264
265
Инновациялық іс-əрекетті жаңарту, тұжырымдау жəне нəтижелі
ұйымдастыруды білім беру мекемесін дамытудың механизмдері
ретінде қамтамасыз ету осы дамуды қамтамасыз етудің маңызды
бағыты болып табылады.
Білім берудегі инновациялық үдеріс білім беру ортасын
ұйымдастыру үдерісі, онда оқыту мен тəрбие мəдениеттанушы
тұғырда қарастырылады, онда педагогтің мəдени құндылықтарға
қатынасы қоғамдық жəне ұлттық сананы дамытудың, сонымен бірге
инновацияларды жүзеге асыратын білім беру мекемесінің маңызды
факторы болады.
Инновациялық үдерістің негізіне жаңаны құрудағы əлеуметтік
негізделген қажеттілік пен оны қанағаттандыруға қажет жағдайлар
мен құралдардың болмауы арасындағы қарама-қайшылық алынады.
Жаңаны бекіту үшін ескінің бөлігінен, дəстүрліден біршама ауытқу
қажет. Осы ескіге сүйеніп жəне педагогикалық құндылықтарға
бағдарланып, педагогтар қалыптасатын білім беру тəжірибесінің
пайдасына таңдау жасайды, мұнда олар «зиян келтірме» принципін
ұстануы керек. Инновациялық іс-əрекеттің кезекті буынында,
маңызды жəне қажеттінің арасындағы келісім басталады, байқалады,
бұрын қабылданған шешімдермен қанағаттанбаушылық пайда
болады, жаңа тұрғыларды талап ететін жаңа мəселе жетіледі.
Инновациялық
іс-əрекетті
ұйымдастырудың
логикасы,
акмеологиялық жəне педагогикалық ғылымда негіздемелі түрде
танылған бірізділік құрылады:
– білім беру жүйесін мəселелік-бағдарлы талдау;
– қаланатын қалыптың тұжырымдамалы жобасын қалыптастыру
(болашақ);
– жаңартылған білім беру жүйесіне өтудің стратегияларын,
негізгі бағыттарын жəне міндеттерін құрастыру;
– жаңартылған жүйеге қозғалыстың мақсаттарын құру;
– қайта құрудың операционалды жоспарын құрастыру (іс-əрекет
жоспары);
– инновациялық даму бағдарламасының сараптамасы (бағалау).
Мəселелік-бағдарлы талдау білім беру жүйесінің дамуын
тежейтін жəне шешуді талап ететін негізгі мəселелерді анық-
тауға бағытталған. Ол үшін білім берудің мақсаттарын жəне
нəтижелерін, білім беру үдерісінің күйін, білім беру əрекетінің
ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайларын зерттеу қажет
болды.
Қаланатын қалыптың (күй) тұжырымдамалы жобасын қа-
лыптастыру келесі сатыларды қамтиды: жаңашылдықты іздеу,
оларды жүзеге асыру, мəселелерді шешуге, білім беру жүйесін
жаңартудың негізіне алынатын негізгі идеяларды құрастыруға
мүмкіндік береді.
Жаңартылған білім беру жүйесіне өтудің стратегиясын құрас-
тыру келесі əрекеттерді қамтиды: басымдылық дəрежесі бойынша
өзгерістерді топтастыру; қайта құруды талап ететін əрбір іс-əрекет
бағытының ұзақтығын бағалау; қайта құруды жүзеге асырудың жал-
пылама кестесін құру; оларды жүзеге асыру мерзімдерін анықтау.
Əрбір бағытқа қатысты нақты, прогностикалық ұсынылған мақсат-
тар құрастырылуы қажет.
Операционалды жоспарлау жаңартудың əрбір бағыты бойын-
ша жүзеге асырылуы жəне келесі əрекеттерді қамтуы керек: нақты
əрекеттердің құрамын анықтау; олардың координациясын жəне
тұтастығын қамтамасыз ету, ресурстық қамтамасыз ету, мақсаттарды
жүзеге асыруды жүйелі бақылау.
Дамудың негізгі ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары
ретінде анықталатындар:
• инновациялық дамытушы ортаны құруға əкелетін инновация-
лық іс-əрекетті мақсатты бағытталған тұрғыда педагогикалық ұйым-
дастыру;
• кəсіби ұжымның инновациялық іс-əрекетке дайындығын қа-
лыптастыру.
Зерттеушілердің инновациялық үдерістерді басқару мəселесі
бойынша ұстанымдарды жинақтап, Т.В. Волченкованың зерттеуіне
сүйеніп, инновациялық іс-əрекетті ұйымдастырудың негізіне
алынатын бірқатар түбегейлі ұстанымдарды анықтауға болады:
болжаудың, жоспарлаудың, оқытушыларды шығармашылық ізденіске
ынталандырудың басымдылығы; жетістікке бағдарлану, жұмысқа
деген шығармашылық тұғырдың тартымдылық ситуациясын құ-
ру; мақсаттарды жүзеге асырудың сатылығы; жаңа енгізулердің
эмоционалды тартымдылық «өрісін» құру; оқытушылардың
орындалатын жұмыстың мəнділігін жеке саналы ұғыну.
Оқытушының инновациялық іс-əрекетке дайындығы көп
жағдайда тұлғаның қажеттілік-мотивациялық саласының күйі-
мен анықталады. Кəсіби ұжымның инновациялық іс-əрекетке
дайындығын қалыптастыру, оқытушылардың аналитикалық жəне
|