Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет156/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   205
Акмеология

4.2 Контексті оқыту технологиясы 
Тақырыптың негізгі ұғымдары: белгілік-контексті, ква-
зикəсіби іс-əрекет, əрекеттік тұғыр, тұлғаның белсенділігі
проблемалық, белсенді оқыту əдістері, антиципация, рефлексия, 
ситуациялық тапсырмалар. 
Жоғары кəсіби білім берудің негізгі мақсаты, студенттің жоғары 
оқу орнында оқыту кезеңінде болашақ кəсіби іс-əрекетінің біртұтас 
құрылымын қалыптастыру болып табылады. Белсенді іс-əрекеттің 
көмегі арқылы, əлеуметтік тəжірибені меңгеру, адамның психикалық 
функцияларын жəне қабілеттерін дамыту, оның объективті əлеммен, 
басқа адамдармен, өзімен қатынастар жүйесі жүзеге асырылады. 
Əлеуметтік тəжірибені меңгерудің əрекеттік теориясының ая-
сында А.А. Вербицкий белгілік-контексті оқыту тұжырымдамасын 
құрастырды. 
Осы теорияның тұрғысында инновациялық, «белсенді» оқыту-
дың формаларын, əдістерін жəне құралдарын қолданудың алуан 
түрлі эмпирикалық тəжірибесі тұжырымдамалы, саналы ұғынылған. 
«Контекст» категориясы студенттің болашақ кəсіби іс-əреке-
тінің, оның оқу іс-əрекетінің формаларына, үдерісіне жəне нəти-
жесіне мағына-құраушы əсерін қамтамасыз етеді. Контекст 
жағдаяттың мəнін жəне мағынасын тұтасқа, оның компоненттеріне 
ұсынып, нақты жағдаятты қабылдау, түсіну жəне қайта құрудың 
ерекшеліктеріне əсер ететін, адамның өмір сүру əрекетінің сыртқы 
жəне ішкі факторларының, жағдайларының жүйесі ретінде 
анықталады. 
Ішкі контекст адамның дара-психологиялық ерекшеліктерін
білімі мен тəжірибесін білдіреді; сыртқы контекст – адамның зат-
тық, əлеуметтік-мəдени, кеңістіктік-уақыттық жəне басқа сипатта-
маларын білдіреді. 


304
305
Өткен мен болашақтың контексінің нəтижесінде, адам қазіргіні 
саналы ұғынады, ең алдымен əрекет етпес бұрын, контексті ақпарат 
негізінде өзінің мінез-құлқының бағытын таңдайды. 
Контексті «жағдаят» ұғымы ұсынады, ол субъектіні əрекетке ын-
таландыратын жəне оның белсенділігін негіздейтін шарттар жүйесі 
ретінде анықталады. Контекст жəне шарт бір-бірімен тығыз байла-
нысты, жағдайға тек сыртқы шарттар емес, əрекет ететін субъект 
қатысады, сонымен бірге, субъектінің қарым-қатынастағы жəне 
тұлғааралық өзара əрекеттегі субъектілер қатысады. 
Тұжырымдаманың авторы заттық əрекетті талдауға ерекше 
тоқталады. Кез келген заттық əрекет, əлеуметтік контексте 
орындалады, əлеуметтік тұрғыда негізделеді, басқа адамдарды, 
олардың жауаптарын, тұлғалық жəне əлеуметтік жауапкершіліктерін 
қамтиды. Сондықтан оқу жəне кəсіби іс-əрекетті талдаудың бірлігі 
ретінде, қоршаған əлемнің əлеуметтік жəне заттық қасиеттеріне 
сүйенетін, əлеуметтік негізделген жəне қалыпты əрекет алынады.
А.А. Вербицкий оқу іс-əрекеті мен кəсіби іс-əрекеттің арасындағы 
қарама-қайшылықты қарастырады. Жоғары оқу орнында маманның 
тұлғасын қалыптастыру мақсаттарына жету үшін іс-əрекеттің бір 
типінен (танымдық) қажеттіліктер, мотивтер, əрекеттер, құралдар, 
нəтижелердің алмасуына сəйкес, басқа типтегі іс-əрекетке (кəсіби) 
өтуді, алмастыруды қамтамасыз ететін оқытуды ұйымдастыру қажет. 
Бұл басты қарама-қайшылық өзінің көрінісін келесі нақты қарама-
қайшылықтарда табады: 
• Оқу-танымдық іс-əрекеттің дерексізденген пəні мен болашақ 
кəсіби іс-əрекеттің шынайы пəні арасындағы қарама-қайшылық, 
онда білімдер таза түрінде емес, өндірістік үдерістер мен жағ-
дайлардың жалпы контексінде ұсынылады. Жоғары оқу орнында 
берілетін дəстүрлі оқыту осы қарама-қайшылықты шешу үшін 
жеткілікті тиімді құралдар мен жағдайларды қамтамасыз етпейді, 
бұл өз кезегінде формалды білімнің таныс феномендерін, оларды 
тəжірибеде қолдану мүмкіндігін, өндіріс жағдайында түлектердің 
интеллектуалды жəне əлеуметтік бейімделуіндегі қиындықтарды 
туындатады. 
• Кəсіби іс-əрекетті реттеуде білімді жүйелі қолдану мен оларды 
əртүрлі оқу пəндері бойынша меңгерудің «тіркелуі» арасындағы 
қарама-қайшылық. «Мозаика» түрінде алынған білімді жүйелеудің 
шынайы мүмкіндігі, жас маманның өзіндік жұмысы аяқталғаннан 
кейін байқалады. Білімді «қорда» жəне жүйесіз меңгеру, студенттің 
білімге жəне болашақ кəсіби іс-əрекетке қызығушылығын дамытуға 
ықпал етпейді. 
• Студенттің оқу жұмысының дара сипаты, білімді меңгерудің 
дара тəсілі жəне кəсіби еңбектің ұжымдық сипаты арасындағы 
қарама-қайшылық, ол жалпы кəсіби мақсаттарға жетуде, əрбір 
білімгердің жеке үлесін жүзеге асыруда, тұлғааралық өзара əрекетті, 
өнімдермен алмасуды қамтиды. 
• Шығармашылық ойлау жəне əлеуметтік белсенділік деңгейінде 
маманның тұлғасының кəсіби еңбек үдерістеріне енгізілуі жəне 
дəстүрлі оқытуға тірек жасау, ең алдымен, қабылдау, зейін, ес 
үдерістеріне тірек жасаудың арасындағы қарама-қайшылық. Дəстүр-
лі оқытудағы студентпен салыстырғанда, кəсіби іс-əрекеттегі 
мамандар белгілі ситуацияға түсіп, онда анықталады, жағдайды, 
ресурстарды талдайды, іс-əрекеттің мақсаттарын жəне міндеттерін 
құрады, оны жоспарлайды. Нақты жағдайда маманның қоятын 
міндеттері, жоғарыдан «берілмейді», олар маманның өзіндік 
логикасынан туындайды. Бұл болашақ маманның əрекет етуінің 
моделі болып саналады, ол контексті типтегі белсенді оқытуда, 
студенттің танымдық іс-əрекетінің жалпылаушы моделі қызметін 
атқарады. Мұнда маманның кəсіби ойлауының толық циклі 
модельденеді – проблемалық жағдаяттың, танымдық мотивацияның 
пайда болуынан, мəселені шешудің тəсілдерін жəне олардың 
дұрыстығын дəлелдеудің тəсілдерін табуға дейін. Дəстүрлі оқытуда 
бұл модель қысқартылған, себебі барлық теориялық жұмысты ғалым, 
оқытушы атқарады. Контексті оқытуда студент саналы ұғынылған 
білім алады. Білімнің оқыту үдерісінде жеткілікті меңгерілуі үшін 
студент екіжақты ауысым жасау керек: белгіден (ақпарат) ойға, ал 
ойдан əрекетке өту. 
• Оқытудың дəстүрі ұсынатын (мақсатты оқытушы құрады, 
студент оның сұрақтарына жауап береді, оқу тапсырмасын 
орындайды, ерекше нұсқау бойынша белсенді болады) студенттің 
«жауапты» позициясы жəне маманның бастамашыл позициясы 
арасындағы қарама-қайшылық, бұл жағдайда маман ықтималдық 
жағдайда шешім қабылдауы керек, өндірісті дамыту жəне 
ұжымды əлеуметтік дамыту бойынша идеяларды ұсынуы, жаңа 
технологияларды құрастыруы керек. 
• Белгілік жүйелерде заттанған, өткен əлеуметтік тəжірибеге оқу 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет