126
кестенің жалғасы
11.
Алғашқы əскери
дайындық
1
1
2
68
Инвариантты оқу
жүктемесі
32
32
64
2176
Вариативті компонент
Мектеп компоненті
Қолданбалы курстар
6
6
12
408
Оқушы компоненті
Таңдау курстары
1
1
2
68
Вариативті оқу
жүктемесі
7
7
14
476
Оқу жүктемесінің
жоғары шекті көлемі
39
39
78
2652
5.3 12 жылдық мектеп оқу жоспарындағы
информатиканы оқыту құрылымы жайында
Қазақстан Республикасының 2015 жылға
дейінгі білім беруді
дамыту тұжырымдамасында «Қазақстан жағдайында орта білім
берудің неғұрлым оңтайлы, ыңғайлы жəне экономикалық жағынан
тиімді құрылымы 4+6+2 болып табылады. Он екі жылдық орта білім
беру үш сатыда іске асырылатын болады [22].
І-саты – бастауыш білім беру, 1-4 сыныптар. Оқу мерзімі – 4 жыл.
Оқу 6 жастан басталады. Білім мазмұны шетел тілі мен информатика
негіздерін ерте үйрету арқылы байытылатын болады.
ІІ-саты – негізгі білім беру, 5-10 сыныптар. Оқу мерзімі – 6 жыл.
ІІІ саты – орта білім беру. Бейіндік оқыту, 11-12 сыныптар. Оқу
мерзімі – 2 жыл ...» деп атап көрсетілген.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша
құзыреттілік тəсіліне негізделген 12 жылдық
білім берудің жаңа
стандартын əзірлеу жəне енгізу жоспарлануда.
2015 жылы оқытудың 12 жылдық моделіне дəйекті көшу мына-
дай сызба бойынша басталады:
127
Жылдар
Оқытудың 12 жылдық
бағдарламасы бойынша
Оқытудың 11 жылдық
бағдарламасы бойынша
2015 – 2016
1,5,11
2,3,4,6,7,8,9,11
2016 – 2017
1,2,5,6,11,12
3,4,7,8,9
2017 – 2018
1,2,3,5,6,7,11,12
4,8,9
2018 – 2019
1,2,3,4,5,6,7,8,11,12
9
2019 – 2020
1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12
11 жылдық мектептің 9-сыныбынан 12 жылдық мектептің 11-сы-
ныбына көшу 2015-2016 оқу жылынан 2019-2020 оқу жылына дейін
жүзеге асырылады.
12-жылдық білім беруде «Информатика» пəні 3 кезеңмен
оқытылады:
– бастапқы курс (3-4 сыныптар) немесе (1-4 сыныптар);
– негізгі курс (5-10 сыныптар);
– бейіндік курс (11-12 сыныптар).
«Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді
дамыту тұжырымдамасы» жəне «Қазақстан Республикасында
2005-2010 ж. Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы»
талаптарына сəйкес 2004 жылы Қазақстан
Республикасы Білім
жəне ғылым министрлігі 12 жылдық білім беру проблемалары
республикалық ғылыми-практикалық орталығында А. Е. Əбілқа-
сымованың басшылығымен «12 жылдық мектептің негізгі орта
буынының білім мазмұны» жасалды [28, 29].
Мектеп информатика курсының қалыптасуы мен дамуының, яғни
оның стандартын жасауға оның информатиканы
оқыту мазмұнын
өзгермейтін іргелі негіздер жағына өзгертуге жылдамдап ұмтылуын
анықтаудың сипатталған кезең-кезеңдік тəсілі, мектеп информа-
тикасы бойынша осындай стандарттың бүкіл еліміздегі білім беру
жүйесін іргелендіру жəне жаңаландыру
флагманы қатарында бола
алатындығына барлық мүмкіндіктері бар.
Мектептің білім беру жүйесінде «Информатика» пəні қоршаған
ортаны талдаудың жүйелі-ақпараттық тəсілін қалыптастыратын;
ақпараттық үдерістерді ақпаратты алу, өңдеу,
тасымалдау, сақтау
жəне қолдану əдістері мен құралдарын оқытатын; ақпараттық техно-
логияларды қолдануға байланысты адамның практикалық іс-əрекеті
аумағын дамытып жəне үнемі кеңейтіп отыратын ғылыми білімнің
іргелі салаларының бірі болып табылады.
128
Мектепте информатиканы оқытудың негізгі мақсаты –
оқушылардың ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау жəне
қолдану үдерістері жайлы негізі білімін жан-жақты əрі саналы түрде
меңгеруін қамтамасыз ету жəне соның негізінде оқушыларға қазіргі
кездегі əлемнің ғылыми бейнесін
қалыптастырудағы ақпараттық
үдерістердің, қазіргі ақпараттық қоғам дамуындағы АКТ-ы рөлінің
мəні ашу.
Информатиканы оқыту мақсатына жету үшін келесі міндеттерді
шешу қажет:
– оқушыларда информатика саласының негізгі ұғымдары мен
білімдерді қалыптастыру;
– информатика саласында біліктіліктер мен құзырлылықтарды
қалыптастыру;
– ақпараттық қоғамда өмір сүретін
өскелең ұрпақтың
адамгершілік жəне құқықтық негіздерінің қалыптасуын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: