Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет173/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   205
Акмеология

338
339
өндірістік құрылымдардың білім беру ресурстарын тартумен
жоғары оқу орнының экономикалық мүмкіндіктеріне сəйкес болуы 
керек. 
Нəтижесінде, педагогтар атап көрсеткендей, оқытудың жаңа 
технологияларын кең қолдану, жаңаша техникалық құралдар 
кешенін арттыру, оқытудың формалары мен əдістерін өзгерту жəне 
дараландыру есебінен, дəстүрлі репродуктивті оқытуға бағдарлан-
ған дидактикалық парадигманың алмасуы қажет. Мұнда өзбетінділік 
жеке жұмыстың аса белсенді түрлеріне ерекше тірек қойылады. 
Жобалар əдісі əрдайым білімгерлердің өзбетінділік іс-əрекетіне – 
жеке, жұптық, топтық іс-əрекетке бағдарланған, оларды білімгерлер 
белгілі уақыт арасында орындайды. Бұл тұғыр оқытудағы топтық 
тұғырмен үйлеседі (cooperative learning). Жобалар əдісі бір жағынан, 
оқытудың алуан түрлі əдістері мен құралдарды қолдануда белгілі 
бір мəселені шешуді қамтиды, ал екінші жағынан – ғылымның, 
техниканың, технологияның əртүрлі саласындағы, шығармашалық 
саладағы білімдер мен біліктерді интеграциялауды қамтиды. 
Орындалған жобалардың нəтижелері «сезілетін» болуы керек, яғни 
егер бұл теориялық мəселе болса, онда нақты шешімі болады, егер 
практикалық мəселе болса, онда ендіруге дайын нақты нəтиже 
болады. 
Дербес жұмыс көптеген қазіргі заманғы білім беру тех-
нологияларымен білім беру үдерісінің міндетті элементі ретінде 
айқындалады (белгілік-контексті, белсенді, проблемалық оқыту 
жəне т.б.), себебі өзбетінділік оқу іс-əрекеті оқу сабақтарында 
оқу ақпаратын қабылдаудағы олқылықтарды жоюға мүмкіндік 
береді; өзбетінділік жұмыс білімгерлердің қабілеттерін ашады, 
оқу мотивациясына ықпал етеді; əрекеттегі өзбетінділік «реп-
родукция» деңгейінен білімнің өлшемдері ретінде «білік» жəне 
«шығармашылық» деңгейіне өтуге мүмкіндік береді. 
Өзбетінділік жұмыс өзіндік жұмысты ұйымдастыруға қатысты 
дағдылар мен біліктерді дамытуға ықпал етеді. Бұл өзінің іс-əреке-
тін жоспарлау, өзінің мүмкіндіктерін шынайы қабылдау, ақпаратпен 
жұмыс істеу шеберлігі, бұл ғылыми-техникалық ақпараттың 
көлемінің жедел өсуімен жəне білімді жедел жаңартумен байланысты 
ерекше маңызды болады. 
Тар мағынасында өзбетінділік жұмыс сөзі – бұл білімгерлердің 
белгілі тапсырмаларды өз бетімен орындауы, ол оқу уақытында жəне 
оқудан тыс уақытта əртүрлі формада жүзеге асырылады: жазбаша, 
ауызша, жеке, топтық немесе фронтальды. Өзбетінділік жұмыс 
білімгерлердің танымдық іс-əрекетінің маңызды элементтерінің бірі 
болып табылады; олардың еңбекке қабілеттілігін ынталандырады
білімнің беріктігін арттырады. 
Аса кең мағынасында өзбетінділік жұмыс сөзі – білімгерлердің 
білім беру іс-əрекетінің əмбебап тəсілі, ол білімнің жиынтығын 
меңгерумен ғана емес, сонымен бірге адамның өзін жəне əлемді 
қабылдаудың жəне ұғынудың шекараларын кеңейтумен байланысты 
болады. 
Білімгерлердің өзбетінділік жұмысын дұрыс ұйымдастырудың 
басты шарттары ретінде келесі шарттарды атауға болады: 
– өзбетінділік сабақтарды міндетті жоспарлау;
– оқу материалымен күрделі жұмыс;
– сабақтардың жүйелілігі;
– өзіндік бақылау. 
Педагогикалық шарттарды құру аса маңызды болып табылады, 
оларды сақтауда өзбетінділік жұмыс аса нəтижелі жəне тиімді 
болады: 
1) студенттің жағымды мотивациясының болуы,
2) танымдық міндеттерді дəл қою жəне оларды орындау 
тəсілдерін түсіндіру;
3) оқытушының есеп беру формаларын, жұмыс көлемін, тапсыру 
мерзімін анықтауы;
4) кеңес беруші көмектің түрлерін жəне бағалау критерийлерін 
анықтау;
5) студенттің алынған жаңа білімді тұлғалық құндылық ретінде 
саналы ұғынуы. 
Өзбетінділік жұмыс əрдайым оқытушының тарапынан ше-
бер басқару жағдайында оқу іс-əрекетінің тиімді түрі болып 
саналады. Білімгерлердің шығармашылық тұлғасының қалыптасуы 
педагогтің шығармашылық іс-əрекетімен тығыз байланыста жүзеге 
асырылады. Соған байланысты білімгерлердің зерттелетін пəнге 
деген шығармашылық тұғырын қалыптастыру, білімді меңгеруге 
шығармашылық қатынасын ынталандыру, осы білімді өзбетінділік 
жұмыс арқылы жүйелі толықтыру маңызды. 
Педагогтің міндеті – студенттің шығармашылық ойлауына 
қажетті бағыт беру, жағдайлар мен шарттарды құра отырып, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет