6
7
құралдарымен теориялық
тұрғыда қаруландыру мақсатында, зама-
науи, адекватты əдіснамалық принципті – Б. Г. Ананьев ұсынған
детерминизм принципін жəне С. Л. Рубинштейн мен оның шəкірт-
тері құрастырған субъектілік жəне даму принциптерін атады.
Акмеологияның жалпы əдіснамалық принциптері, оның
басқа ғылымдармен өзара əрекеттестік сипатын, адам туралы
білім жүйесінде алатын орнын, оны
жетілдірудегі практикалық
рөлін, сонымен бірге осы жетілдірудегі əлеуметтік жəне тұлғалық
қажеттілікті, оның мəні мен мақсатын анықтайды.
Акмеология – адамның кемелдену сатысында дамуының, əсіресе,
адамның осы дамудағы аса жоғары деңгейге жетуінің заңдылықтары
мен механизмдерін зерттейтін, жаратылыстану, əлеуметтік жəне
гуманитарлы ғылымдардың түйісуінде пайда болған ғылым (грек
тілінен. «акме» – шың).
Акмеологияның гуманистік бағдары көптеген стратегиялар
арқылы қамтамасыз етіледі: 1) субъектінің шынайы жəне
идеалды күйін қамтитын
жалпы модельді құрайды; 2) субъектінің
дамуының оңтайлы сапасы мен деңгейіне жетуді қамтамасыз ететін
акмеологиялық қолдау құралдарының жиынтығын құрастырады
жəне жүзеге асырады; 3) өзін-өзі реттеу, рефлексия,
өзін-өзі
ұйымдастыру, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі анықтау жəне өзін-өзі
таныту принциптерін анықтайды, яғни өзін-өзі дамытудың тұлғалық
механизмдерін анықтайды.
Акмеология адамдардың индивидтік, тұлғалық жəне субъектілі-
əрекеттік əлеуетін іс-əрекетте шынайы етуге көмек беретін,
стратегияларды, тактикаларды жəне техникаларды құрады жəне
ендіреді.
Аталған мəселені зерттеу, акмеологияның теориясы мен
əдіснамасына сүйеніп, қазіргі мамандарды оқыту мəселесін жаңаша
сапалы тұрғыда қарастыруға мүмкіндік береді, себебі бұл ғылым
кəсіби шеберлік саласындағы аса жоғары жетістіктер туралы ғылым
болып табылады. Кемелденген тұлғаны үдемелі, ілгері дамыту,
оның өзін-өзі жүзеге асыру жəне өзін-өзі маңызды етудің жолдары
туралы
жалпылама білімдер, қазіргі жоғары кəсіби білім берудегі
инновациялық үдерістерді жүзеге асыруда тұжырымдамалы буын
бола алады.
Білім берудегі қазіргі беталыстар тұрғысынан қарастырылатын
акмеологиялық білімнің дамуы жəне оның білім беруші əлеуеті,
кəсіби даярлықтың мазмұнын, сипатын жəне
бағыттылығын
өзгертуді талап етеді, онда кəсіби білімді меңгеру үдерісі жоғары
оқу орнындағы білім беру үдерісінің субъектілерінің тұлғалық,
құндылықты-мағыналық аясы арқылы басқаша түсіндіріледі.
Акмеология ғылым ретінде адамның құндылығын, оны жетілдіру
мен өзінің кəсіби іс-əрекетін жоғары тиімділікпен жүзеге асыру
қабілетін, тұлғаның динамикалық тұрғыда өзін-өзі дамытуын, оның
өзін-өзі жүзеге асыра отырып, толыққанды өмір сүруін зерттейді.
Білімділік,
құзыреттілік, шеберлік – бұл білім беру арқылы
құрылатын «рухани өнімдер» немесе білім беру үдерісіне
қатысушы тұлғалардың қасиетіндегі психикалық, физикалық жəне
акмеологиялық жаңа құрылымдар.
Акмеология гуманитарлық ғылымның басқа саласындағы
зерттеу нəтижелерін біріктіріп,
оның қайта ойлау барысында,
«өзін-өзі дамыту», «өзін-өзі маңызды ету», «өзін-өзі жетілдіру»,
«өзін-өзі жүзеге асыру» ұғымдарының «акме» жəне «мəдениет»
ұғымдарымен тығыз қатынаста болатынын көрсетті. Акме бір
мезгілде нəтиже жəне адамның өзін-өзі дамыту үдерісі ретінде,
оның мəдениетінде көрініс табады. Өз кезегінде, мəдениет өзін-өзі
дамытудың біріктіруші көрсеткіші болып табылады, ол бір мезгілде
осы үдерістің тиімділігін қамтамасыз ететін тұлғалық сапа ретінде
болады.
Акмеологиялық мəдениеттің жоғары деңгейі, адамға өзін-өзі
дамыту үдерісін өмірлік құндылық ретінде ұғынуға, өмір сүру
əрекетінің барысында өзін-өзі жетілдіру жəне өзін-өзі жүзеге
асыруға жағдай жасауға, өзінің даралығын тануға, өзектілеуге, оны
шығармашылықпен көрсетуге мүмкіндік береді.
Акмеологиялық
мəдениетті тұлғалық сапа ретінде дамыту, тұлғаның жаңа өмірлік
таңдауларына мүмкіндіктер ашатын жаңа міндеттерді қоюға əкеледі,
сонымен бірге акме – өзін-өзі жүзеге асыруға жету үшін жаңа қадам
жасауға мүмкіндік береді.
Аталған оқулық «Акмеология» курсының аясында инновация-
лық жоғары кəсіби білім берудің əлеуеті ретінде, психологиялық-
акмеологиялық мəселелерге қазіргі заманғы
көзқарастарды дербес
зерттеудің бағдары болады. Оқулықта жəне ұсынылған əдебиет
көздерінде көрсетілген материалдарды зерттеу, сонымен бірге дер-
бес библиографиялық ізденіс, курсты меңгерудің тиімділігін жəне
өнімділігін көтереді, сонымен бірге, кəсіби қалыптасудың өзіндік
стратегияларына қатынаста рефлексияның мүмкіндіктерін арттыра-
ды.