Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Түнгі уақыттағы кезекшіліктер



Pdf көрінісі
бет94/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Түнгі уақыттағы кезекшіліктер – бұл қызметкердің басшылықтың үкімі 
бойынша ұйымда жұмыстан тыс уақытта кейінге қалдырылмайтын 


мəселелерді (мысалы, мереке, демалыс күндері, төтенше жағдайлар кезінде) 
жедел шешу жəне тəртіп сақтау үшін жауапты болуы. Кезекшілерге күзетші, 
вахтер, еден жуушы сияқты қызметкерлердің міндеттерін жүктеуге болмайды. 
Жұмыстан тыс уақыттағы кезекшілікке тек ерекше жағдайларда айына бір 
реттен жиі емес жол беріледі. 
Жұмыс уақытын өлшеу мақсатында жұмыс аптасы, жұмыс күні 
жəне жұмыс ауысымы түсініктері қолданылады. 
ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 47-бабы 
 
Қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс 
аптасы белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде 
күнделікті 
жұмыстың 
(ауысымның) 
ұзақтығы 
жұмыс 
берушінің актісімен немесе жұмыстың ерекшелігін, еңбек 
ұжымының пікірін ескеріп жəне жұмыс аптасының 
белгіленген ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс беруші 
бекітетін ауысым кестесімен белгіленеді. 
Өндірісінің сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес 
күндік жұмыс аптасын енгізу орынсыз ұйымдарда бір күндік 
демалысы бар алты күндік жұмыс аптасы белгіленеді. Алты 
күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы 
апталық норма 40 сағат болғанда -7 сағаттан аспауға, апталық 
норма 36 сағат болғанда -6 сағаттан жəне апталық норма 24 
сағат болғанда -4 сағаттан аспауға тиіс.
 
Бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын еңбек немесе 
ұжымдық 
шарттардың 
талаптарымен 
жұмыс 
беруші 
белгілейді. 
Қазіргі кезде екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы 
жұмыс аптасының негізгі түрі болып табылады. Бұл ретте жұмыс 
уақытының апталық нормасы (40 сағат, 36 сағат, 24 сағат) бес 
күнге бөлінеді, сол себепті, күнделікті жұмыс уақытының 
ұзақтығы көбейеді. 
Соған қарамастан, жұмыс аптасының дəл осы түрі еңбек пен 
демалысты тиімді үйлестіруге жəне қызметкердің толық демалып, 
содан кейін тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. 
Бес күндік жұмыс аптасында жұмыс беруші жұмыс аптасының 
ұзақтығын сақтай отырып, күнделікті жұмыс уақытының 
ұзақтығын өзі анықтайды. Бұл ішкі еңбек тəртібінің ережелерінде 
көрсетіліп, жұмыс берушінің актісімен бекітілуі тиіс, ал 


ауысымдық жұмыста – жұмыс беруші жұмыстың ерекшелігін жəне 
еңбек ұжымының пікірін ескере отырып бекіткен ауысым 
кестелерінде көрсетілуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет