Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет172/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   205
Акмеология

336
337
тұжырымдарды ұсынып қоймайды, сонымен бірге ақпарат алынған 
тəсілдерді сипаттайды, жобаны орындауда туындаған қиындықтар 
туралы айтады, алынған білімді жəне біліктерді, шығармашылық 
əлеуетті, рухани-адамгершілік бағдарларды көрсетеді. Аталған 
сатыда білімгерлер өзінің іс-əрекетінің қорытындысын ұсыну 
тəжірибесін меңгереді жəне көрсетеді. 
Білімгерлерге тақырыпты зерттеуді аяқтаған кезеңге жарнамалық 
пакет, буклет, афишаны, қысқаша мəтіндері, суреттері, фотолары, 
тақырыптың мəнді мазмұнын көрсететін деректері бар альбомды 
дайындау жүктеледі. 
Жобалық 
оқыту 
білімгерлердің 
аталған 
пəнге 
деген 
қызығушылығын дамытуға, оқуға деген мотивацияны арттыруға
дүниетанымдарын кеңейтуге ықпал етеді. 
Жобаның негізіндегі проблеманы шешу үшін студенттер белгілі 
интеллектуалды, шығармашылық жəне коммуникативті дағдыларды 
меңгерулері қажет. Оларға мəтінмен жұмыс істеу шеберлігін (басты 
ойды айқындау, қажетті ақпаратты іздеуді енгізу), ақпаратты талдау 
шеберлігін, жалпылау, тұжырым жасауды жəне т.б. жатқызуға бо-
лады; əртүрлі анықтамалық материалмен жұмыс істеу шеберлігін 
де жатқызуға болады. Шығармашылық біліктерге жататын-
дар: пікірталас жүргізу шеберлігі, серіктесті есту жəне тыңдай 
білу шеберлігі, дəйектермен бекітілген өзінің көзқарасын қорғау 
шеберлігі; серіктеспен компромисс табу шеберлігі; өзінің ойын 
білдіру шеберлігі, осылайша, жобалар əдісін сауатты қолдану үшін 
жоғары оқу орнында оқытудың біртұтас жүйесінде жүзеге асырыла-
тын біршама дайындық талап етіледі. 
Бағдарламаның мəселесін немесе белгілі бір тарауды зерттеу-
де, жобалар əдісін қолданбастан бұрын барлығын мұқият ой-
ластыру, құрастыру жəне есептеу қажет; оқу міндеттерін нақты 
анықтау, дайын шешімдерді ұсынбай, студенттерге қандай көмек 
беруді нақты анықтау қажет. Жобалар əдісін қолдану ұсынылатын 
сабақтардың барлық сериясын жоспарлау қажет. Жобалар əдісі шы-
найы практикалық нəтижеге нақты бағдарланған. 
Жобалар əдісі қолданылатын аса маңызды педагогикалық 
тəсілдерді атап өтеміз. 
Ең алдымен, оқытушы білімгерлердің жобалау іс-əрекетіне 
ерікті енуін қамтамасыз ететін «жобаны қосуды» ойластыруы қажет. 
Бұл проблемалық жағдаятты құру студенттер үшін өмірлік маңызды 
практикалық тапсырманы талқылау, қызықты перспектива тура-
лы əңгімелеу, əлеуметтік маңызды міндеттерді шешуге қатысуға 
мəртебелі адамдардың ұсынысын қабылдау болуы мүмкін. 
Басқа маңызды тəсіл ретінде «толғау жұлдызы» алынады. 
Оның мəні оқытушы мен студенттің мəселені қоюында ашылады, 
ол өз кезегінде сұрақшаларға бөлінеді жəне білімгерлердің əрекет 
жүйесін анықтайды. Бұл мəселелерді теориялық жəне практикалық 
шешу, басты проблеманы шешуге жақындауға мүмкіндік береді. 
Мəні бойынша жобалау іс-əрекеті – бұл «толғау жұлдызы» жүйесі, 
білімгерлердің практикалық жəне соған сəйкес танымдық əрекеттер 
жүйесі. 
Жобамен жұмысты «миға шабуыл» əдісінсіз жүзеге асыру мүм-
кін емес, мұнда білімгерлер жеке жəне топта проблеманы іздеуді, 
оны шешудің тəсілдерін жүзеге асырады, үздік нұсқаларды, идея-
ларды іріктейді, қорғайды, өздерінің көзқарасын негіздейді. 
Жобалық оқытуда жұмыстың нəтижелерін ұсынудың форма-
сын таңдау маңызды. Жобаны ұсыну формасы оның тақырыбымен, 
мақсатымен, мазмұнымен, автордың жалпы түпкі ойымен 
анықталады. 
Жобаны безендірудің келесі құрылымын ұсынуға болады: 
• титул беті (оқу мекемесінің атауы, топ, авторы, жобаның атауы, 
ғылыми жетекшісі, жобаның орындалатын орны мен жылы); 
• мазмұны (жобаның бөлімдерінің тізімі);
• қысқаша аннотация, қажет болған жағдайда – шет тіліндегі 
Summary; 
• эпиграф;
• кіріспе; 
• негізгі бөлім (тараулар, бөлімдер, тармақтар жəне т.б.);
• қорытынды;
• қолданылатын қайнар көздер мен əдебиеттер тізімі; 
• қосымша. 
Жалпы ұсыныстар жобаның жанрына байланысты толықтыры-
луы мүмкін. Оқу жобалауының қорытындысын шығаруда, келесі 
тарауларды қамтитын пікірлер бетін қолдануға болады: қызықты, 
əсерлі сəттер; толық ашылған тақырыптар; нақтылау, пікірлер
тілектер, басты тұжырымдар. 
Жобаларды орындау белгілі материалды-техникалық негізге 
сүйенуі керек, оларды қолдану қосымша білім берудің, социумның, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет