346
347
Ойын арқылы оқыту — бұл қоғамдық тəжірибені барлық
көріністерде – білімде, біліктерде, дағдыларда,
эмоционалды-
бағалаушы іс-əрекетте қайта құруға жəне меңгеруге бағытталған,
шартты жағдайдағы оқу үдерісінің формасы.
Ойын арқылы оқытудың терең тарихи түп-тамыры болады.
Ойын қаншалықты көпқырлы болса, ол оқытады, дамытады,
тəрбиелейді, əлеументтендіреді, қызықтырады жəне демалдырады.
Алайда ойынның тарихи алғашқы міндеттерінің бірі – оқыту. Ойын
өзінің пайда болуының алғашқы сəттерінен бастап, оқыту формасы
ретінде, шынайы практикалық жағдайларды қайта жаңғыртудың
алғашқы мектебі ретінде алынады.
Қажетті адамзат белгілерін,
сапаларын, дағдылары мен əдеттерін, қабілеттерді дамытуды өңдеу
мақсатында оқыту мектебі болады.
Ойын арқылы оқытудың қазіргі қалыптасуында ойын техникасы
қозғалысының стихиялы ұйымдасуы ерекше рөл атқарады, ол
бірінші кезекте іскерлік ойындарды қолдануға сүйенеді, олар өз
кезегінде белсенді оқыту əдістері деген атқа ие болған, оқытудың
үлкен топтарын дамытудың əдістерінің негізі қызметін атқарады.
Оларды теориялық тұрғыда қолдану бірқатар тұжырымдамаларда
негізделген болатын, бірінші кезекте
белсенді оқыту теориясында
негізделді. Алғашқы іскерлік ойынды М.М. Бирнштейн КСРО-да
1932 жылы құрастырды жəне жүргізді. Əдіс тез қолдауға ие болып,
жедел дами бастады. Алайда, 1938 жылы іскерлік ойындар КСРО-да
бірқатар ғылыми бағыттардың күйін кешті – оларға тыйым салынған
болатын. Олардың екінші рет пайда болуы тек 1960 жылдары болды,
содан кейін АҚШ-та алғашқы іскерлік ойындар пайда болды (Ч. Абт,
К. Гринблат, Ф. Грей, Р. Дьюк, Р. Прюдом жəне т.б.).
Философиялық, мəдениеттанушы, психологиялық-педагоги-
калық əдебиеттерді талдау, қазіргі ғылымда ойынның біртұтас
теориясының болмағанын, ғылымның əртүрлі саласындағы бірқатар
тұжырымдардың болатынын көрсетті.
Философияда жəне мəдениеттануда ойын адам болмысының тəсі-
лі ретінде, қоршаған əлемді игерудің құралы ретінде қарастырылады,
аталған ғылымдарда ойынның аксиологиялық негіздемелері жəне
ойын феноменінің этномəдени құндылығы зерттеледі.
Педагогика ғылымында ойын феномені оқыту мен тəрбиені
ұйымдастырудың тəсілі, педагогикалық мəдениеттің компоненті
ретінде қарастырылады, онда қазіргі
заманғы ұрпақтың ойын
əрекетін оңтайландырудың формалары мен тəсілдері зерттеледі.
Психологияда ойын психикалық үдерістерді белсендіру,
өмірді диагностикалау, түзету жəне бейімдеу құралы ретінде
қарастырылады, онда ойын феноменін қамтамасыз ететін əлеуметтік
эмоциялар зерттеледі.
Ойын феноменіне алғашқылардың бірі болып зейін аударған
Ф. Шиллер болды. Ол ойынды адамның дүниетанымын қалып-
тастырудың əрекеттік факторларының бірі ретінде қарастырады.
Ф.
Шиллер бойынша, адам ойында жəне ойын арқылы өзін жəне
əлемді қайта жасайды, ойын ойнау арқылы адам болуға болады.
Г. Спенсер ойынның жаттықтырушы функцияларына ерекше
зейін аударды. Алайда, ойынның мəдениеттің қайнар көзі ретіндегі
мəніне нидерландылық мəдениет тарихшысы Й. Хейзинг ерекше
назар аударды. Оның пікірінше, адамзат мəдениеті ойында пайда
болады жəне ойын ретінде кеңейеді.
Ойын феноменін ғылыми тұрғыда түсіндіруге Э. Берн, Р. Вин-
клер, Г-Х. Гадамер, Ж.-П. Сартр, З. Фрейд, Г. Спенсер, Ж. Пиаже
сияқты батыс философтары мен психологтары зор үлес қосты.
Педагогика жəне психологияда ойын əрекеті мəселесін П.П. Блон-
ский, С.Л. Рубинштейн, Д.Б. Эльконин құрастырды. Н.А. Аникеева,
Н.Н. Богомолова, В.Д.
Пономарев, С.А. Смирнов, С.А. Шмаков
жəне т.б. ойын педагогикасын, педагогикалық үдерістегі ойынның
алатын орнын, ойын əрекетінің құрылымын, ойынды басқаруды
құрастырды.
Қазіргі кезде барлық дамыған елдерде іскерлік ойындар немесе
оқытудың ойын əдістері қолданылмайтын
білім беру мекемесі
жоқтың қасы.
К. Гростың теориясы ерекше танымал болып табылады. Ол
ойынның мəнін оның күрделі іс-əрекетке дайындық ретіндегі
қызметімен қарастырады; адам ойында жаттыға отырып, өзінің
қабілеттерін жетілдіреді. Ерекше танымалдыққа ие болған бұл
теорияның
негізгі жетістігі, оның ойынды дамумен байланысты
болатынында, осы дамудағы ойынның атқаратын рөлінің мəнінде
болады. Оның негізгі кемшілігі – бұл теория ойынның «мəнін» ғана
көрсетіп қоймайды, сонымен бірге ойынды туындататын себептерді
жəне ойынға ынталандыратын мотивтерді көрсетеді.
Г. Спенсер Ф. Шиллердің идеясын дамыта отырып, өзінің
құрастырған ойын теориясында, ойынның қайнар көзін күш-қуаттың
артық болуында қарастырады: өмірде, еңбекте жұмсалмаған артық
күштер, ойында өзінің орнын табады.