330
331
мазмұн, жаңа деректер, құбылыстарды түсіндірудің мүмкін еместігі
арасындағы қарама-қайшылықты табады. Проблеманы шешу көп
жағдайда іс-əрекеттің бірегей, стандартты емес тəсілдеріне жəне
нəтижесіне алып келеді.
Жобалау технологиясындағы контекстілік, білімгерлердің табиғи
өмір сүру əрекетіне жақын жобаларды құруға, өздері зерттейтін
ғылымның адамзат болмысының жалпы жүйесіндегі орнын саналы
ұғынуға мүмкіндік береді.
Практикалық-қайта құрушы іс-əрекет контексіндегі оқу жобала-
ры модельдеуші, техникалық-қолданбалы, эксперименттік-өлшеуші
жəне т.б. болуы мүмкін. Ғылыми-танымдық іс-əрекетті имитациялай-
тын оқу жобалары шынайы жəне ойша экспериментке негізделген,
олар білімгерлерге кез келген жоғары оқу орнының пəнінде ғылыми-
зерттеуші іс-əрекет үдерісін көрсетуге мүмкіндік береді.
Кез келген жоба орындалуы бойынша іс-əрекетпен байланысты.
Іс-əрекет пікірлерді еркін алмасу, орындау тəсілін таңдау жағдайын-
да жүзеге асырылады (шығарма, баяндама, сызба, презентация,
планшет жəне т.б. формасында).
Жобаны орындауда көрсетілетін мəліметтер: проблема; жоба-
ның мақсаттары мен міндеттері; аталған проблеманы шешу үшін
қолданылатын оқу материалы (əдебиет); білімнің белгілі бір
саласындағы теориялық жəне практикалық маңыздылық; мұнда
білімгерлердің интеллектуалды, адамгершілік, мəдени дамуының
мақсаттарын жеке көрсету керек; жобаны орындау мерзімдері;
топтың құрамы; жобаның нəтижелерін безендіру реті.
Жобалар үш сатыда орындалады: дайындық (зерттеуші); тех-
нологиялық; қорытынды. Жобамен жұмыстың əрбір сатысының
өзіндік нақты өнімі болуы керек. Жобаны безендіру келесі
жұмыстарды қамтиды: жобаның тақырыбы, пəні, топтар, жобаның
сипаты (пəнаралық), ғылымның тараулары, жобаның типі,
жабдықтар, жобаның мақсаты мен міндеттері.
Жобаның тақырыпнамасын таңдау əртүрлі жағдайда ал-
уан түрлі болуы мүмкін. Бір жағдайда тақырыпнаманы білім
беру ұйымдарының мамандары бекітілген бағдарлама аясында
құрастыруы мүмкін. Басқа бір жағдайда – оны өзінің пəні, табиғи
кəсіби қызығушылықтары, білімгерлердің қызығушылықтары мен
қабілеттері бойынша оқу жағдаятын ескеріп педагогтар ұсынуы
мүмкін. Үшінші бір жағдайда – жобалардың тақырыпнамасын
білімгерлердің өздері ұсынуы мүмкін, олар өз кезегінде өзіндік
танымдық жəне шығармашылық, қолданбалы қызығушылықтарына
бағдарланады.
Жобалардың тақырыпнамасы жоғары оқу орнының бағ-
дарламасындағы белгілі бір теориялық мəселеге қатысты бо-
луы мүмкін. Алайда, көп жағдайда білім беру ұйымдары ұсынған
жобалардың тақырыбы, практикалық өмірде өзекті болып саналатын
мəселеге қатысты болады. Осылайша, білімді табиғи интеграциялау
жүзеге асады. Жобаларға арналған тақырыптар өте көп, бұл реттеуге
жəне шектеуге болмайтын шығармашылық жұмыс.
Мақсаттарды сауатты түрде құрастыру – ерекше шеберлік болып
саналады. Мақсаттарды құрудан жобамен жұмыс басталады. Дəл
осы мақсаттар əрбір жобаның қозғаушы күші болып табылады, оған
қатысушылардың күш-қуаты сол мақсатқа жетуге бағытталады.
Мақсаттарды құрастыруға арнайы күш-қуатты арнау керек,
сондықтан жұмыстың осы бөлігін орындаудың мұқияттылығына
жобаның сəттілігі байланысты болады. Алдымен, ең ортақ немесе
жалпы мақсаттар анықталады, содан кейін олар бірте-бірте
бөлшектенеді, содан соң жұмыстың əрбір қатысушысының алдында
тұрған нақты міндеттердің деңгейіне барынша сəйкестендіріледі.
Егер мақсатты болжауға уақыт пен күш-қуатты барынша жұмсаса,
онда бұл жағдайда жобамен жұмыс барысы қойылған мақсаттарға
қадаммен жетуге айналады.
Келесі мақсаттар ажыратылады:
1. Когнитивті мақсаттар – қоршаған болмыстың объектілерін
тану; туындайтын мəселелерді шешу тəсілдерін зерттеу, алғашқы
қайнар көздермен жұмыс дағдыларын меңгеру; экспериментті
жүргізу; тəжірибе жүргізу.
2. Ұйымдастырушылық-əрекеттік мақсаттар – өзіндік ұйымдас-
тыру дағдыларын меңгеру; алдына мақсат қоя білу; іс-əрекетті жос-
парлау шеберлігі; топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту, пікірталас
жүргізу техникасын меңгеру.
3. Креативті мақсаттар – шығармашылық мақсаттар, құрастыру,
модельдеу, жобалау жəне т.б.
Қазіргі заманғы жоғары мектептің алдында тұрған аса жалпы
мақсаттарды құрастыруға тырысса, онда басты мақсат ретінде
жобалауға əмбебап білік ретінде оқыту алынады. «Студенттерді
жобалауға оқытуды үйрететін, білімгерлердің жобалау іс-əрекетін
|