300
301
• Ақпараттық акмебағдарланған технология;
• Бейімделуші-дараланған акмебағдарланған технология;
• Кəсіби перспективалардың акмебағдарланған технологиясы;
• Бақылау мен бағалаудың акмебағдарланған технологиясы;
• Құзыретті акмебағдарланған технология;
• Креативті-зерттеуші акмебағдарланған технология.
Модульді оқыту педагогикалық еңбектің жəне педагогтің
шеберлігінің тиімділігін арттырып қоймайды, сонымен бірге
студенттердің білімінің ұтқырлығын қалыптастыруға ықпал етеді.
Аталған технологияны оңтайландырудың мəні оқытудың дараланған
мазмұнын құрудың икемділігін қамтамасыз етуден, студенттердің
меңгеруінің өзіндік жылдамдығын таңдаудың қарапайымдылығы-
нан, бастысы, студенттердің өзіндік кəсіби құзыреттілігін дамыту
деңгейін өзіндік талдау жəне өзіндік бағалауды қамтамасыз етуден
құралады.
Ақпараттық акмебағдарланған технология. Ақпараттық акме-
бағдарланған технологияны қолдануды оқытушының іс-əрекеті
жалпылама, дерексіз ақпаратты айқындауды, əлемнің ғылыми
бейнесін қалыптастыруды, қолжетімді деңгейде теориялық
тұжырымдамаларды құруды, теориялық білімді практикалық
міндеттерді шешуге алмастыруды қамтиды. Мұнда іс-əрекетте
компьютер ақпаратты іздеу жəне өңдеудің, дидактикалық жүйенің
барлық субъектілерінің іс-əрекетін интеграциялау құралы ретінде
болады. Мұнда таным объектісі ретінде, пəннің теориялық мазмұны
алынады, ал өзіндік зерттеудің пəні ретінде – басты нəрсені айқындау
қабілеті, ақпаратты жүйелеу жəне интерпретациялау, теориялық
жалпылау жасау қабілеті алынады. Іс-əрекеттің негізгі алгоритм-
дері – салыстыру, талдау жəне біріктіру, абстракциялау жəне
нақтылау, жүйелеу жəне жіктеу, логикалық операциялар, ұғымдарды
қалыптастыру операциясы – символдық формадағы анықтама,
белгілер, индуктивті, дедуктивті, нəтижелі ой қорытындысын жасау
алынады. Оқытудың негізгі əдістері – эвристикалық, проблемалық-
зерттеуші.
Бейімделген-дараланған акмебағдарланған технология. Аталған
технология оқу үдерісін студенттердің дара ерекшеліктеріне жəне
тұлғалық сапаларына бейімдеуге бағытталған, сондықтан оның
құралдары мен əдістемелері ретінде алынатындар:
• студентке өзінің білім алу траекториясын таңдауға жəне кəсіби
білім беру мекемесіне шынайы білім беру жүйесін қалыптастыруға
мүмкіндік беретін жеке білім беру маршруттарын құрастыру;
• студенттің оқу-əдістемелік кешені.
СОƏК-нің құрылымына инвариантты жəне вариативті ком-
поненттер енгізілген. СОƏК-нің мазмұнының вариативтілігі іс-
əрекеттің белгілі бір таңдалған саласында ғылыми-өндірістік
циклді модельдеу арқылы болмысты технологиялық қайта құрудың
(рухани, интеллектуалды жəне материалды құралдарды қоса) жал-
пы тəсілдерін меңгеру үдерісінде тұлғаны кəсіби дамытуды қам-
тиды.
Атап өтетін бір жайт, студенттердің оқу-əдістемелік кешенін
қолдану олардың өзіндік дамытуға психологиялық дайындығын
қамтамасыз етеді, нəтижесінде олардың өзіндік кəсіби жəне тұлғалық
өсуін дербес жобалауын, мансаптық перспективасын анықтауын
қамтамасыз етеді.
Кəсіби-бағдарланған жəне акмебағдарланған жағдайлар, ав-
тономды жəне рефлексивті тұрғыда əрекет етуге ынталандыра-
ды; кəсіби мақсаттарға интерактивті түрде жетудің алуан түрлі
құралдарын қолдануды; əлеуметтік-гетерогенді топтарға енуді
жəне оларға қызмет етуге үйретеді. Кəсіби-бағдарланған жағдай
əлеуметтік диалогпен тығыз байланысты, себебі ол студенттердің
жеке жəне топтық өзара əрекет жағдайында ұйымдастырушылық
шеберлікті қалыптастыруға бағытталады, сонымен бірге өзіндік
оқу-практикалық іс-əрекетті жоспарлауға бағытталады.
Құзыретті акмебағдарланған технология. Акмебағдарланған
теория контексінде аталған акмебағдарланған технология маңызды
болып саналады, ол əрекеттегі оқыту ретінде түсіндіріледі (leaming-
by-doing) жəне кəсіби-салалық кеңес беру, тьюторлық жəне
тəлімгерлік технологияларына негізделеді. Аталған технология
екі мақсатты көздейді: біріншісі – белгілі əрекеттерді жетістікпен
орындау (мəселені шешу, жобаны жүзеге асыру), екіншісі – осы
əрекеттерді орындау барысында оқыту жəне алынған білімді
тұлғалық жетістік ету.
Құзыретті акмебағдарланған технологияны қолдану арқылы
оқыту, теория мен практиканың оңтайлы үйлесімін, кəсіби
құзырлылықты қалыптастыру мен жетілдіруді, озат тəжірибені
зерттеуді, командалық жұмыс үшін қажетті базаны құруды, білімді
дербес тереңдетуді қамтиды.
|