354
355
модельдеуге мүмкіндік береді, агрессивтілікке жүгінбей, кикілжің-
нен шығу жолын іздеуге үйретеді, өмірді қабылдаудағы эмоциялар-
дың алуан түрлілігіне үйретеді.
Кəсіби үдерістің сипаты бойынша ойындардың келесі топтары
ажыратылады:
• оқытушы, жаттықтырушы, бақылаушы жəне жалпылаушы
(білімдер мен дағдыларды трансляциялауды қамтамасыз етуге
бағытталған оқу үдерісінде алатын орны бойынша);
• танымдық, тəрбиелік, дамытушы, əлеуметтендіруші (оқу
үдерісіндегі мақсаттары бойынша, былай таза түрінде ажырату
мүмкін болмас, себебі таным, тұлғалық өсу жəне тəрбие үдерістерін
орны мен уақыты бойынша ажыратуға болмайды);
• репродуктивті, өнімді, шығармашылық (креативілік негіздемесі
бойынша дифференциациялайды);
• коммуникативті, диагностикалық, кəсіби бағдарлы, сюжетті-
рөлдік, іскерлік, имитациялық ойындар мен ойын-драматизациялар
(ойын əрекетінің сипаты бойынша);
• психотехникалық, психологиялық, интеллектуалды (ақыл-ой)
жəне т.б.
Ойын шынайы болмысты модельдеуге жəне оқу іс-əрекетінің
мотивациясына бағытталған оқытудың тəсілі болады, сонымен бірге
белсенді оқытудың жəне оқу іс-əрекетінің ұйымдастырудың форма-
сы болады.
Академиялық ойындар өздерінің əлеуметтік бағыттылығы
бойынша жақсы. Ойындарды қолдану – болашақ мамандардың
құзырлылықтарын қалыптастырудың шарты.
Əрбір ойынның нəтижесі ретінде, жаңа білімді меңгеру, алын-
ған білімнің сапасын жақсарту алынуы керек. Ойын дербес
дидактикалық бірлік ретінде, сонымен бірге оқытудың кез келген
технологиясын қолдануда элемент бола алады. Ойын əмбебап, себебі
сабақтың кез келген сатысында, кез келген формада мүмкін болады.
«Педагогикалық ойын технологиялары» ұғымы алуан түрлі
педагогикалық ойындар формасында, кəсіби үдерісті ұйым-
дастырудың əдістері мен тəсілдерінің ауқымды топтарын қамтиды.
Білім беруші ойын технологияларын дамыту, студенттерді
кəсіби оқытуға қуатты импульс берді. Соның нəтижесінде, əртүрлі
жағдайдағы əлеуметтік жəне кəсіби іс-əрекеттің белгілі бір форма-
ларын сезіну мүмкіндігі пайда болады.
Оқу-танымдық іс-əрекеттің ойындық сипаты танымдық қызы-
ғушылық жəне жарысу факторын қамтиды, алайда бұлармен қатар
өзі білімгерлердің ойлау белсенділігінің тиімді мотивациялық
механизмі ретінде болады. Жақсы ұйымдастырылған сабақ өзіндік
дамытуға арналған стимулдарды қамтуы керек. Оқу іс-əрекетіндегі
əрбір кезекті қадам, алдыңғы қадамнан шығуы керек жəне келесі
қадам үшін ынталандырушы себеп болуы керек. Ойынның ішкі
кикілжіңі, өзінің драматургиясы болады, олар өз кезегінде ойынға
қатысушыны əрекетке ынталандырады.
Ойын, жарысушылық, іс-əрекеттің шығармашылық сипаты жəне
оқу-танымдық қызығушылық студентке эмоционалды əсер етеді.
Біліктер мен дағдыларды келесі төмендегі жолдар арқылы
қалыптастырған дұрыс:
• нақты жағдаяттарды талдау жəне талқылау;
• жағдаяттық міндеттерді шешу;
• инциденттерді (оқиғаларды) қарастыру (кикілжіңдер, оқиға-
лар);
• құжаттаманы іріктеу жəне т.б.
Біліктер мен дағдыларды жетілдіру келесі құралдар арқылы аса
тиімді жүзеге асырылады:
• рөлдерді ойнау (сахналау);
• имитациялық ойындар;
• ойындық жобалау жəне сабақтың ойын формаларын жобалау.
Белсенді топтық əдістер дəстүрлі түрде үш негізгі блокқа
біріктіріледі:
• пікірталастық əдістер;
• ойын əдістері;
• сензитивті тренинг (тұлғааралық сезімталдықты жəне өзін пси-
хофизикалық бірлік ретінде қабылдауды жаттықтыру).
Қатарластарымен пікірталас механизмінің нəтижесінде, білім-
герлер эгоцентрлік ойлаудың белгілерінен шеттейді жəне басқа
адамның көзқарасын ұстауға үйренеді. Пікірталас қатысушылардың
келесі ізденістің белсенділігіне эмоционалды қозғау береді, бұл өз
кезегінде білімгерлердің нақты əрекетінде жүзеге асырылады.
Топтық талқылау əдісі, əрбір қатысушының өзіндік көзқарасын
түсіндіруге, бастаманы дамытуға, коммуникативті сапалар мен
біліктерлі дамытуға ықпал етеді.
Оқытудың ойын əдістері туралы айта отырып, оларды опе-
рациялық жəне рөлдік ойын əдістеріне бөлген дұрыс.
|