынан, 
міндеттердің күрделілік деңгейі жоғары болған сайын, оның 
шеберліктің акмеологиялық сипаттамасына жақын болса, онда 
инновациялық көрініс, нормаларды жеңуге деген ұмтылыс, «жалпы 
қабылданған» нормалармен сəйкес емес, жұмыстың өнімдері мен 
тəсілдерін құру жиі болады. Инновациялық ұмтылыс қалыпты 
нормаларға сыймайтын, шығармашылық өзін-өзі көрсетуге əкеледі. 
Жаңашыл-жасампаз педагогтің жетістіктерінің шыңы жақын болса, 
онда ол «нормаларды сақтамаудың» көп санын көрсетеді жəне осы 
«шеттетуге» басқа педагогтардың көпшілігін тартады. 
Қалыптасқан таптаурындардың, нормалар мен бағдарлардың 
шекарасынан шығу, білімгерлермен өзара əрекеттесу тəжірибесінде 
тəжірибеден өтеді. Жалпы қабылданған нормалардың шекарасынан 
тыс, «негізгі бағыттан ауытқуды» қабылдаудың өлшемі ретінде, 
алдымен оқу-тəрбие үдерісінің нəтижелілігі алынады. 
Бастапқыда салыстыру, рефлексия аталған бейінге, педа-
гогикалық кəсіпке тəн өзгеше өлшемдерге сүйенеді. Алайда, аса 
жетілдірілген өзін-өзі реттеу, кəсіптің шекарасынан шығады, 
маманның дара жəне тұлғалық сапаларымен қатар, интеллектуалды 
жəне рухани-құндылықты мəдени өлшемдер енгізілгенде, жалпы 
мəдени құралдар мен тəсілдерді тартады. 
Педагогтің 
кəсіби 
іс-əрекеттегі 
даралығын 
көрсетудің 
формаларына тоқталу қажет. Жас ерекшелік психикалық даму
əдебиеттерде көрсетілгендей, адамның ересектену шамасына 
қарай дараландырумен сипатталады. Дараландыру дамудың өзгеше
формасы ретінде талқыланады. Педагогті педагогикалық еңбектегі 
дараландыру үдерісінің алуан түрлі көріністері болуы мүмкін: 
– дара айырмашылықтар кəсіби мінез-құлықта жəне іс-əрекетте 
ұқсас болмаудың үзінділі немесе эпизодты көріністері ретінде;
– дара стиль кəсіби іс-əрекетте тұрақты, ұзақ уақыт бойында 
сақталатын айырмашылықтар ретінде, кəсіби іс-əрекеттің тəсілдері 
мен міндеттерінің дара үйлесімі;
– даралық педагогтің еңбектегі тұлғасының қайталанбастығы 
мен бірегейлігінің көрінісі ретінде, дара кəсіби дүниетаным, кей-
де тұлғаның еңбектегі кəсіби типінің дара варианты. Егер дара 
айырмашылықтар тұлғаның саласын тұрақты қамтитын болса, онда 
бұл даралықтың болуын білдіреді. 
Дара айырмашылықтар педагогикалық іс-əрекеттің барлық 
компоненттерінде көрініс беруі мүмкін. Дара айырмашылықтардың 
қалыптасуы, педагогтің педагогикалық ортаға енуі, интеграциясы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет