Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет178/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   205
Акмеология

348
349
Ойынның мотивтерін ашуға ұмтылып, К. Бюлер ойынның негіз-
гі мотиві ретінде функционалды қанағаттану теориясын ұсынды 
(яғни, нəтижеге байланыссыз əрекеттің өзінен қанағаттану). 
С.Л. Рубинштейн бойынша, ойынды жинақталған күштерді 
жұмсау немесе жүзеге асыру ретінде түсіндіру формалистік 
болып саналады, себебі ойынның динамикалық аспектісін оның 
мазмұнынан тыс алады. Сондықтан мұндай теория ойынды түсіндіре 
алмайды. 
Л.С. Выготский жəне оның шəкірттері ойындағы анықтаушы
бастапқы негіз ретінде, адамның ойнай отырып, өзіне шынайы 
жағдаяттың орнына жалған жағдаятты құратынын, онда əрекет 
ететінін, белгілі рөлді орындап, қоршаған заттарға мəн беретінін 
атап көрсетті. 
Д.Н. Узнадзе ойында əрекет ету функциясының шынайы өмірде 
жетілген жəне қолданыс таппаған үрдістердің нəтижесі ретінде 
атайды. Осылайша, ойын толықтырылатын шынайы мазмұнмен 
байланысты емес формальды белсенділікке айналады. Ойынның 
«мəнін» осылай түсіндіру, оның нақты көріністегі шынайы ойынды 
түсіндіре алмайды. 
Ойын технологияларының тұжырымдамалы негіздері: 
• Ойын əрекетінің психологиялық механизмдері тұлғаның өзін-
өзі танытуындағы, өзін-өзі бекітудегі, өзін-өзі анықтаудағы, өзін-өзі 
реттеудегі, өзін-өзі жүзеге асырудағы іргелі қажеттіліктерге сүйенеді. 
• Ойын – психогендік мінез-құлық формасы, яғни имманентті 
тұлғаға іштей тəн форма (Д.Н. Узнадзе).
• Ойын – баланың «ішкі əлеуметтенуінің» кеңістігі, əлеуметтік 
бағдарларды меңгеру құралы (Л.С. Выготский).
• Ойын – қиялдағы тұлғаның еркіндігі, «жүзеге асырылмаған 
қызығушылықтардың иллюзиялық жүзеге асуы» (А.Н. Леонтъев).
• Ойынға ену қабілеті адамның жасымен байланысты емес, алай-
да əрбір жаста ойынның өзіндік ерекшеліктері болады. 
Ойынның мəнін сауықтырушы-рекреативті мүмкіндіктермен 
тауысу жəне бағалау мүмкін емес. Ойын сауық, демалыс ретінде 
болып, ойын оқытуға, шығармашылыққа, терапияға, адамзат 
қатынасы типінің моделіне, еңбектегі көріністерге айналуға қабілетті 
болады. 
Оқу үдерісінің ойын моделінде, проблемалық жағдаятты құ-
ру ойын жағдаятын енгізу арқылы жүзеге асады: проблемалық 
жағдаятты ойынға қатысушылар ойынға қатысумен жүзеге асыра-
ды, іс-əрекеттің негізін ойындық модельдеу құрайды, білімгерлердің 
іс-əрекетінің бөлігі шартты-ойындық жоспарда жүзеге асады. 
Ойынды оқыту əдісі ретінде, өскелең жас ұрпаққа тəжірибені бе-
ру ретінде ежелден бері қолданып келеді. Оқу үдерісін белсендіруге 
жəне қарқындатуға бағытталған қазіргі жоғары мектепте, ойын 
əрекеті келесі жағдайларда қолданылады: 
• оқу пəнінің ұғымдарын, тақырыптарын жəне тарауларын мең-
геру үшін өзіндік технологиялар ретінде; 
• жалпы технологияның элементі ретінде;
• оқу сабағы немесе оның бөлігі ретінде (кіріспе, бақылау); 
• сабақтан тыс жұмыстың технологиясы ретінде. 
Ойын – кəсіби қалыптасу мектебі жəне адамзат қатынасының 
мектебі. Ойында білімнің жеңіл танылатын қайнар көзі, оқытылатын 
адам болмайды. Оқыту үдерісі əрекет тілінде дамиды, ойынға 
қатысушылар бір-бірімен белсенді байланыс нəтижесінде оқиды. 
Ойынға мəжбүрлеп оқытуға болмайды. Ойын көп жағдайда ерікті 
жəне қалаулы болады. 
Ғылыми əдебиеттерде білім беру технологияларын жіктеуге 
талпыныс жасалды. Бірнеше тұғырлар бар. Мысалы, білім беру 
технологияларын жіктеудің тұғырларының бірін Н.В. Бордовской 
жəне А.А. Реан құрастырды. Ғалымдар білім беру технологиясының 
бес түрін ажыратып көрсетеді: тапсырмалық, ойындық, ком-
пьютерлік, диалогты, тренингті технологиялар. 
Аталған жіктеуде ойын технологиялары педагог пен 
білімгерлердің белгілі сюжетті жүзеге асыруы арқылы өзара 
əрекетінің ойын формаларымен байланысты болады (ойын, ертегі, 
қойылым, іскерлік қарым-қатынас). Мұнда білім беру міндеттері 
ойынның мазмұнына енгізіледі. 
Сөз жоқ, отандық жəне əлемдік педагогикалық тəжірибеде 
қолданылатын қор жинақталған. Бұл бірінші кезекте, педагогикалық 
технологиялардың құрамдас бөлігі жəне қызығушылық тудыратын 
ойын технологиялары болып саналады. Олар біздің тəжірибемізде 
кең қолданысқа ие болды. Ойын технологияларының басым білім 
беру міндеттері тұрғысында ауқымды əлеуеті болады: өзіндік іс-
əрекетке, қарым-қатынасқа қатысты тұлғаның субъектілі позициясын 
қалыптастыру. 
Ойын оқыту мен тəрбиенің ежелгі педагогикалық құралдары-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет