Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат


ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТЫЛАТЫН



бет34/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ
ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТЫЛАТЫН
БАсҚа
ПӘНДЕРМЕН ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ

Жоспары:

    1. Оқу үдерісіндегі пәнаралық байланыстың маңызы.

    2. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардағы пәнаралық байланыстың философиялық негізі.

    3. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы пәнаралық байланыстың дүниетанымдық қызметі.

  1. Оқу үдерісіндегі пәнаралық байланыстың маңызы

Оқулықтардағы негізгі интеграция, олардағы пәнаралық байланыс. Туыстас пәндердің оқу материалына кіріспе ретінде 1982 жылы мемлекеттік оқу бағдарламасына енді.
Оқу үдерісінде пәнаралық байланыстың маңызы зор, ол байланыс білімді толықтырады, растайды, оқушылардың білімін «ішкі байланыстарды» реттеу арқылы білім мен біліктілікті бекітеді және қоршаған орта туралы түсінік қалыптастырады.
Бірақ пәнаралық байланыс толық интеграция емес, оқу үдерісіндегі интеграция оқу үдерісіндегі ерекше жүйе, яғни жақындастыру, біріктіру бір жүйеге келтіру.
Сондықтан бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланылатын пәнаралық байланыстың педагогикалық, психологиялық және философиялық негіздерін анықтайық.
Оқушының адам қасиеттеріне сәйкес бағыттылығы мен тәжірибесін негізінен мектеп қабырғасында дұрыс қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Адамның бағыттылығы мен тәжірибесіне негіз болатын құраушының бірі - оның білімі. Білімнің өзін мазмұндық және іс-әрекеттік тұрғыда қарастыру көптеген зерттеулерде орын алған. Мазмұндық тұрғыда оның өмір сүру формасы - оқу-әдістемелік әдебиеттерде тіркелген.
Осыған сәйкес М.Скаткин жалпы білім беретін пәндерге қатысты өзара байланысты білімнің түрлерін: негізгі ұғымдар мен терминдер; әртүрлі нысандар мен болмыс құбылыстар арасындағы


байланыстарды және қатынастарды күнделікті болмыстық және ғылыми фактілер; берілген пәндік саланың құбылыстарын түсіндіру және болжау нысандарымен әдістерінің жиынтығын анықтау жөніндегі ғылыми білімдер жүйесін қамтитын теориялар; ғылыми және әлеуметтік идеялар; іс-әрекет тәсілдері, таным әдістері және білім беру тарихы, ғылыми тарихы жөніндегі білімдер; қоғамдағы белгіленген өмірлік әр түрлі құбылыстарға қатысты нормалар жөніндегі білімдер деп қарастырған.
Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның интелектуалдық өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми көзқарастарды қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен, қоғамдық тәжірибесімен байланыстырудағы құралдардың бірі - пәнаралық байланыстар. Пәнаралық байланыстар өткен ғасырдың соңғы 20 жыл төңірегінде кеңінен зерттелген мәселенің бірі ретінде де қарастырылды.
Зерттеулердің нәтижесіне сәйкес пәнаралық байланыстар оқытудың қағидасы және білім берудегі міндетті элементі ретінде де айқындалады. (В. Краевский, И. Лернер, А. Байсенбаева И. Зверев, В. Максимов және т.б.).
И. Зверев пәнаралық байланыстарды толықтай көлемде жүзеге асыру тәсілдерінің сипатынсыз олардың білім беру, дамыту және тәрбиелеу функциясының өзара байланыстарын ашпайынша бұл мәселені елестету мүмкін еместігін айтады. Пәнаралық байланыстардың жалпы білім беруін функциялары оқушыларда материя қозғалысының әр түрлі формаларының өзара байланысын көрсететін әлем жөніндегі жалпы білімдер жүйесін қалыптастыруды қарастырады. Пәнаралық байланыстардың тәрбиелеу функциясы оқушыларда диалектикалық-материалистік дүниетанымдық, өнегелік-эстетикалық идеалдарды дамытуда, талдап қорытылған іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруда жүзеге асырылады.
Сондай-ақ пәнаралық байланыстар жастарды тәрбиелеу ісінде жасөспірім тұлғаны қалыптастыру функциясында едәуір мәнге ие. Еңбекке баулу мен ғылым негізінде пәнаралық байланысы мектеп оқушыларының белсенді өмірлік көзқарас ұстанымында, объективті ақиқат құбылыстары мен фактілерінің ғылыми түсінуде пайда болатын дүниетанымды қалыптастыруға едәуір ықпал етеді. Ол сананың, сезім мен мінез-құлық әрекетінің бірлікті жүзеге асуына мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы педагогикалық технология


116


117




пәні мен ғылым негіздері пәндерінің байланысы политехникалық функцияны жүзеге асырады. Бұл функция еңбек үдерістерінің жалпы ғылыми негіздерін, бірыңғай ұйымдастыру - экономикалық ұстанымдарын ашуға көмектеседі.
В. Скакун өз жұмысында қазіргі заманғы педагогикалық технология курсындағы пәнаралық байланыстарды: зерттейтін оқу материалдары мазмұны бойынша, оқушыларда қалыптастыратын жалпы оқу іскерліктері бойынша, оқыту әдістері мен құралдары бойынша, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту әдістерімен құралдары бойынша деп ажыратады. Пәнаралық байланыстардың оқушы жеке тұлғасын дамыту міндеттерін шешудегі әлеуметтік- педагогикалық аспектісін ескеру қажеттігі туындайды.
Қорыта келе, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардағы пәнаралық байланыстың маңызына мыналар жатады:

  1. Оқу пәндері арасындағы өзара байланыстың дамуына жағдай туғызады.

  2. Ғылыми дүниетанымның қалыптастыруы білім мазмұнының барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді.

  3. Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие беру жүйесінің барлық құрамды бөліктерінің байланысын талап етеді.

  4. Пәнаралық байланыс педагогикалық әрекеттің ғылыми тиімді ұйымдастырылуына көмекте седі.

  1. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардағы
    пәнаралық байланыстың философиялық негізі


Қазіргі кезде қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы пәнаралық байланыс проблемасын педагогикалық, психологиялық жағынан зерттеумен қатар, философиялық тұрғыдан да көптеген ғалымдар зор көңіл бөлуде. Философиялық деңгейде қарастырылған В. В. Давыдов, Д. Зверев, Р. Г. Лемберг, В. Н. Максимова, т.б. болды.
Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниеде барлық заттың құбылыстардың бірімен бірінің өзара байланыс- тылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен- бірі байланыста болады.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа


рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Адамды биологиялық және әлеуметтік құбылыстардың бірлігі ретінде қарастыру оны тұлға деп түсінуі философия ұғымына жатады. Тұлға нақты тарихи ұғым. Тарихтың барысында адам мен қоғамның арақатынасы елеулі өзгерістерге ұшырап отырады. Осыған байланысты адам тұлғасының нақты мазмұны да өзгереді. Тұлға белгілі бір қоғамдық қатынастар тұсында өмір сүретін адамның негізгі үш жағы бірігуінің нәтижесі.

  1. биогенетикалық нышандар;

  2. әлеуметтік қатынастар:

  3. психоәлеуметтік қасиеттердің тұтаса бірігуінің нәтижесі.

Қазіргі кезде тұлғаның мәні жайында екі негізгі концепциялық көзқарас бар:

  1. тұлғалық адамның функциялық сипаттамасы;

  2. тұлғаның әлеуметтік мәніне қарай сипаттамасы;

Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы философия ғылымы тұлғаны атқаратын рөліне қарай сипаттамай, мәніне қарай сипаттау, бұл ұғымның мазмұнын тереңірек ашып көрсетіп, адамның өзіндік санасын, мінез-құлқы мен ерік күшінің қайнар көзін, белсенді іс-әрекеттің субъектісі екенін анықтап береді. Тұлға - адамның қоғамдық қатынастары мен қызметінің жеке адам шоғырлануының көрінісі, дүниені танып, білудің және өзгертудің құқығы мен міндеттерінің эстетикалық, этикалық және басқа әлеуметтік нормалардың шоғырланған бөлігі. Тұлға әрдайым әлеуметтік тұрғыда жетілген адам болып табылады. Ғылым мен техника дамыған сайын әлеуметтік өмір деңгейі де өзгереді. Осының барлығы табиғат байлығын игерудегі адам миы мен күшінің жұмысы. Адам, табиғат, қоғам - біртұтас дүние. Тұтас дүниені өз мәнінде бір-бірімен байланысты қабылдау таным үдерісі арқылы жүзеге асады. Адамзаттың қоғамның пайда болып қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның қасиетті шарттарының, жағдайлардың болуына байланысты.
Философия мен ғылымның танымдық мүмкіндіктеріне тарихи талдау жасап, адамның білім системасында философияның алатын орнын анықтау ғылым мен философияның шыққан тегі, түп тамыры бар екенін көрсетеді. Философия мен қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы білімнің арақатынасында үш негізгі тарихи кезеңді аңғаруға болады:


118


119




  1. Ертегілердің алғашқы біртұтас білімдерінің жиыны барлық пәндерді қамтитын философия деп аталады; бұл алғашқы білім, ғылым бастамаларын да философия бастамаларын да қамтыды.

  2. Білімдердің мамандануы, яғни жекеше нақты ғылымдардың қалыптасып біртұтас жиынынан бөлініп шыға бастауы; бұл үдеріс көптеген ғасырлар бойы, әсіресе 17-18 ғасырларда жылдамдата жүрді;

  3. Бірқатар ғалымдардың теориялық тарауларының қалыптасып олардың біртіндеп интеграциялануы, бірігуі.

Адамның танымы білмеуден білуге, қарапайымнан күрделіге нақтылы шындықты түсіну кезінде көшті. Адамгершілік, батырлық, байлық сияқты философиялық категориялар орныға бастады. Күнделікті өмір тіршілігіне негізделген дүниені тану-сезіну мен түйсінуге сүйсініп, қоршаған орта заттарын көру, ауызша айту, эмоциялық бейнені қабылдау тұрғысында жүзеге асты. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы пәнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған білімдерде болатындығын өмір көрсетіп отыр.
Негізінен, оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндік- тен, олар бір-бірінен өз алдына оңашаланып, бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті - дара байланыстылықты танып- білу. Ең бастысы қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы қазіргі кезде өздігінен білім алудың, оқытудың өзекті мақсаты - диалектикалық ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асыру. Бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілмейді. Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндірумен шектелмей, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеуді жолға қою қажет. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы пәнаралық байланысын, кезінде материалдың өзара байланысының бір-біріне тигізетін ықпалын, ортақ, негізгі тенденцияларын, әлеуметтік, экономикалық рухани ортақ белгілерін бір-бірімен сабақтастыру ортақ заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс. Оқушылардың меңгерген білімдері сайып келгенде, әрбір жеке тұлғаның көзқарасына, сеніміне, өмірлік құндылық бағдарына, мінез-құлқының қағидасына айналуы керек. Қазіргі талап бойынша қоғам, табиғат, адам арасын пәнаралық


байланыста оқытуды мақсат етіп оқытсақ, ізденіске, ұлы педагог, ақындарымыздың еңбектерін пайдалануға болады.
Философ М. Орынбеков Абай философиясының негізгі адам проблемасы екенін ашып көрсеткен. Абайдың уағыздағыны - адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, еңбекқорлық, білімділік, өзін-өзі бақылау, ұяттылық, парасаттылық. Абай аңсаған адам тәрбиесі үнемі оқу-ағарту ісінің алдына қойған мақсаттарының бірі болып келеді. Әсіресе, қазіргі таңда жеке тұлға тәрбиесін жоғары деңгейге көтеру Абай шығармалары мен ой-пікірлеріне соқпай өту мүмкін емес. Бастауыш сынып оқушыларына білім мен тәрбие беруде бұл өлеңдердің алатын орны ерекше. Осындай тәлім-тәрбиені мұғалімдер қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы сабақ өту үдерісінде пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру арқылы оқушыларға жеткізе алады.
Абай философиясы қазақ халқының мүліктік, дүниелік байлығынан гөрі рухани байлығын дәріптеген. Ғұлама ақын тұлға арасындағы қарым-қатынасты, тіл байлығын, ақылдылық пен тапқырлықты, әділеттілікті уағыздаған. Философиялық тұрғыдан алғанда адам қоршаған дүниенің ішінде тіршілік етеді. Оның көзқарасы бүкіл дүниемен, табиғатпен, қоғаммен қатынас жасау арқылы дамиды. Қазіргі өркендеген қоғам өзгерісі адам мен қоғам арасындағы жаңа байланысты тудырып, олардың дүние туралы көзқарасын өзгертуге себепші болып отыр. Көзқарастың қалыптасуы мектеп қабырғасында білім алу барысында жүзеге асады.
Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық тұлғасын қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыруда философия, педагогика, психология және жеке пән әдістемелерінің де бір-бірімен байланыс бар. Оқушыларға тиянақты білім берудегі сол бұрынғы білімнің бір-бірімен байланыстылығын философтар да ерекше атап көрсетті. Мұғалімнің көздейтін мақсаты - оқушыларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, пәнаралық байланысын сақтап отыру. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы пәнаралық байланыс кезінде оқушылардың ойының тиянақталуына, қиялдауына ұғымды меңгеруге, ойда сақтау мүмкіндіктерін арттыруға жағдай жасалады. Бастауыш сыныптардағы оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастыруда білім мазмұнының


120


121




тиімділігі, оқытудың тиімді әдістерін іздестіру жолдары пәнаралық байланысты күшейтуге себебін тигізеді.

  1. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар
    курсындағы пәнаралық байланыстың дүниетанымдық
    қызметі


Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы пәнаралық байланыс - түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы пәнаралық байланыстың қажеттігі дүниенің бірлігін бейнелейтін ғылыми білімдер мен сенімдер жүйесін қалыптастыру міндеттерінен туындайды. Ол оқу пәндерінің топтары деңгейінде табиғаттың, қоғамның, адамдардың өзара әрекеті жөніндегі жетекші және жалпылама қағидаларды қамтиды. Оқу пәндерінде қарастырылатын аталмыш қағидалар оларды білім беру мазмұнының біртұтас жүйесінде біріктіреді. Бұл жерде қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы пәнаралық байланыстың дүниетанымдық қызметі маңызды рөл атқарады.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы пәнаралық байланыс негізінде білімдер жүйеге келтіріледі,олардың беріктігі қамтамасыз етіледі. Пәнаралық байланыс бірқатар оқу пәндеріне ортақ негізгі қағидалар, ұғымдар, деректер, ғылыми таным әдістері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында оқу материалының қайталанбауы, тиімді орналасуы, мұғалімдердің бірлесе жұмыс істеуі сияқты бірқатар педагогикалық ұйымдастыру мәселелері шешіледі.
Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі - біртұтас педагогикалық үдеріс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті - оқыту үдерісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру.
Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде қазіргі заманғы педагогикалық


технологиялар курсындағы пәнді оқыту әдістемесінің басты мәселесіне айналып отыр. Сонымен қатар пәнаралық байланыс - қазіргі заманғы ғалымдардың бірігу тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып табылады.
Қазіргі педагогика ғалымында қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының негізін құраушы құрылым бөлігі болып есептеледі. Сол себепті оқыту үдерісіндегі пәнаралық және әр пәннің пәнішілік байланыстылық ұстанымының да өздік маңызы бар.
Жалпы білім беретін мектеп пен мұғалімдерінің пен бойынша пәнаралық білімдері мен іскерліктерді игеруі - оқу үдерісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру үшін алғы шарт.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар курсындағы пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділік пен дағдылары анағұрлым күшті дамитындығын педагог-ғалымдар дәлелдеген. Оқу үдерісі нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының ерекшеліктеріне қарай оқушыларда түрлі икемділік пен дағды пайда болды. Профессор Т Сарыбаев оларды бірнеше топқа бөлді.

  1. Интелегентік пен дағды (оқу, жазу, есептеу, кітаппен жұмыс істеу, т.б);

  2. Еңбекке икемділік пен дағды (сызба, оқи білу, еңбек құралдарымен істей білу, т.б);

  3. Спорттық икемділік пен дағды;

  4. Өнерге деген икемділік пен дағдылар, т.б.

Оқу үдерісінің барысында оқушылар танымдық, тәжірибелік мақсатты - бағдарлы іс-әрекеттермен шұғылданады. Осы іс- әрекеттердің нәтижесінде оқушылар пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасады.
А. Бейсенбаева «Пәнаралық іскерлік» ұғымын былай тұжырымдайды:
«Пәнаралық іскерлік оқушылардың бір пәннен меңгерген білім, іскерлік, ептілік, дағдыларын екінші пәндерді меңгеруде пайдалана, қолдана білу қабілетін анықтайды». Бұл пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларымен салыстырғанда өзінше қалыптасып дамиды. Яғни, пәнаралық іскерлік бастауыш сынып


122


123




оқушыларында жас ерекшеліктеріне сәйкес және олардың өзіндік даму сипатына орай жасалады.
Бастауыш мектепте бейнелеу пәнін оқытудағы пәнаралық байланыс, негізінен, бес пәннің байланысын қажет етеді. Ол пәндерге музыка, еңбекке баулу, қазақ тілі, ана тілі, математика және дүниетану жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет