Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет180/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   205
Акмеология

352
353
Ойындық оқытудың дəстүрлі оқытудан айырмашылығы, ең 
алдымен, білім берудің мазмұны ретінде, меңгерілген білімдер 
жəне білім берушінің тəжірибесі алынады, оның санасына сырт-
тай қатысты ақпарат пен іс-əрекет тəсілдері, таным пəні болып 
қоймайды, оның құралы болады. Ойын бірегей феномен болып сана-
лады, бұл адамның шығармашылық импульстерінің ауқымды өрісі 
болып саналады. 
Ойын жағдаяттарын басқару барысында, білім берушінің ішкі 
əлеуеті жол табады, сырттай қатынастағы ойын жағдайларында 
тексеріледі, ойыншының сыртқы жағдайларға немесе оқытудың 
мазмұнына бейімделу дəрежесін арттырады, мұнда оқытудың 
мазмұны қолданушының ішкі əлемі ретінде болады, ал сырттай 
білімдер мен ойын контекстерін манипуляциялау, ішкі əлеуетті 
ашудың жəне дамытудың құралы немесе инструменті ретінде бола-
ды. 
Ойынның маңызды қасиеттеріне, ойында балалар мен 
ересектердің шұғыл жағдайларда, қиындықтарды жеңудегі 
əрекеттері жатады. Мұнда белсенділіктің жоғары деңгейіне əрдайым 
ерікті, мəжбүрлеусіз қол жеткізіледі. Ойынның жоғары белсенділігі, 
эмоционалды бояуы, қатысушылардың ашықтығының жоғары 
дəрежесін туындатады. Адам ойында психологиялық қорғанысты 
шетке шығарады, қырағылығын жоғалтады, өзімен өзі қалады. 
Мұны ойынға қатысушының ойын міндеттерін шешуімен, оны-
мен қызығуын, сондықтан қарама-қарсы тұруға дайындықтың 
болмауымен түсіндіруге болады. Мүмкін, белгілі бір дəрежеде 
ойын жағдаяттарының оқытушы əсерлерінің жоғары өнімділігі 
анықталады. 
Кəсіби феномен ретінде ойынның функциялары: 
• Сауықтырушы. Ойынның бұл функциясы жағымды ат-
мосфераның белгілі комфортын құрумен, қорғаныс механизмдері 
ретінде рухани қуанышпен, яғни тұлғаны тұрақтандырумен, оның 
қалауларының деңгейлерін жүзеге асырумен байланысты болады. 
Ойындағы сауықтар – ізденіс болып саналады, олардың сауықтыруға 
шығаратын, фантазияға ерік беруге қабілетті сиқыры болады. 
• Коммуникативті. Ойын білімгерлерді күрделі адамзат қа-
тынасының шынайы контексіне енгізеді, қарым-қатынасты 
меңгеруге ықпал етеді. Кез келген ойын қоғамдастығы – көптеген 
коммуникативті байланыстары бар, коммуникативті бастау жəне 
ұйымдастыру ретіндегі əрбір ойыншыға қатысты ұжым. Егер ойын 
адамдардың қарым-қатынас формасы болса, онда өзара əрекет, өзара 
түсіністік, өзара келісім байланыстарынан тыс олардың арасында 
ешқандай ойын болмайды. 
• Өзіндік жүзеге асыру. Ойын адамның өзін тұлға ретінде жүзеге 
асыру саласы ретінде маңызды. Дəл осы тұрғыда ойынның нəтиже-
сі, бəсекелестігі немесе белгілі бір мақсатқа жетуі емес, ойынның 
өзіндік үдерісі маңызды. Ойын үдерісі – бұл өзін-өзі жүзеге асыру 
кеңістігі. 
• Ойын терапевтік. Ойын мінез-құлықта, қоршаған адамдармен 
қарым-қатынаста, оқуда туындайтын əртүрлі қиындықтарды жеңу 
үшін қолданылуы мүмкін. Ойын тəсілдерінің теориялық мəнін 
бағалай отырып, Д. Б. Эльконин ойын терапиясының эффектісінің 
тұлғаның рөлдік ойындарда алатын жаңа əлеуметтік қатынастар 
тəжірибесімен анықталатынын атап көрсетті. 
• Диагностикалық. Ойынның болжаушы қасиеті бар, оны 
адамның кез келген іс-əрекетімен салыстырғанда, диагностикалауға 
болады. Ойын – бұл ерекше «өзіндік көрсету өрісі». Диагностика – 
тану қабілеті, диагнозды қою үдерісі. Ойында индивид өзін барын-
ша көрсетеді (интеллект, шығармашылық); екіншіден, ойын – бұл 
ерекше «өзіндік көрсету өрісі». 
• Түзетушілік. Білімгерлердің ойынның сюжетінің ережелерін 
сақтауда, өзінің рөлін жəне серіктестің рөлдерін білуде, ойындағы 
психологиялық коррекция табиғи түрде жүзеге асырылады. Түзетуші 
ойындар білімгерлерге қатарластармен қарым-қатынаста жəне 
қалыпты көңіл-күйге кедергі келтіретін күйзелістерді жеңуге көмек 
беруге қабілетті болады. 
• Əлеуметтендіру. Бұл функция ұжымның толыққанды мүшесі 
ретінде қызмет етуге мүмкіндік беретін, мəдениеттің байлығын 
меңгеруді, тəрбиенің əлеуетін жəне тұлғаны қалыптастыруды 
біріктіруді қамтиды. Ойын – адамның қалыптасуына əсер ететін 
спонтанды үдерістерді, қоғамға немесе қатарластар тобына тəн ру-
хани құндылықтар мен нормаларды, білімді меңгерудің, тұлғаның 
қалыптасуына мақсатты бағытталған əсер етудің əлеуметтік-
бақыланатын үдерістерін қамтитын білімгерлерді əлеуметтендірудің 
күшті құралы. 
• Ойындар ұлттық жəне интерұлттық, ұлтаралық, жалпы-
адамзаттық болып саналады. Ойындар өмірдің əртүрлі жағдайларын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет