Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет175/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   205
Акмеология

342
343
туралы шығармашылық, авторлық түпкі ойды жəне оны жүзеге 
асырудың авторлық көрінісін айта аламыз. Мұндай шығармашылық 
жұмысты «қабылдау», «қабылдамау» тұрғысында бағалауға болады. 
Жобалар əдісімен мүлдем басқаша болады. Мұнда бағалаудың 
дəл критерийлері болады, себебі мəселені қарастыру үшін зерттеудің 
ғылыми əдістері, оны орындаудың объективті жағдайлары 
қолданылады. Таңдалған ұстанымды дəйектеу, нақты деректер-
ге, теорияларға, білімге, эксперимент мəліметтерінің бақылауына 
негізделеді. 
Оқытушы 
мен 
білімгерлердің 
бірлескен 
іс-əрекетінде, 
оқытылатын пəндердің аясында жобалар əдісін сауатты, сана-
лы ұғынылған түрде қолдану, оқу үдерісіне дəстүрлі оқытумен 
салыстырғанда, басқаша өзара қатынастар жүйесін, білімгерлердің 
интеллектуалды жəне шығармашылық мүмкіндіктерін құрметтеуге, 
ынтымақтастыққа, өзіндік сыни ойлауға негізделген танымдық іс-
əрекеттегі басқаша жаңа тұғырды енгізеді. 
Қазіргі заманда жобалық оқытуды жоғары оқу орнының білім 
беру ортасына ойластырып енгізу қажет. Жобалық оқытуды өзіндік 
мақсатқа айналдырмау қажет, ол білім беру үдерісін жетілдіру, білімді 
жақсы меңгеру, оқудағы мотивацияны дамыту, əрбір қатысушының 
жалпы мəдениетін табысты қалыптастыру үшін құрастырылады 
жəне қолданылады. 
Жобалық оқытудың проблемалық оқытудан айырмашылығы, 
онда білімгерлердің іс-əрекетінің нақты (практикалық) нəтижені 
алуды жəне оны көпшілікке ұсынуды қамтитын жобалаушы сипаты 
болады. 
Жобалық оқыту технологиясы практикалық мəнділігі бар, 
субъективті немесе объективті жаңалығы бар, білімгерлердің жаңа 
нəтижені оқытушының бақылауымен құрастыруға жəне құруға 
негізделетін проблемалық оқыту идеяларын дамыту болып табыла-
ды. 
Жобалық оқыту технологиясы – жобалық технология (ЖТ) неме-
се жобалық оқыту (ЖО) – тұлғалық-бағдарлы білім беру жүйесінде 
қарастырылады, студенттердің өзбетінділік, бастамашылдық, 
шығармашылық 
қабілеттер 
сияқты 
тұлғалық 
сапаларын 
дамытуға ықпал етеді, олардың маңызды қызығушылықтары мен 
қажеттіліктерін тануға мүмкіндік береді, оқу жобаларын бірізді 
орындауға арналған технологияны білдіреді. Кең мағынасында 
«жоба» ұғымы – ойластырылатын немесе жоспарланатын нəрсе. 
Жобалаудың материалданған өнімі ретінде оқу жобасы алына-
ды, ол білімгерлердің өз бетімен қабылдаған проблеманы кеңейтілген 
тұрғыда шешуі, проблемалық жағдаятты шешуі ретінде анықталады. 
Жобада шешімнің ғылыми (танымдық) жағымен қатар, əрдайым 
эмоционалды-құндылықты (тұлғалық) жəне шығармашылық 
қырлары болады. Кейде мазмұнның эмоционалды-құндылықты 
жəне шығармашылық компоненттері, білімгерлер үшін жобаның 
қаншалықты маңызды екендігін, оның дербес қалай орындалғанын 
анықтайды. 
Жоғарыда атап өткеніміздей, аталған технология əрдайым бі-
лімгерлердің дербес (өзіндік) іс-əрекетіне бағдарланған – топтық 
немесе жекеленген іс-əрекетке – мұны студенттер белгілі бір уақыт 
кезеңінде орындайды, ол оқытудың проблемалық əдістерінің, 
білімгерлерге өзін қайта жасауға қабілетті ретінде сезінуге мүмкіндік 
беретін, мəні бойынша шығармашылық, қайта жасаушы əдістердің 
жиынтығын қамтиды. 
Жобалар əдісінің негізіне білімгерлердің танымдық, шығар-
машылық дағдыларын дамыту, білімдерін өз бетімен құрастыру, 
ақпараттық кеңістікте бағдарлану шеберлігі, сыни ойлауды дамы-
ту алынады, бұл өз кезегінде болашақ мамандардың кəсіби өзін-өзі 
анықтауы үшін ерекше маңызды болып саналады.
Жобалық оқытуға арналған бастапқы теориялық қағидалар ретінде 
алынатындар: зейін ортасында – білімгерлер, оның шығармашылық 
қабілеттерін дамытуға ықпал ету; педагогикалық үдеріс білімгер-
лер үшін тұлғалық мəні бар іс-əрекет логикасында құрылады, бұл өз 
кезегінде студенттің оқуға деген мотивациясын арттырады; жобамен 
жұмыстың жеке жылдамдығы, əрбір білімгердің дамудың өзіндік 
деңгейіне шығуын қамтамасыз етеді; оқу жобаларын құрастыруда-
ғы кешенді тұғыр, білімгерлердің негізгі физиологиялық жəне 
психикалық функцияларын теңдестірілген тұрғыда дамытуға ықпал 
етеді; базалық білімді терең, саналы ұғынылған түрде меңгеру, олар-
ды əртүрлі жағдаятта əмбебап қолдану есебінен қамтамасыз етіледі. 
Білімгерлердің жобалық оқу іс-əрекеті практикалық міндеттерді 
шешу бойынша шығармашылық оқу жұмысы болып табылады, оның 
мақсаттары мен мазмұнын білімгерлер анықтайды, оқытушының 
кеңес беруімен, теориялық қайта өңдеу жəне практикалық іске асы-
руда жүзеге асырылады. Басқа жағынан алғанда, жобалық оқытудың 
компоненті ретінде, педагогтің іс-əрекеті алынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет