Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет30/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   205
Акмеология

56
57
реттеудің жоғары деңгейі, шешім қабылдау білігі, креативтілік, 
жетістіктердің жоғары жəне адекватты мотивациясы. Сонымен бірге, 
кəсібиліктің өзгеше немесе ерекше акмеологиялық инварианттарын 
ажыратуға болады, олар өз кезегінде белгілі дəрежеде кəсіби іс-
əрекеттің нақты түрінің өзгешелігін көрсетеді. 
Тұлғалық-кəсіби дамыту – кəсіби іс-əрекет пен кəсіби өзара 
əрекет үдерісінде, оқыту мен өзіндік дамыту арқылы жүзеге 
асырылатын, кəсібиліктің жəне кəсіби жетістіктердің жоғары 
деңгейіне бағдарланған тұлғаны дамыту үдерісі. Ол екі бағытта 
көрініс табады: кəсіби-білікті дамуда, яғни кəсіби біліктілікте жəне 
кəсіби-қызметтік дамуда, яғни кəсіби мəнсапта көрініс табады. 
Кəсіпқой – бұл тұлғаның жəне іс-əрекеттің кəсібилігінің жоғары 
көрсеткіштеріне ие, жоғары кəсіби жəне əлеуметтік мəртебесі бар, 
тұлғалық жəне əрекеттің нормативті реттеу жүйесі дамыған, үнемі 
өзін-өзі дамытуға жəне өзін-өзі жетілдіруге, тұлғалық жəне кəсіби 
жетістіктерге бағытталған, əлеуметтік-жағымды мəні бар, кəсіби іс-
əрекет субъектісі. Аталған категориялар мен ұғымдар қазіргі кезде 
акмеология үшін базалық болып саналады. 
1.3 Құзыреттілік базалық акмеологиялық категория ретінде
Тақырыптың негізгі ұғымдары: құзыреттілік, құзыреттілік 
тұғыр, құзырлылықтар, білім беру құзырлылықтары, түйінді 
құзырлылықтар, базалық құзырлылықтар, арнайы құзырлылықтар. 
Кəсіби білім берудегі акмеологияның мəселелерін зерттеу, 
акмеологияның теориялық аппаратын айқындау мен негіздеуді
ноосфералық педагогиканың ерекшеліктерін, педагогиканың 
біріктіруші сипатын есепке алатын, кəсіби білім берудің 
мамандарының кəсіби құзыреттілігін жетілдіруді талап ететін өзекті
мəселе болып табылады. 
Кəсіби білім беру жүйесінің дамуының қазіргі заманғы үрдістері, 
білім беру мекемелерінің болашақ түлектеріне жоғары талаптар 
ұсынады. Педагогикалық ой-пікірлердегі жаңа ұғым ретінде 
құзырлылықты қалыптастыру алынады. 
Əлемдік білім беру тəжірибесінде құзыреттілік ұғымы, білім 
берудің мақсаты ретінде, соңғы жылдары түйінді ұғымдардың 
бірі ретінде болады, ал түйінді құзырлылықты қалыптастыруды 
мектептің білім беру мақсаттарына ендіру (атап айтсақ, жоғары 
мектеп) жəне сонымен байланысты оқу жұмысының əдістерін 
өзгерту – жоғары мектепті қайта құрудың (жаңарту) негізгі бағыты 
ретінде болады. «Адамдармен қарым-қатынас жасау, өз бетімен 
туындайтын мəселелерді шешу» қабілеті кəсіби іс-əрекеттің жəне 
білім беру аясына тəуелсіз əмбебап сапалар болып саналады. Білімге 
бағдарланатын жоғары мектеп əлемдегі еңбектің жаңа сұраныстары 
тұрғысында ескірді». 
Соңғы онжылдықта инновациялық білім берудің теоретиктері 
мен практиктері, мамандардың белгілі білімдері мен біліктерін 
қалыптастырудың қажеттілігі туралы ғана емес, сонымен бірге алуан 
түрлі өмірлік жағдайларда, тəжірибеде аталған білім мен біліктерді 
қолдану қабілетіне бағытталған ерекше «құзырлылықтарды» 
қалыптастырудың қажеттілігі туралы пікір білдіреді. Нəтижесінде 
коммуникацияға жəне командалық жұмысқа дайындықты, жобалық 
менеджмент əдістерін меңгеруді, пəнаралық тұғырды қолданып
мəселелерді талдау жəне шешу біліктерін, іргелі жəне техникалық 
білімді қамтитын, құзырлылықтар кешенін қамтамасыз ететін білім 
берудің жаңа сапасының қажеттілігі туындайды (Eyerer P., Hefer B. 
and Krause В., Enemark S.).
Қазіргі заманғы экономика орта жəне жоғары мектептің көпшілік 
түлектерінің білімінің көрсеткіштерінен біршама асып түсетініне 
бағдарланған. Нəтижелі кəсіби іс-əрекетте, оқшауланған білімдер 
емес, өмірлік жəне кəсіби мəселелерді шешу, шетелдік қарым-
қатынас жасау қабілеті, ақпараттық технологиялар саласында 
даярлық қабілетінде көрінетін жалпылама біліктер аса маңызды 
жəне тиімді болып табылады. Осылайша, құзыреттілік тұғыр 
қазіргі заманғы білім берудің біршама мəнді жаңартуды талап 
етуімен сұранысқа ие болады, ал осы үдерісті жүзеге асырмау, 
заманауи педагогикалық идеялар мен тұжырымдамаларды ендіру 
негізінде, білім беруді жетістікпен қайта құруға деген көп жылдық 
ұмтылыстардың арасындағы кезекті компания болу мүмкіндігін 
иеленеді (И. Капинос, А.Г. Бермус)
Қазіргі кезде біз білім беру жүйесіндегі қайта құруды əртүрлі 
бейіндегі мамандарды даярлаудағы сапалы жаңа тұғыр ретінде айта 
аламыз. Жоғары білім беру жүйесін екі деңгейге бөлу, еңбек іс-
əрекетіне бағдарланған студенттер мен ғылыми дамуға бағытталған 
студенттер арасындағы нақты шектеуге əкеледі. Осы жағдайда жаңа 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет