Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет134/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   205
Акмеология

262
263
білім берудің нəтижесіне қойылатын қазіргі заманғы талаптар 
туралы білім саласындағы, инновациялық модельдер мен білім беру 
технологиялар саласындағы құзыреттілігі болады. 
Дайындықтың əрекеттік компонентін инновациялық үдерісті 
басқару үшін қажет біліктер кешені құрайды: шығармашылықпен 
ойлау шеберлігі, білім беру үдерісін жетілдіру бойынша инновация-
лық ұсыныстарды құрастыру жəне негіздеу шеберлігі, жаңашыл-
дықты ендіру жобаларын құрастыру шеберлігі, өзін инновациялық 
іс-əрекет субъектісі ретінде, инновациялық іс-əрекетті ұйымдастыру 
жүйесін талдау жəне бағалау шеберлігі. 
Инновациялық іс-əрекетке дайындықтың жоғары нəтижелеріне 
жету, адамның креативті-шығармашылық əлеуетін дамытуға, оның 
өзін-өзі жүзеге асыруға бағытталған акмеологиялық технология-
ларды жоғары оқу орнының ғылыми-білім беру үдерісінде қолдану-
да мүмкін болады. 
Акмеологиялық технологиялар ғылым ретіндегі акмеологияның 
өзгеше əдісіне негізделеді. Мұнда кəсіби іс-əрекеттің нəтижелілігі-
нің əртүрлі деңгейлерін, жоғары деңгейдегі мəнді белгілерді 
айқындауды зерттеудің салыстырмалы принципі туралы айтуға 
болады. Осы принциптің көмегі арқылы, студенттерге тиімділіктің 
əртүрлі деңгейдегі мұғалімдердің іс-əрекетінің идеалданған 
модельдері ұсынылады, білімгерлердің даму шамасының өлшемі 
бойынша, оқу ақпаратының құралдары арқылы осы модельдерге 
дербес салыстырмалы талдау жүргізу ұсынылады. Студенттер 
тиімді іс-əрекетті ынталандыратын жəне оған кедергі келтіретін 
заңдылықтарды, жағдайлар мен факторларды анықтайды, өздерінің 
іс-əрекет бағдарламасы жүйесіне қатысты шығармашылық 
шешімдерді қабылдайды. Осылайша, оларда іс-əрекеттің авторлық, 
өзіндік жүйесін жобалау, модельдеу, жеке апробациялау, түзету 
мəселелерінің шығармашылықпен шешу тəжірибесі қалыптасады, 
дамиды, инновациялық іс-əрекетке деген шығармашылық дайындық 
дамиды. 
Педагогикалық инноватиканың қалыптасуында, психологиялық-
педагогикалық, аксиологиялық, мəдениеттанушы жəне рефлексивті-
креативті аспектілерін қайта талдау, инновациялар мен инновациялық 
үдерістердің мəнді сипаттамасындағы негізгі тұғырларды анықтау 
қажет. 
Психологиялық-педагогикалық тұғыр, инновациялық үдеріс-
терді білім беруді демократияландыру, гуманитарландыру, ком-
пьютерлендірудің бағыты ретінде, сонымен бірге оқытуды жəне 
білімгерлердің оқу еңбегін дараландырудың бағыты ретінде 
қарастырады. 
Аксиологиялық тұғыр инновациялық білім беру үдерістерін, 
педагогтардың инновациялық іс-əрекетін мекеменің құндылық 
тұжырымдамасының көрінісі жəне кəсіби іс-əрекетте тұлғаның 
құндылық бағдарларының көрінісі ретінде түсіндіреді. 
Мəдениеттанушы тұғырда инновациялық білім беру үдерістері, 
əлеуметтік-гуманистік бағдарламасы жəне таңдамалы бағыттылығы 
бар мəдениет құбылысы ретінде болады. 
Рефлексивті-креативті тұғыр инновациялық білім беру 
үдерістерін шығармашылық үдеріс ретінде сипаттайды, оның 
жоғары деңгейін – авторлық педагогикалық жүйелерді құруды, 
педагогтардың үздіксіз өзін-өзі тануына, өзін-өзі өзгертуге, өзін-өзі 
дамытуға бағдарын құруды қамтиды. 
Инновациялық үдерістерде объективті (əлеуметтік) жəне 
субъективті компоненттер болады. Білім беру мекемесіндегі 
инновациялық іс-əрекет педагогтің жəне кəсіби ұжымның дамуына 
қолайлы жағдай жасайтын рефлексивті-креативті акмеологиялық 
ортаны құрады (Н.В. Вишнякова). 
Қазіргі заманғы зерттеушілердің еңбектерінде (В.С. Леднев,
Б.Т. Лихачев, В.Д. Шадриков жəне т.б.) білім беру индивидті 
ағартудың тəсілі ғана емес, мəдениетті дамытудың механизмі, 
оның құндылықтарын меңгеру, əлемнің бейнесін қалыптастыру 
механизмі ретінде көрсетіледі. Соған сəйкес, инновациялық 
білім беру үдерістері өзінің мазмұнына қазіргі жəне болашақ 
ұрпаққа адамзаттың өмір сүруін, прогресті қамтамасыз етуі, білім 
берудегі жағымсыз үрдістерді жеңуге, білім берудің əлеуметтік 
өмірдің, мəдениеттің басқа формаларымен, əлемдік дамудың 
перспективасымен арақатынас жасауға көмек беретін жаңа құндылық 
бағдарларды қамтуы керек. 
Инновациялық үдерістерді зерттеудің маңызды міндеті ретінде, 
білім беру мекемесінің тəжірибесінде педагогикалық жаңашылдықты 
құру жəне қолдану үдерістерін басқарудың мүмкіндіктерін ашу 
алынады. Қазіргі білім беру мекемесінің іс-əрекетінің жоғары 
динамизмі, сыртқы жағдайлардың өзгермелілігі, инновациялық іс-
əрекетті мақсатты бағытталған тұрғыда ұйымдастыруды қамтиды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет