Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет131/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   205
Акмеология

256
257
лардың шынайы жаңашылдығының бастауы ретінде болатын бей-
саналыдан туындайды. Ол интеллектуалды ойынның түрі болып 
саналады, адамның өзімен-өзі болуына, фантазиялауына, еркін бо-
луына мүмкіндік береді. Мұндай бірінші креативтілік – бұл əрбір 
адамда болатын мұра, жалпы жəне əмбебап жетістік. Ол барлық дені 
сау балаларда болады, алайда көпшілік адамдар өсе келе, одан айы-
рылады. 
«Екінші креативтілік» ұғымын А. Маслоу шығармашыл 
емес адамдардың көпшілік басқа адамдармен жұмыс істей оты-
рып, ұқыпты, зейінді болып, жаңалықтарды жасай жəне аша ала-
тын ұғымынан шығарды. Автор креативтіліктің аталған түрінің 
ғылымнан шығатынын жəне логикалық, рационалды болатынын 
көрсетеді. 
Сонымен, кəсіби «Меннің» креативті дамуы, əрбір болашақ 
маманның бірегейлігімен жəне өзіндік бейнесімен байланысты 
болады. Аталған үдеріс бір жағынан, оның жоғары білім беру 
жүйесіндегі мақсатты бағыттылығын білдіреді, ал екінші жағынан, 
болашақ кəсіпқойлардың тұлғалық-кəсіби қасиеттерін қайта құруды 
білдіреді. 
О.Д. Никитин креативті дамуды тұлғаның өзінің ішкі əлемін 
қоршаған ортаны бірте-бірте меңгеру ретінде сипаттайды, бұл 
болашақ кəсіби іс-əрекеттегі меңгерілген дағдылар мен құ-
зырлылықтарды қолданудың өзін-өзі тану құралдары болып 
табылатынын атап көрсетеді. 
Болашақ мамандардың креативті дамуының негізгі өлшемдеріне
О.Д. Никитин келесілерді жатқызады: 
• Жаңа тəжірибеге деген ашықтық, кəсіби іс-əрекет саласын-
да жаңа идеялар мен жаңалықтардың жаңа модельдерінің өзара 
əрекетін басшылыққа алу мүмкіндігі. Ашықтықтың туындауы жəне 
қалыптасуы үшін соған сəйкес жағдайларды құру қажет. 
• Шығармашылық əлеуетті көбейту. Шығармашылық ресурс-
тарды белсендіру рөлдік модельдеуді қолдану арқылы жүргізілуі 
мүмкін, бұл болашақ кəсіби іс-əрекетте қолданылатын жұмыс 
дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
• Кез келген кəсіпте аса маңызды болатын шоғырлану қабілеті. 
• Эмпатия. Аталған критерий бірлескен іс-əрекетте позитивті 
өзара қатынастарды құруға ықпал етеді. 
• Оқу үдерісіне енгізілу. Аталған өлшем кəсіби даярлаудың 
əртүрлі сатысында болашақ іс-əрекеттің дағдыларын бекітумен 
байланысты. Мұнда теориялық жəне практикалық материалды 
координациялау үлкен рөл атқарады. 
Болашақ мамандардың кəсіби «Менін» креативті дамыту 
нəтижесінде, субъектілі кеңістікті кеңейту, жауапкершілікті арт-
тыруды қамтитын, тұлғаның кəсіби жəне адамгершілік байытуы 
жүзеге асады; тұлғаның бағыттылығы өзгереді, жетістік мотивтері 
өзектіленеді, өзін-өзі дамыту қажеттілігі артады; іс-əрекеттің дара 
стилі жетілдіріледі, креативтілік пен біліктілік артады. 
Шығармашыл «Меннің» құрылымының сапалық сипаттамасы 
келесі көрсеткіштерді анықтайды: шығармашылық қиял, креативті, 
өзін-өзі маңызды ету, синергия, спонтандық, танымдық қажеттілік, 
эмоционалды тұрақтылық, рефлексия, мазасыздану, экспрессивтілік, 
мінез-құлықтың икемділігі, сезімталдық, интеллект, контактіні қайта 
құру қабілеттері. 
Компонентішілік 
жəне 
компонентаралық 
байланыстар 
шығармашыл «Меннің» құрылымдық ұйымдасуының, деңгейлерінің 
жəне типологиясының интеграциялану дəрежесін анықтайды. 
Шығармашыл 
«Меннің» 
құрылымдық 
ұйымдастырудың 
типіне байланысты, өмірлік маңызды жəне мансаптық бағ-
дарлардың интеграциясындағы мəнді айырмашылықтар құрыл-
ған. Шығармашыл «Мен» теңдестірілген құрылымының тұ-
рақтылығы кəсіби іс-əрекеттің саналы ұғынылуымен анықталады, 
ол құндылықтардың жоғары мəнімен, жоғары адамгершілік 
сезімталдықпен айқындалады. 
Əрекеттік жəне мотивациялық компоненттердің айқын да-
муымен, шығармашыл «Менді» теңдестірілмеген құрылымдық 
ұйымдастыруда жаңаны құруға ұмтылыс, өмірлік нақты 
мақсаттардың болуы, іс-əрекеттегі ішкі қажеттілікті көрсетеді. 
Қазіргі кезде, жоғары оқу орнында студенттердің шығар-
машылығын дамыту мəселесінің ерекше мəні болады. Бұл 
ғылымның барлық салаларының, өндірістің, басқарудың, педагогика 
мен өнердің, шығармашылыққа бейім адамдарға деген сұраныстың 
болуымен байланысты. 
Қазіргі білім беру жүйесі студенттердің тұлғасына қатысты, 
шығармашылық арқылы əлемді тұлғалық көруді қалыптастыруға 
тырысады. Бұл жүйенің күш-қуаты тұлғаны қайта жасауға емес, 
индивидтің оқыту үдерісінде қабілеттерін дамытуға бағытталуы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет