Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет145/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Тараптардың ереуіл барысындағы міндеттері. Ереуіл кезінде 
ұжымдық еңбек шартының тараптары өздерінің барлық 
мүмкіндіктерін, соның ішінде, бітімгершілік құралдарын пайдалана 
отырып, оны шешудің жолдарын іздестіруді жалғастыруға 
міндетті. 
Ереуілді жүргізу барысында ұжымдық еңбек дауының 
тараптары мен ереуілді басқарушы органдар қоғамдық тəртіпті 
қамтамасыз етуге, заңдылықты сақтауға жəне мүліктің сақталуына, 
сонымен қатар, тоқтатылуы адамдардың өмірі мен денсаулығына 


қауіп төндіруі жəне өндірістің тоқтауына əкелуі мүмкін
машиналардың, жабдықтардың жұмысын қамтамасыз етуге 
қатысты барлық шараларды қолдануға міндетті. 
Адамдардың қауіпсіздігі, олардың өмірі мен денсаулығын 
қамтамасыз етумен жəне қоғамның маңызды мүдделерімен 
байланысты қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ереуілге шыққан жағдайда, 
ереуіл кезінде қажетті жұмыстың (қызметтің) ең аз мөлшерін 
қамтамасыз етуі қажет. Бұл қызмет ереуілді жүргізуге кедергі 
болмауы тиіс. 
Жұмыстың (қызметтің) мұндай түрлерін тараптар атқарушы 
билік органымен немесе жергілікті өзін-өзі басқару органымен 
бірлесе отырып, өз келісімінде анықтайды. Егер тараптар бұл 
мəселеге қатысты келісімге келе алмаса, онда жұмыстардың 
аталған тізімін атқарушы билік органы немесе жергілікті өзін-өзі 
басқару органы белгілейді. 
Ереуілдердің түрлері. Ереуілдер заңды жəне заңсыз болуы 
мүмкін. 
Егер ереуіл қолданыстағы заңдардың талаптарын сақтай отырып 
жүргізілсе онда ол заңды деп танылады. 
Заңсыз деп мынадай ереуілдер танылады: 
· саяси себептер, соның ішінде, конституциялық құрылымды 
өзгерту, мемлекеттік органдарды шақыру, тарату немесе олардың 
қызмет тəртібін өзгерту, олардың басшыларын қызметінен босату, 
сонымен қатар, ұлттық жəне нəсілдік теңқұқылықты бұзу, елдің 
аумақтық біртұтастығын өзгерту туралы талаптарға негізделген 
ереуілдер; 
· ҚР «Ұжымдық даулар жəне ереуілдер туралы» заңының 2-6- 
баптарының ережелерін сақтамай жарияланған, аталған заңның 11-
12-баптарының талаптарын бұза отырып басталған немесе 
аяқталған ереуілдер. 
Сонымен қатар, ереуілді заңсыз деп танудың негіздері болып 
мына жағдайлар табылады: 
- ұжымдық еңбек дауының (шиеліністің) пəнінің болмауы; 
- қызметкерлердің талаптарды орындамауы; 
- ұжымдық еңбек дауының туындау сəтін бұза отырып, ереуілді 
жариялау. 
Егер дау еңбек арбитражымен қарастырылмаса немесе еңбек 
арбитражының тараптармен алдын-ала міндетті деп танылған 
шешімі болса, сонымен қатар, ереуілді жариялау туралы шешімді 


мұндай уəкілеттігі жоқ орган қабылдаса, ереуілді жариялау туралы 
шешім қызметкерлердің жалпы жиналысының дауыс беруі арқылы 
қабылданбаса, егер бұл үшін еңбек ұжымы мүшелерінің немесе 
конференция делегаттарының құрамының үштен екі бөлігінен азы 
дауыс берсе, ереуілді басқарушы орган жұмыс берушіні ереуіл 
басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жазбаша 
түрде ескертпесе, ереуіл заңсыз деп танылуы мүмкін. 
Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот заңшығарушылық 
актілерге сəйкес қабылдайды. Ереуілді заңсыз деп тану туралы 
талап-арызды жергілікті атқарушы органдар, тиісті прокурор жəне 
жұмыс беруші бере алады. Сот ереуілді заңсыз деп тану туралы 
істі талап-арыз берілген күннен бастап күнтізбелік он күннен 
кешіктірмей қарауы қажет. 
Егер сот ереуілді заңсыз деп тану туралы шешім қабылдаса, 
еңбек ұжымы ереуілді тоқтатуға жəне ереуілді басқарушы органға 
сот шешімінің көшірмесі берілгеннен бастап бір тəуліктен 
кешіктірмей өз жұмыстарын жалғастыруға міндетті. 
Соныман қатар, ереуілді басқарушы орган сот шешімін 
заңнамада белгіленген тəртіпте шағымдау құқығына ие. 
Сонымен, ереуілді кейінге қалдыруды, тоқтата тұруды жəне 
мерзімінен бұрын тоқтатуды екі орган жүзеге асыра алады: 
заңда көзделген жағдайларда – сот, ереуілді басқарушы 
орган – кез келген уақытта. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет