Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет125/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   205
Акмеология

244
245
• тұлғаның өзін-өзі дамытуының жəне оның жасампаз ретінде 
қалыптасуының динамикасы жəне үздіксіздігі;
• тұлғаның өзін-өзі танытуы жəне өзіндік құзыреттілігін ұғынуы;
• жасампаздықты өзіндік жүзеге асыру жəне тұлғалық, əлеумет-
тік аспектілерде өзіндік маңыздылығын ұғыну. 
Педагогтің шығармашылық даралығын қалыптастыру – бұл 
тұлғаның қайта құруының жəне өзін-өзі дамытуының динамикалық, 
инновациялық үдерісі. Шығармашылық даралықтың өзегі ретінде, 
тұлғаның өзін басқалармен салыстыруда, өзінің қайталанбастығын 
ұғынуды білдіретін тиімді өзіндік сана алынады. 
Өзгерістер мен дамудың ұзақ жолында, тұлғалық механизмдер 
акмеологиялық маңызды кезең басталмастан бұрын пайда болады. 
Мұнда адамның болашаққа жəне қазіргіге қатынасының, оның 
зерттеу белсенділігінің маңызды мəні болады. Көп жағдайда біз 
таңдау алдында боламыз: бұрынғыдай əрекет етуді жалғастыру 
немесе қозғалыстың траекториясын өзгерту, жаңа мінез-құлықты 
құру. Жаңаның мəні, адамның өзінің мінез-құлқының бөлігінен 
оқшаулануда, оны өзгертуге келісім беруде ашылады. Жаңа логикада 
тұлғаның өзімен-өзі сəйкестік үйлесімі жəне оны жеңу жетекші 
орын алады. Мінез-құлықтың тұлғалық типі, субъектілі мінез-
құлық қабілетіне сүйенеді жəне əрекеттегі қиындықтарға басқаша 
қатынаспен байланысты, одан асып түседі. Егер педагог норманы 
қабылдауға, оны мұқият түсінуге, жүзеге асыру тəсілін құруға, 
рефлексияны мінез-құлықты түзету тəсілін табу үшін қолдануға 
бейім болса, нормадан ауытқу пайда болса, онда тұлғаның 
проблематизацияға, іс-əрекеттің аса жетілдірілген формалары 
мен əдістерін табуға, мазмұнды мұқият түсінуге бейім болатынын 
болжауға болады. Басқаша айтқанда, педагог əлеуметтік маңызды 
тəжірибеге жəне педагогикалық мұраға қарама-қарсы қойылмайды, 
ол оған сүйенеді, алайда бұл тəжірибені аяқталмаған деп санайды. 
Сондықтан инновациялық мінез-құлықтың негізінде, педа-
гогикалық тəжірибе жағдайында жүзеге асырылатын идеал мен 
жетілдірудің құндылықтары болады. Мұндай мінез-құлық қарым-
қатынаста, оқытуда, өзін-өзі анықтауда, рефлексивті үдерістерде 
көрініс табады. 
Іс-əрекет пен норманың өзгеруіне бағдарлануда, педагог жаңа-
дағы шығармашылық қажеттілікке сүйенеді. Алайда, бұл қажеттілік 
тұрақсыз инновациялықпен, жаңа мазмұнды үнемі енгізумен 
шектелуі мүмкін. 
Тұлғалық тип нормаларды, əдістемелік ұсыныстарды түр-
лендіруден басталады, бұл педагогтің шығармашылық қабі-
леттерін талап етеді. Тұлға нормаларды жəне өзінің қабілеттерін 
алмастыру нəтижесінде ашылатын жаңа мүмкіндіктерді көрсетуді 
бастайды. Ол жаңа проблематизацияға, инновациялық үдерістегі 
жаңа мүмкіндіктерге жедел өтеді. Жаңа мүмкіндіктердің ашылуы, 
педагогтің 
алдына 
педагогикалық 
ортада 
жаңашылдықты 
қабылдауды қолжетімді ететін қажеттілікті қояды. Жаңашылдықты 
енгізудің өзі педагогикалық тəжірибенің жəне педагогтің өзін-өзі 
жүзеге асыруын ілгері дамытудың мүмкіндігін құрайды. Алайда, 
білімгерлерді дамыту үшін инновацияның салдарын есепке алмай, 
педагогтің өзін-өзі танытуы жалған-педагогикалық жаңашылдықтың 
көрінісі болуы мүмкін. 
Педагогтің инновациялық іс-əрекетінде, жаңашылдыққа, тəуе-
келге, жұмыстың аса жетілдірілген тəсілдеріне деген қажеттілік 
басым болады. Ізденіске тірек жасау, қажеттіліктің өзіндік қоз-
ғалысымен, нəтижеге қанағаттанбаушылықпен анықталған. Тəуекел 
ізденіс аймағының белгісіздігі мен қауіптілігі дəрежесін алдын ала 
болжауға деген ізденістік бағыттылықты күшейтеді. 
Креативті тұлғаның мотивациясы, біршама дəрежеде тұл-
ғаның өзінің шектеулі мүмкіндіктеріне жетуге жəне тексеруге, 
шығармашылық даралықты дамытуға негізделген тəуекел 
үрдістерінде көрініс табады. Кедергімен кездесуде жəне рефлексияға 
шығуда, педагог жағдаятты қайта құруға бейім болып қоймайды, 
сонымен бірге жаңашылдыққа деген қажеттіліктің ынталандырушы 
əсерінде, мүмкін болар өзгерістерді қарастыруға бейім болады. 
Басқаша айтқанда, инновациялық іс-əрекетті əлеуметтік-мəдени 
тұрғыда жүзеге асыру жағдайында, тұлға рефлексияның жоғары 
формаларына өтуді жүзеге асырып, өзінің рефлексиясын барынша 
дамытады. Рефлексияның тұлғалық формасында, нормативті көрініс 
инновациялық технологияны жүргізуге мүмкіндік беретін нақты 
(жүзеге асыру үшін) жəне абстрактілі (стратегия) бөлікке бөлінеді. 
Тұжырымдамалы ұғымдар стратегияны құрудың жəне нор-
маның ықтималды жетілмеуін анықтаудың құралы ретінде 
қарастырылатын проблематизация, аса өзгеше буын болып 
табылады. Жаңашылдыққа бағдарланудың өзі, əлеуметтік-мəдени 
құндылықтардың болуы, білімгерлердің алдындағы жауапкершілік, 
сана мен өзіндік сананың барынша дамуын туындатады, бұл өзінің 
қолдануында проблематизация процедурасына шоғырланады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет