Бақылау сұрақтары:
«Технологиялық карта», «технологиялық кесте» ұғымдарына түсінік беріп, технологиялық карта бөліктерін сипаттаңыз.
В. М. Монаховтың болжауды құру аксиомаларын саралаңыз.
Сабақтың ақпараттық картасын сипаттаңыз.
Технологиялық картамен жұмыс істеу ережелерін көрсетіңіз.
«Ауызша сабақ» карталарын құру алгортмін анықтаңыз.
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
Бастауыш мектепте оқытылатын кез келген пән бойынша қандай да бір сабақтың Монаховтың педагогикалық технологиясы- ның технологиялық картасын толтырыңыз.
Технологиялық карта бөлшектері
|
Атқаратын қызметі
|
Мақсат қою
|
|
Болжам
|
|
Үй тапсырмасын мөлшерлеу
|
|
Логикалық құрылым
|
|
Түзету
|
|
В. Монаховтың педагогикалық технологиясы бойынша болжауды құру барысында орындалатын аксиомаларды сипаттаңыз:
Аксиома атауы
|
Мазмұны
|
1-аксиома
|
|
2-аксиома
|
|
3-аксиома
|
|
4-аксиома
|
|
5-аксиома
|
|
6-аксиома
|
|
7-аксиома
|
|
100
101
Ұсынылатын әдебиеттер:
Кукушкин В. С. Современные педагогические технологии. Начальная школа. Пособие для учителя. (Серия «Учение с увлечением») - Ростов на Дону: изд-во «Феникс», 2004.
Ксензова Г Ю. Перспективные школьные технологии. - М.: Педагогическое общество России, 2000.
Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения.-М.: Педагогика, 1990 г.
Чупрасова В.И. Современные технологии в образовании. - Владивосток, 2000.
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУ
ӘДІСНАМАСЫ
Жоспар:
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бойынша өткізілетін сабақтарға қойылатын негізгі талаптар.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта пайдалануда мұғалім - негізгі тұлға.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу-
тәрбие үдерісіне ендіру жолдары
Жаңа педагогикалық технологияларды қолданысқа енгізуде оқу-тәрбие үдерісінің қолайлылық жағдайын туғызу, оның базалық қорын жасау - жұмыс сапасының негізі болып табылады.
Осы орайда:
ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогика, әдістемеден ха- бардар оқыта білетін мұғалім;
оқыту ісіне керекті құралдар қолайлы һам сапалы болуы;
мектепке керегі белгіленген программа, - деген ағартушы- ғалым А. Байтұрсыновтың көрегендігінің өміршеңдігін байқамыз.
Оқу үдерісін технологиялаңдыру - білім беру жүйесінің мұғалім- нің ғылыми-әдістемелік және қамтамасыз етілу жүйесі, мұғалімнің жеке әдістемелік жүйесі, оқу үдерісі, оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау жүйесі, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын құрастыру жүйесі сияқты педагогикалық объектілерін жетілдірудің ғылыми негізделген, көп деңгейлі, көп кезеңді үдерісі.
Оқу үдерісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді жүзеге асыруда төмендегі жайттарды ұмытпау керек:
Ең алдымен оқу орнының үдерісін технологияландыруда таңдап алынган мәселенің жагдайын тереңдеп зерттеу:
бітірушілердің біліктілік сипаттамасы негізінде студенттердің кәсіби әрекетке дайындық деңгейіне терең талдау;
102
103
курстық, дипломдық жұмыстарына, мемлекеттік емтихандар қорытындыларына талдау жүргізу;
бітірушілердің даярлық деңгейіне біліктілік, мөлшерлік талап- тарды зерттеу және талдау;
оқу орнының нақты мамандық бойынша білім беру бағдарламаларына (оқу жоспарына, оқу бағдарламаларына), олардың біліктілік, мөлшерлік талаптарға сәйкестік тұрғысынан талдау жасау:
квалификациялық мінездеме талаптарының сабақтардың мазмұнында, өндірістік тәжірибе жинақтаудың барлық түрлерінің мазмұнында, қорытынды мемлекеттік аттестациялау сұрақтары мен тапсырмаларында көрініс табуы;
осы талаптардың оқу пәндері мен тәжірибе жинақтаудың түрлері арасында бөлінуі (кәсіби әрекетке даярлықты қамтамасыз етуге ұжымдық жауапкершіліктің бөлінуі);
білімгерлерді кәсіби әрекетке дайындаудың әдістемелік және оқу-материалдық қамтамасыз етілуіне талдау.
Ендірілетін технологияның теориясы мен әдістемесін зерттеу:
жаңа педагогикалық технологиялар бойынша әдебиеттерді талдау, бұл ұсынынатын әдебиеттер бойынша ақпараттық тізімдерді жасауды, әдебиеттерді жинақтауды, түрлі көрмелер ұйымдастырып, оқытушылар біліктілігін арттыру жүйесінде (әдістемелік сағаттар, озық тәжірибе мектебі, мәселелік семинардар, т.б.) талдауды қажет етеді;
басқа оқу орыдарының, салалық құрылымдардың оқу үдерісіне қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды ендіру тәжірибесімен танысу (журнал мақалалары, ғылыми еңбектер жинақтары, басқа оқу орындарының жұмысын бақылау, т.б.);
берілген бағыттағы өз тәжірибесін пәндік циклдік комиссиясы (ПЦК) мәжілістерінде талдау және талқылау;
жаңа педагогакалық технологияларды оқу үдерісіне енгізуге шешім қабылдап, педагогикалық ұжым алдында перспективаға мақсат-міндеттер қоя отырып, педагогикалық кеңесте жаңашылдықтың мәнін түсіндіріп, оны жүзеге асыру жолдарын жо- балау;
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың жоспарын құрастыру.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру.
Жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруге оқытушы- ларды жалпы ынталандырумен қатар оқу орнында тәжірибелі, белсенді, бастамашыл, ендірілетін технологияның мәні мен мазмұнын түсінген 8-12 оқытушылардан тұратын тәжірибелік- эксперименттік топ құрған жөн.
Оларға барлық оқытушыларға қазіргі заманғы педагогикалық технологияны меңгеруге көмек көрсету қызметі, өз тәжірибесін демонстрациялау және талдау жасау, нәтижелерін эксперименттік түрде тексеру міндеттері жүктеледі.
Сонымен бірге оларға оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын қайта жасау, толықтырулар енгізуді қамтитын оқытушылардың қазіргі заманғы педагогикалық технологияның ғылыми-әдістемеліктің қамтамасыз етілуіне көмектесу міндеті де қойылады.
Тәжірибенің мақсаты - қолданылып отырған технологияның тиімділігін мұқият тексеріп, оны жүзеге асырудың ғылыми- әдістемелік базасын жасап, өз тәжірибесіне және оқыту технологиясының теориялық негіздеріне сүйене отырып, инновацияны насихаттаудың негіздемесін дайындау.
Оқытушылардың эксперименттік тобы қазіргі заманғы педагогикалық технологияны ендірудің жалпы жоспарына сай келетін өз жоспарларымен жұмыс жасайды. Тәжірибе-эксперимент- тік жұмыстың екінші жылында оған қатысушы оқытушылардың шеңбері кеңейіп, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды жаппай ендіру мәселесі қойылуы мүмкін.
Жаңа педагогикалық технологияга негізделген оқу багдарламалық базаны қамтамсыз ету.
Нақты бір мамандықтар бойынша біліктілік сипаттамасының талаптарына жасалған талдау негізінде оқу бағдарламаларына түзетулер, толықтырулар енгізу (теориялық және практикалық сабақтардың арақатынасын қайта қарау, мекеме тандау пәні, студенттің таңдау пәндері есебінен әрекетті-бағдарлы пәндер көлемін арттыру).
Жаңа педагогикалық технологияларды ендірудің материалдық-техникалық базасын құру.
Жаңа педагогикалық технологиялардың қолдану тиімділігін арттыруда осы көрсетілген бағыттардың құрылымдық мазмұнын іске асыру, сапалы жүргізу нәтижелікке бағдарланған жұмыс болып табылады.
104
105
Мұғалімнің оқыту әрекеті саналы болуы үшін ол педагогика ғылымының заңдылықтарын, тәрбие міндетінің қоғамның мақсаты мен талап-тілегінен туындайтынын, теория мен тәжірибенің бірлігін, әрекет-дамудың көзі екендігін, қарама-қайшылықсыз дамудың жоқтығын, оқытудың білімдік, дамытушылық, тәрбиелік сипатын, тәрбиенің білімдік, дамытушылық сипатын, оқыту мазмұны мен жоспары, бағдарламаның оқу-тәрбие мақсатымен сәйкестігін, т.б. нақты білуі керек. Бұл білімдер мұғалімнің педагогикалық үдерісте қателіксіз еңбек етуіне мүмкіндік жасайды.
Мұғалімнің оқыту әрекеті табысты болуы үшін ол терең білімділігімен қатар, шебер шешендікпен, айшықты бейнелілікпен, әсерлі сезімталдықпен, ұнамды дикция мен көркем әуезді дауыспен, қажетті сөздерді тауып, саралап сабақ түсіндіре білу сияқты педагогикалық қаруды игеруі абзал.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар
бойынша өткізілетін сабақтарға қойылатын негізгі
талаптар
Мұғалім оқыту үдерісін тиімді өткізіп, оқушылардың белсенділігін тудыру үшін сабаққа қойылатын төмендегі талаптарды ескереді:
а) дидактикалық талаптың (сабақтың тақырыбы, мақсаты, мазмұнының бағдарламаға сайлығын игерілетін іскерлік дағдыларының айқындығы, қабылдауға әзірлеу, түсіну, ой елегінен өткізу);
ә) дамытушылық талаптың (дамытушылық мақсатының айқындығы, танымдық қызығушылығының, бастамашылдығын, өздігінен іздену, білімін толықтыру, ой еңбегінің мәдениеті мен іскерлік, дағдысын қалыптастыру, ақыл-ойын дамыту);
б) тәрбиелік талаптың (тәрбиелік мақсатының нақтылығы, білім мазмұны арқылы көзқарасын, эстетикалық сезімі мен адамгершілік қасиеттерін, жүйелі еңбегін қалыптастыру, мамандығына сүйіспеншілігін арттыру, т.б.);
в) гигиеналық талаптың (сыныптың тазалығы, желдетілуі, оқу- құралдарының, тақтаның, бордың яғни сабақтың жабдықталуын, жарық мөлшерінің сақталуын, оқушылардың сыртқы көрінісі; көрнекі құралдарға, дәптерге, жазуға қойылатын талаптар) сақталуын ескеру;
г) психологиялық талаптың (білімге ынталандыру), танымдық белсенділігін арттыру, эмоциялық көңіл-күйін тудыру, қабылдау, зейінін (ойлауын қамтамасыз ету) ескерілуі;
ғ) ұйымдастырушылық талаптың ескерілуі. Ол екі кезеңнен тұрады:
кезеңі: Сабаққа алдын ала дайындық. Күнтізбелік жоспар негізгі және қосымша әдебиеттерді, әдістемелік және көркем шығармалар, педагогикалық басылымдармен жұмыс істеу.
кезеңі: Пән бойынша тақырыптық сабақ жоспарын жасау. Онда сабақтың білімдік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатын, оған сай нақты білім көлемін анықтау, әдіс-тәсілдерін таңдау сабақ- тың типін, құрылымын белгілеу, сабақ кезеңдерінің логикалық байланысын, өздігінен істейтін жұмыстарды, т.б. ескеру.
Әдістемелік талапқа аталған барлық талаптардың жиынтығы жатады. Мұғалім оқытудың әдіс-тәсілдерін біліп қана қоймай, тиімді пайдаланғанда ғана оқушылардың білімге құштарлығын тудырып, терең түсінігін қамтамасыз етеді. Оқыту әдісін таңдау үлкен шеберлікті керек етеді. Айталық, өткенді қайталау, қорытындылау, жаңамен байланыстыру, жадыда бекітуге арналған жаттығулар мен педагогикалық есептер жүйесін ойластыру, уақытты дұрыс пайдалану, сабақта оқушылардың жұмыс түрлерін тыңдау, талдау, жазу, жаттығу, іздену жұмысын ұйымдастыру, сабақтың темпін, ритмін өзгертіп отыру мұғалімнің шеберлігі мен жұмыс стиліне (педагогикалық ептілігі, икемділігі, шамамен сезе білуі, әдептілігі, тапқырлығы, мәдениеттілігі, оқушының жеке басын сыйлауы, талап қоя білуі, жылы қарым-қатынасы) байланысты шешілетін мәселелер.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасып, ескі мазмұнның орнын жаңасы басуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Білім беру сапасы - қоғамдағы білім беру үдерісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуы және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әртүрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері бойынша анықталады. Сондықтан педагогика ғылымының
106
107
ерекшілігі де - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруы болып отыр.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына осы міндетті қойып отыр. Ол - өз жұмыс орнында және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының (атқарушының) тұлғасын қалыптастыру. Оқу үдерісінің әдістері мен түрлерін жетілдіру жаңашыл педагогтардың озық дидактикалық идеяларында көрініс табады: В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары, Р.Штейнердің еркін таңдау идеясы, С.Н.Лысенкованның оза оқыту, П.Эрдниевтің ірі блоктар идеясы, Л.В.Занковтың дамыта оқыту, Л.С.Выготскийдің жақын даму аймағы, т.б.
7.3 Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды
сабақта пайдалануда мұғалім - негізгі тұлға
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгеру - өте күрделі де ұзақ үдеріс. Кейде ол мұғалімнен оқытудың үйреншікті әдіс- тәсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан мұғалімге оқыту технологияларын үйретуді арнайы кәсіби тұрғыдан ұйымдастыру керек.
Сабақ - қашанда жетіліп отыратын шығармашылық сипаттағы үдеріс. Сабақ - білім беруді ұйымдастырудың негізгі жолы.
Сабақ құрылымы қандай болса да оқушыға білім мен дағды беруді көздейді.
Мұғалім - сабақтағы басты тұлға, өйткені ол оқушыларға жүйелі түрде білім алу дағдысын, іскерлігін қалыптастырады. Ол үшін түрлі оқыту әдістерін алмастыра пайдаланып, оқушылардың танымдық әрекетіне мақсат көздей басшылық етеді. Бұл жөнінде педагог-ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Мектепке бірінші керегі - мұғалім, екінші - оқыту ісіне керек құралдар, үшінші - бағдарлама және оқулықтар керек», - деп дөп басып айтқан, өйткені оқыту ісінің сапасы осы - үш қажеттілікке байланысты. Әсіресе, мұғалім бағдарламаны, оқыту құралдарын, оқулықтарды, әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушыларды біліммен қаруландырады. Олай болса, оқу-тәрбие ісінің табысты, білімнің берік болуы - мұғалімнің сабаққа мұқият дайындығына байланысты.
Мұғалім ең алдымен, өз пәнінің оқу жоспарымен, педагогика және психология пәнінің бағдарламасымен танысып, бір жылға күнтізбелік және жұмыс жоспарын жасайды. Сонымен қатар әр сабақтың тақырыптық жоспарын, конспектісін дайындайды. Онда ол тақырыптық және пәнаралық байланысты ғылым жаңалығын, алдыңғы қатарлы озат тәжірибені ескеріп, әр сабақтың мақсат- міндеттерін, оқу жадығатының, дербес жұмыстардың көлемін, оқыту әдістерін, көрнекі және техникалық құралдарын анықтайды.
Мұғалім оқу жағдайын жан-жақты білу үшін негізгі және қосымша оқу құралдарын, ғылыми педагогикалық, әдістемелік, тарихи, көркем әдебиеттерді, арнаулы басылымдарды оқып, қажеттілерін сұрыптап алуы, сенімді мысалдарды, қызықтыратың мәліметтерді таңдап алуы керек.
Мұғалім осылайша оқу жағдайын анықтап алып, сабақ жоспарын, оған сай конспектісін немесе тезисін жасайды.
Ал, педагогикалық жүйе - дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем, байланысқан әдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дәл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны практикада пайдалану қажет.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану «пәнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдары» деп аталады. Мақсаты - оқыту үдерісінде қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, оқушыларды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлікпен қолдана білу. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны қолдануда:
«Мұғалім нені білу керек?»
қазіргі заманғы педагогикалық технология көмегімен шешілетін мәселені анықтай алуы;
қазіргі заманғы педагогикалық технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді;
қазіргі заманғы педагогикалық технология мәнінен алынатын нәтижелердің теориялық негізін;
қазіргі заманғы педагогикалық технологияда мұғалім қолданылатын әдіс-тәсілдерді білуі керек.
108
109
Оқушыларды қазіргі заманғы педагогикалық технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін таңдауы.
«Не істей алу керек?»
Оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыра алуы
Күнтізбелік тақырыптық жоспар жасай алуы.
Әр сабақты жоспарлай алуы.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бойынша жүргізілетін әртүрлі типтегі сабақ жоспарларын жасай алуы.
Оқу модулын құрастыра алуы.
Оқу жобасының мазмұнын анықтай алуы.
Оқу жобалары бойынша оқушыларға арналған тапсырмаларды құрастыра алуы.
«Қандай іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы қажет?»
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларда пайдаланылатын жекелеген әдістер мен тәсілдерді пайдалану.
Әр түрлі типтегі сабақтарды өткізу.
Өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген
кемшіліктердің жасырын себептерін анықтау.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияда қолданылатын оқу әрекетінің әдістерін оқушыларға үйрету.
Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының - мұғалімдер қандай болуы керек және олардың еңбегі қалай өлшену керек дегенді ой елегінен өткізіп көрелік.
Біріншіден, мұғалімнің ары таза, адал, әдепті, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы ләзім.
Екіншіден, мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын оқушы-шәкірттеріне анық, тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт.
Үшіншіден, мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы тиіс. Әрдайым оқушылармен әдептілік қарым- қатынаста болғаны жөн.
Төртіншіден, мұғалім теорияны өмірмен байланыстырып, ғылым мен тәжірибені әрдайым өзі беретін күнделікті сабағына кеңінен пайдалануы қажет.
Бесіншіден, мұғалім үнемі өз бетімен оқып, педагогика, әдістеме жаңалықтарымен танысып, өзінің ой-өрісін кеңейтіп, білімін толықтырып отыру керек.
Осы қағидаларды әрбір мұғалім тұрақты ұстанып отырса, мұғалімнің күш-қуаты, көңіл күйі әрдайым жоғары болады да сабақ беру сапасы арта түседі, еңбегі жанады. Ұстаз еңбегінің қыр- сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін еске алсақ, олардың жемісті, әсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан үнемі оқулықтармен, көрнекті дидактикалық, техникалық құрал- жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс.
Педагогикалық техногогияны қолдану білімді сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларға ірге болуға нақты негіз болып, әрбір мектепке өзіндік тұлғасын табуға, әрбір мұғалімге өзіндік әдістемелік жүйесін құруға себептігін тигізеді.
Оқытудың нәтижелі болуы оны ұймдастыру әдістеріне және бастамашылдыққа жаңа педагогикалық инновациялық әдістемелікке байланысты. Өйткені, ХХІ ғасырдағы технологиялардың соншалық жылдам қарқынды дамуы адамзат өмірінде болып көрмеген шапшаңдықты талап етеді.
Қазақстанның бұрынғы жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге көшуі, қоғамдық құрылыстың күрт өзгеруі білім беруді уақыт талабына сай үйлесімді құрып, оның әлемдік деңгейдегі ме- жеге сәйкестікте оқытудың екі бағдарда өріс алуы.
Педагогикалық теориямен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-әрекеті тиімді болатыны әркезден-ақ мәлім. Ендеше оқыту технологиясын оқу үдерісіне енгізу білім сапасын қажетті деңгейде және оны басқаруды қамтамасыз етеді.
Оқытуды және педагогикалық қызметті «технологияланды- ру» талпыныстары XX ғасырдың басында-ақ пайда болған, бірақ педагогикалық ғылымда оқыту технологияларын жобалау мен енгізудің ғылыми қадамдары 1980-90 жылдары ғана жасалып, олардың пәрменділігінің критерийлері анықталды.
Қазіргі күннің өзінде де үлкен педагогикалық және экономикалық мүмкіндіктерге ие бола тұра, оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың оқу үдерісіне ендірілу қарқыны жеткілікті деңгейде емес.
Бұны түсіндірудің бірнеше себептері бар. Мысалы, оқу орнында жаңа педагогикалық технологияларды ендіруге қажетті педагогикалық, әдістемелік шарттарының болмауы, мұғалімдердің технологиялық әрекетінің жеткіліксіз мотивациялануы мен
110
111
ынталандырылуы, мұғалімдер мен оқу орындары басшыларының кәсіби әрекетке өзгеріс енгізуге құлықсыздығы, т.б.
Ең алдымен оның себебін мұғалімдердің жаңа педагогикалық технологияларға қатынасы айқын бейнеленген жағымды мотивация мен саналылықтың жеткілікті жоғары деңгейі сипатталғанмен, олардың технологияларды жобалау мен ендіруге дайын еместігінен, яғни әлсіз теориялық психологиялық-педагогикалық, технологиялық және технологияларды оқу үдерісіне ендіру белгілі бір шарттарды қажет етеді.
Олар:
мұғалімнің оқу үдерісін қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар негізінде ұйымдастыруына құзырлылығының жеткілікті деңгейі;
оқыту субъектілерінің (мұғалім мен оқушы) қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды қолдануға дайындығы, жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал;
оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқу-әдістемелік, дидактикалық базаның болуы;
оқу бағдарламасының қамтамасыз етілуде жаңа мақсаттар мен қоғам талабына сай түзетілуі және ақпараттандырылуы.
Білім сапасы - мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мұғалімнің шеберлігі қойылған педагогикалық мақсатқа және бағдарламаға сай қажетті мазмұнды таңдап алуында және тиімді әдістер мен құралдарды пайдалана білуінде.
Мұғалімнің педагогикалық қызметін технологияландыру педагогикалық технологиялардың белгілері туралы біліммен, мұғалімнің шеберлігіне қарасты белгілі шарттардың сақталуын талап етеді.
Олар:
мұғалімнің оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларға бет бұруы, ынта қоюы;
қолда бар технологиялық ресурстарға талдау жасауы;
басты бір мақсатқа немесе мақсаттар жиынтығына бағытталған технологияларды таңдауы;
жоспарлай алуы, жобалау дағдысының болуы;
мақсат қоя алу және міндеттерді бөлу қабілеті;
іс-әрекетін ұйымдастыру және оған талдау жасау мүмкіндігі;
өз тәжірибесін рефлексия арқылы меңгеру, оны технологиялық түрде көрсету;
технологияның ескіруін көре білу, оны қайта құру, өңдеу дағдысының болуы.
Оқыту технологияларының қайсысын болмасын пайдалану жеңіл іс емес, ол мұғалімнен білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, қүнттылықты, жаңашылдықты және мол дайындықты қажет етеді.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды енгізу кезінде мұғалімнің технологиялық құзырлығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін мұғалім білуі керек:
қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар көмегімен шешілетін мәселелерді;
қазіргі заманғы педагогикалық технологияны қолдану арқылы алынатын нәтижелерді;
қазіргі заманғы педагогикалық технология мәнін, алынатын нәтижелердің теориялық негізін;
қазіргі заманғы педагогикалық технологияда мұғалім қолданатын әдіс-тәсілдерді;
оқушылардың жұмыс әдісін;
- оқушыларды қазіргі заманғы педагогикалық технологияда жұмыс істеуге үйрету әдісін, мұғалім істей алуы керек;
қандай да бір технология үшін оқу бағдарламасының түрлендірілген нұсқаларын құрастыруды;
күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауды;
әр сабақта сауатты жоспарлауды;
оқу моделін құрастыруды;
оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін таратпалы материал- дарды дайындауды;
оқушыларға арналған өзіндік тапсырмаларды құрастыруды;
оқушылар үшін деңгейлік тапсырмалар жасау;
тестілік бақылау тапсырмаларын дайындау;
компьютерлік бақылау үшін тапсырмалар дайындау;
Мұғалім дұрыс ұйымдастыруы қажет:
қазіргі заманғы педагогикалық технологияларда пайдаланатын жекелеген әдістер мен тәсілдерді қолдануды;
түрлі типтегі сабақтарды өткізуді;
112
113
- өткізілген сабақтарға талдау жасау, жіберілген кемшіліктердің себептерін анықтауды;
қазіргі заманғы педагогикалық технологияда қолданылатын оқу әрекеттерінің әдістерін оқушыларға үйретуді;
педагогикалық диагностиканың қарапайым әдістерін қолдана отырып, қазіргі заманғы педагогикалық технологияны пайдалану тиімділігін бағалауды.
Педагогикалық қызметті осылайша ұйымдастыру - жаңаша оқытуға жеткізетін жол.
Достарыңызбен бөлісу: |