Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту бағдарламасы - бұл мектепке дейін білім беру мазмұнын анықтайтын екінші құжат. Білім беру бағдарламасы стандарт анықтаған білім беру мазмұнын нақтылайды.
Білім беру бағдарламасы – мектепке дейін білім берудің мақсаттарын, білім беру мазмұнын, балалардың іс-әрекет түрлерін, әлеуметтік тәжірибе компоненттерінің қатысуын, олардың бағдарлама бөлімдері және балалардың жасына қарай бөлінгендігін көрсететін құжат.
Мектепке дейінгі мекемеде бағдарлама негізгі екі функцияны орындайды: білім беру мазмұнын оқу пәні деңгейінде бекіту функци- ясы және педагогикалық процесті құру мен оның барысын бақылау функциясы. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасының даму тарихынан аздап хабарлама жасайық.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеудің бірінші бағдарламасын Я. А. Коменский 1663 жылы «Ұлы дидактика» деген еңбегінде аналарға жетекшілік бағдарламаға әдістемелік қосымша оның «Ана мектебі» атты кітабында көрсетілген. Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасының өз нұсқасын И. Г. Песталоцци 1703 жылы аналар үшін «Гертруда өз балаларын қалай оқытты?» атты еңбегінде ұсынды.
Кеңес Одағында 1919 жылы «Балалар бақшасының ұясын енгізуге нұсқау» басылып шықты, онда балалармен істелетін жұмысты ұйымдастыру, оның мазмұны, әдістері жөнінде нұсқаулар берілген. 1932 жылы Н. Н. Суровцеваның басшылығымен бағдарламаның бірінші жо- басы жарық көрді, ол мынадай бағыттарды қамтыды: қоғамдық-саяси,
еңбек, музыкалық-қозғалыс тәрбиесі, сурет салу, математика, грамма- тика. Онда ұйымдастыру кезеңдері, қызу сөз, ойын, балалар ұжымын ұйымдастыру жөнінде әдістемелік ұсыныстар орын алды. Бағдарлама жобасында мектепке дейін білім беру мекемесінде мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстың міндеттері мен көлемін анықтауға тал- пыныс жасалды.
1934 жылы редакциясын А. Флерина, Д. В. Менджерицкая, Н. Н. Суровцевалардың басқаруымен бірінші «Тәрбие бағдарламасы» жарық көрді. Ол мынадай бағыттарды қамтыды: қоғамдық, дене тәрбиесі, су- рет салу, жабыстыру, еңбекке үйрету, тілін дамыту, кітаппен және су- реттермен жұмыс істеу, табиғат туралы білім негіздері, математикалық түсініктерді дамыту, сауат. Бұл бағдарлама жетілдіріліп 1962 жылға дейін балалар бақшасында балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізі болды.
1938 жылы Н. К. Крупская «Балабақшаларының тәрбиешілері үшін жетекші»-ні жазды, онда педагогикалық бұрмалаушылықтарға байланысты өзінің сын ескертпелерін жазды. Ол балалар үшін танымдық материалдардың ақталуға жатпайтындай күрделілігін, балаларға арналған материалдардың ғылыми негізерінің жоқтығын, бағдарламаның және ата-аналармен жұмыс бөлімінің ғылыми негізделмегендігін сынайды. 1953 жылы бұл құжат «Балалар бақшасында мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту» атты жаңа бөлім енгізілуіне байланысты өңделіп қайта басылып шығады.
1962 жылы «Мектепке дейінгі балалар мекемелерін ары қарай дамыту, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуді және оларға медициналық қызмет көрсетуді жақсарту шаралары туралы» басшылыққа алу құжаты шықты. Осы құжат негізінде балалар яслилері мен бақшаларын бір мектепке дейінгі мекемеге сабақтас біріктіру жүгізілді. 1964 жылы М. А. Васильеваның басшылығымен «Балалар бақшасында тәрбиелеу мен оқытудың типтік бағдарламасы» жаса- лып шықты, ол 1989 жылға дейін білім беру процесінде жалғыз ғана бағдар болды, содан бастап мектеп жасына дейінгі балаларға білім берудің жаңа альтернативті бағдарламалары пайда бола бастады.
«Балалар бақшасында тәрбиелеу мен оқытудың типтік бағдарламасы» мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің барлық бөлімдерін қамтыды, жас кезеңдеріне қарап құрылды. Материалдың мазмұны мынадай бөлімдер бойынша құрылды: дене, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиесі, балаларды ойын ойна- уда дамыту. Бағдарламада жаңа «Мектеп жасына дейінгі балалар-
ды балалар бақшасында оқыту» атты А. П. Усова басқарған жаңа бөлім пайда болды. Бағдарламада қажетті дидактикалық материалдар қарастырылған. Содан кейін бағдарламаға тәрбиешілер үшін материал- дары бар «Әдістемелік ұсыныстар» жасалды. Бұл бағдарлама бірнеше рет өзгертілді және мектепке дейін білім беру мазмұнына қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты жетілдірілді. Бүгінде оны мектеп- ке дейінгі мекемеде білім беру процесін құру үшін мамандар пайда- ланады. Оның сыртында қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында
«Балбөбек» (1999) бағдарламасы, балабақшадағы 5-7 жастағы ба- лаларды мектепалды дайындау бағдарламасы, мектеп жағдайында 6-7 жастағы балаларды мектепалды дайындау бағдарламасы, бала- лар бақшасында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда негізгі құжат ретінде мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (базалық минимум) бар. Альтернативті мемлекеттік және авторлық білім беру бағдарламалары: «Қайнар», «Қарлығаш», «Тәй- тәй», «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» және т.б. бағдарламалар нұсқалары бар.
Мектепке дейінгі мекемелер үшін бағдарлама құрудың теориялық негіздерін қарастырайық.
Мектепке дейін білім беру жүйесінің бағдарламалары төмен- дегідей бөлінеді:
Кешенді бағдарламалар, олар баланы дамытудың барлық
бағыттарын қамтиды (дене, әлеуметтік-адамгершілік, интеллектуалдық, эстетикалық, эмоционалдық-еріктік және т.б.).
Парциалды бағдарламалар, олар баланы дамытудың бір немесе
бірнеше бағыттарын қамтиды (көркемдік-эстетикалық, экологиялық, экономикалық және т.б.).
Кешенді бағдарламалардың мысалы ретінде М. А. Васильеваның
«Мектеп жасынадейінгібалаларды тәрбиелеу меноқытубағдарламасын» алуға болады; Л. А. Парамонованың, А. И. Давидчуктің «Бастаулар»; Т. Н. Доронованың «Кемпірқосақ»; В. И. Логинованың, Т. И. Бабаеваның және т.б. «Балалық шақ»; М. Сәтімбекованың «Балбөбек» және т.б. алуға болады.
Парциалды бағдарламалардың мысалы ретінде Р. С. Бурованың
«Дружные ребята»; Н. А. Рыжованың, Р. Б.Стеркинаның, Н. Н. Авдееваның «Наш дом - природа»; Т. С. Комарованың «Красота. Радость. Творчество»; Р. Б. Стеркинаның, Н. Н. Авдееваның «Основы безопасности детей дошкольного возраста»; С. А. Козлованың «Я - че- ловек» және т.с.с.
Мектепке дейінгі мекемеде тұтас педагогикалық процесс бір кешенді бағдарламамен немесе бірнеше парциалды бағдарламалармен қамтамасыз етіледі. Білім беру бағдарламасы бүкіл мектепке дейінгі кезең немесе белгілі бір жасты (ерте, кіші,ересек) қамти алады. Қазіргі кезде Ресейде мектепке дейінгі мекемелер М. А. Васильеваның бірыңғай бағдарламасынан вариативті («Детство», «Истоки», «Радуга»,
«Из детства в отрочество», «Дом радости» и др.) пайдалануға көшіп жа- тыр. Казақстан Республикасында білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты ұстанып отыр, бірақ ол бойынша жаңа балама және парциалды бағдарлама жасалған жоқ.
Мұндай бағдарламалар көп болған жағдайда маманға мектеп- ке дейін білім беруді таңдау мақсатында білім берудің мазмұнының құрылымына, оның құру тәсілдеріне, сол сияқты оған қойылатын талаптарға аса назар салу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |