252
253
Қарастырылатын тұжырымдамаға сəйкес, рефлексия ойлаудың
стереотиптерін ұғынуды, қайта ұғынуды, сананың жаңа мазмұнын
(креативті-инновациялық) құруға дейінгі, оларды эвристикалық
жеңуді білдіреді. Мұндай типтегі рефлексивті қабілеттер жеке
формада дамиды (шығармашылық тапсырмаларды дербес шешуде),
сонымен бірге диалогты жəне топтық формада дамиды (бірлескен
пікірталастар мен өзара əрекетте). Мұнда рефлексияның алуан
түрлері сараланады: интеллектуалды, тұлғалық, коммуникативті,
кооперативті, экзистенциалды, мəдени. Интеллектуалды – когнитивті
іс-əрекетті қамтиды, тұлғалық – жағдаяттағы жеке мінез-құлықты
қамтиды, коммуникативті – тұлғааралық қарым-қатынасты қамтиды,
кооперативті – бірлескен іс-əрекетті қамтиды, экзистенциалды
– өмірлік өзіндік анықталу мен өмір сүруді қамтиды, мəдени –
мəдениетке енуді жəне оны қайта жасауды қамтиды.
Рефлексия жəне оның типтері туралы жоғарыда көрсетілген
ұғымдарға сүйеніп, басқару саласындағы кəсіпқой үшін,
шығармашылық іс-əрекеттегі жетістігі, оның акме-формасына жету
үшін рефлексияның барлық түрлерін меңгеру ғана емес, сонымен
бірге олардың оңтайлы өзара əрекеттестігін дамыту маңызды. Ол
үшін рефлексивті инновациялық ортаның нəтижесінде аса тиімді
жағдайлар құрылады, онда интенсивті ойын əдістері арқылы
адамның рефлексивті шығармашылық мүмкіндіктері дамиды.
Кəсіби білім беруге акмеологиялық тұғырда ендірудің мəні,
білімгерлердің креативті-шығармашылық əлеуетін өзектілеуге,
зерттеуші жəне қалыптастырушы əсерлердің бағыттылығынан,
олардың кəсіби мотивациясын арттырудан, іс-əрекеттегі жетістік
мотивациясын арттырудан құралады, бұлар өз кезегінде студенттерді
оқытудың жəне тəрбиелеудің, өзіндік тəрбиенің жəне өзіндік
дамудың ілгері, қазіргі заманғы əдістемелерін жəне технологияларын
меңгеруге арналған жағдайларды құруды қамтиды. Педагогтарды
даярлау жүйесіндегі акмеологиялық тұғырды жүзеге асырудың
мақсаты ретінде студенттерге акмеологиялық-педагогикалық
əсер ету алынады, бұл студенттердің кəсібиліктің маңызды
көрсеткіші, тіректі қасиеті ретіндегі акмеологиялық бағыттылығын
қалыптастыру үшін қажет.
Студенттерге білім беруді оқу-шығармашылық іс-əрекет ре-
тінде ұйымдастырудың теориялық тұғырларының арасында,
тұлғалық-əрекеттік тұғырға басым орын беріледі. Ол оқытудың
белсенді формаларын жəне əдістерін қолдануды қамтиды (тұлға-
лық бағдарланған немесе дамытушы технологиялар, оқытудың зерт-
теуші, жобалық-конструкторлық, ойын əдістері, оқытудың дара,
топтық формалары), олар тұлғаның шығармашылық қабілеттерін
жəне қажеттіліктерін «арттыруға», оны өзін-өзі анықтауға, өзін-өзі
маңызды етуге бағдарлауға бағытталған.
Тұлғаның шығармашылық ойлауын белсендіруге, студенттердің
мотивация жəне эмоционалдылық дəрежесін, олардың педагогика-
лық іс-əрекет субъектісі ретіндегі белсенділігін, дербестігін арт-
тыруға мүмкіндік беретін эвристикалық əдістер мен принциптер
біршама ықпал етеді: «миға шабуыл», эвристикалық сұрақтар əдісі,
аналогия əдісі, инверсия əдісі, тапсырманы шешуде басқа деңгейге
өту əдісі, графикалық немесе сызбалық ұсыну əдісі, синектика əдісі
жəне т.б.
Соңғы кезде рефлексивті психологияның жəне шығармашылық
педагогикасының аясында құрастырылатын рефлексияның зерт-
теу əдістері мен білім беру технологиялары (экзистенциалды-
креативті рефлетренинг түрінде, ойын рефлепрактикумы, топтық
рефлепрактикум, рефлетеатрализация, ойын рефлексиясы түрінде)
психотехника, психодрама, психотренинг, ойын техникасы сияқ-
ты белсенді, əлеуметтік-психологиялық əдістердің позитивті
элементтерін біріктіреді жəне конструктивті дамытады.
Топтық белсенді əдістер топтағы креативтілікті арттыру
үшін белгілі жағдайларды құрады, тұлғаның шығармашылық
белсенділігінде қажеттілігін спонтанды ұсынуға ықпал етеді,
нəтижесінде топтық динамикадағы тұлғалық өзін-өзі жүзеге асыру
үдерісін жеделдетеді.
Ойын рефлексиясының құрастырылған дара, диалогты жəне
топтық тəсілдері, білімгерлердің, студенттер мен кəсіпқойлардың
кəсіби-шығармашылық міндеттерді шешуде, сонымен бірге
рефлексияны насихаттауда интенсивті-ойын əдістерін қолдануда,
шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Рефлексивті практикумдардың аясында ұйымдастырылатын
жəне жүзеге асырылатын рефлексивті-инновациялық үдеріс, өмір
сүруде шығармашылық белсенділіктің рөлі, өзіндік дара бейнесі
туралы, адамның ұғымдарын дамыту есебінен, шығармашылық
бірегейлікті көрсетудің саласын кеңейтуге ықпал етеді. Бір мезгілде
тұлғаның акмеологиялық мəдениетінің креативті компоненті жүзеге
асады.
|