Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет132/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   205
Акмеология

258
259
керек. Қазіргі білім беру жүйесінде қалыптасқан, индивидтің білімді 
меңгерудің шектеулі мүмкіндіктері мен білімді жедел қарқында 
көбейту арасындағы қарама-қайшылық, педагогикалық теориядан, 
жан-жақты дамыған тұлғаның абсолютті білім беру идеалынан бас 
тартуын талап етеді, жаңа идеалға – адамның қабілеттерін барынша 
дамыту, өзін-өзі реттеу жəне өзіндік білім алу қабілетін барынша 
дамытуға өтуді талап етеді. 
Қазіргі кезде креативтілік ұғымы адамның немесе адамдар 
тобының бұрын болмаған жаңаны құрудағы үдерістің өткен, соған 
сəйкес жəне келесі сипаттамаларын қамтитыны белгілі. 
Жоғары білім берудің басты құндылығы ретінде, адамның 
зерттелетін құбылыстың шекарасынан шығудың қажеттілігі мен 
мүмкіндігін, өзін-өзі дамыту қабілетін, өмір бойы икемді өзіндік 
білім алу қабілетін қалыптастыру болуы қажет. 
Оқыту кезеңі бойында шығармашылық əлеуетті дамыту, 
студенттерге өзіндік кəсіби іс-əрекетте пайдалы болатын білімнің 
салаларын берік меңгеруге көмек береді. Интуиция мен фантазияны 
тəрбиелеуде, дамытудағы басты мəселе – практикалық жұмыс, 
яғни осы тəрбиенің басты құралы – шығармашылық əрекет болып 
саналады. Шығармашылық үдерісі күрделі жəне дара. 
Шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру индивидуумның бейім-
делу кезеңінде, қысқа мерзімде жаңаны құруын, жедел мансаптық 
өсуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, шығармашылық бастауды 
жүзеге асыру үдерісі ретінде, философиялық, психологиялық-
педагогикалық, акмеологиялық зерттеулердің пəні болады, оның 
зерттеу нысаны ретінде, ересек адамдар мен олардың кəсібиліктің 
шыңдарына өзіндік қозғалысы алынады. 
Əлеуметтік-мəдени саладағы болашақ мамандарды кəсіби 
даярлау олардың іс-əрекеттің алуан түрлеріне қатысуы арқылы 
қалыптасады, бұл маманды кəсіпқой ретінде тəрбиелеуді, білім, бі-
лік жəне дағдыларды меңгерген тұлғаны қалыптастыруды қамтиды. 
Мұндай кəсіби іс-əрекет профиліндегі мамандардың алдына
əрдайым дəстүрлі жолдармен емес, креативті тұғыр талап етілетін 
міндеттер қойылады. 
Студенттердің акме-креативті өзін-өзі жүзеге асыруы, тұлғалық-
бағдарлы тұғырда жүзеге асыру, шығармашылық ойлауды дамыту 
үдерісін педагогикалық, рационалды басқаруды құру, əрбір адамның 
өзіндік құндылығы принципіне негізделеді. Жоғарыда айқындалған 
принцип, қазіргі жағдайда оқу-тəрбие үдерісінің психологиялық 
жəне педагогикалық заңдылықтарын терең зерттеуді қамтиды
сонымен бірге жоғары оқу орнындағы оқытушының психологиялық-
педагогикалық құзыреттілігін арттыруды қамтиды. Студенттердің 
креативті қабілеттерін, өзін-өзі жүзеге асыруын қалыптастыруға 
бағдарланған оқытушы, ең алдымен, кəсіби жəне тұлғалық даралық 
ретінде қалыптасуы керек. 
Педагогикалық үдерісті қайта талдайтын болса, онда екі 
жүйені көруге болады: бірінші жүйе оқытушыны креативтілікке 
даярлау үдерісімен байланысты, ал екінші жүйе – студенттермен 
тікелей өзара əрекет барысындағы креативтілік. Қарым-қатынас 
жəне ынтымақтастық, педагогикалық шығармашылықтың бөлігі 
ретінде, білімгерлер мен оқытушының қарым-қатынасына 
шығармашылықтың енуі – бұл нəтижелі педагогикалық үдерістің 
міндетті жағдайлары. Білім беру əрекеттестігі жағдайында, акме-
креативті өзін-өзі жүзеге асыру, байланысқа түсетін оқытушы 
мен студенттің өзін-өзі дамытудың бастапқы деңгейіне тəуелді 
болады, олардың нəтижелерді меңгеруімен анықталады. Өзара 
əрекеттестіктің өзі, тұлғалық дамуға жағдайлар құрады, оның 
барысында субъект біршама дəрежеде басқаның көмегі арқылы 
өзіне терең үңіледі. Мұнда индивид даму деңгейіне сəйкес белсенді, 
таңдамалы позицияны ұстанады. 
Аталған проблематика білім беру акмеологиясының пəніне 
қатысты болады, оның орталық міндеті ретінде, болашақ 
мамандардың потенциалды мүмкіндіктерін өзекті ететін, дамытатын 
тəсілдер мен жолдарды іздеу, олардың кəсібиліктің шыңдарына 
жетуге ұмтылысы алынады (В.А. Якунин). Акмеологиялық тұғырды 
қазіргі кəсіби-педагогикалық білім беруде жүзеге асыру, болашақ 
мамандардың кəсіби мотивациясын күшейтуді, олардың креативті-
шығармашылық əлеуетін ынталандыруды, тұлғаның акмеологиялық 
бағыттылығын қалыптастыру арқылы кəсіби іс-əрекетте жетістікке 
жету үшін тұлғалық ресурстарды нəтижелі қолдануды жəне 
анықтауды қамтамасыз етеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет