Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат



бет36/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

Өздік жұмыс тапсырмалары:

  1. «Білім беру» ұғымына ғалымдардың берген анықтамаларын саралаңыз

  2. Бастауыш білім беру мазмұнын реттейтін құжаттарды талдаңыз

  3. Бастауыш білім беру бағдарламаларын сипаттаңыз

  4. Бастауыш білім берудегі оқытудың қазіргі заманғы педаго- гикалық технологияларын сипаттаңыз


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т Оқытудың қазіргі технологиялары. - Бастауыш мектеп. - №3, 1999.

  2. Беспалько В. П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. - М., 1995.

  3. Гузеев В. В. Образовательная технология: от приема до философии. - М.:» Сентябрь», 1996.

  4. Краткий справочник по педагогической технологии. Под ред. Щурковой Н. Е. - М.: Новая школа, 1997.

  5. Кукушкин В. С. Общие основы педагогики. - Ростов-на-Дону, 2000.

  6. Левитес Д. Г Практика обучения современные образователь- ные технологии. - М., 1998.

  7. Селевко Г К. Авторские программы, педагогические технологии, инновационные школы. - Ярославль: Изд-во ИПК ПиРРО, 1997.

  8. Чупрасова В. И. Современные технологии в образовании. - Владивосток, 2000.


134


135




  1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ
    ІЗГІЛЕНДІРУ ЖӘНЕ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ
    НЕГІЗІНДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР


Жоспар:

    1. Тұлғаға бағдарлы педагогикалық технология.

    2. Ынтымақтастық педагогикасы.

    3. Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш. А. Амонашвили бойынша).

    4. Адамгершілікті қалыптастыруға негізделген әдебиетті оқыту жүйесі (Е. Н. Ильин).

  1. Тұлғаға бағдарлы педагогикалық технология

ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі бүгінгі күн талабы. Қазақстанның дамуына білім мен ғылымның әсер етуі үшін дүние жүзілік кеңістігіне ену, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алуға оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі таңда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үдеріс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудің ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я. А. Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект - субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субьектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық үдерістің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер - оқытушы мен оқушының тұлғалық - бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Егер «жеке тұлға» ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін болсақ, біздің ойымызша, төмендегідей анықтама неғұрлым дәл келеді:


«Жеке тұлға» - бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:
о адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
о өзіне және өзімен-өзінің, дүниеге және дүниемен
қатынастарының жүйесі;
о іс жүзіне асырылып жүрген әлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық әрекеттерінің жиынтығы;
о айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;
о қажеттілік жүйесі;
о шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
о сыртқы жағдайлар әсерінің жиынтығы және т.б.
(Г. К. Селевко)
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Тұлғаға бағдарлы технология мектептегі білім беру жүйесінде баланың табиғи әлеуетін жүзеге асырып, жан-жақты дамуы үшін ұрыс-жанжалсыз және қауіпсіз жағдай тудыруды басты мақсат етіп қойып отыр. Бұл технологияның негізінде ізгілік философиясы жатыр. Педагогтің міндеті - өз мүмкіншілігін барынша жүзеге асырғысы келетін, өмірде болатын әртүрлі жағдайлардан жауапкершілікпен жол таба білетін тұлғаны тәрбиелеу.
Тұлғаға бағдарлы технология адамды танып-білуге ізгіліктілігімен, жүйкелік емдік бағытымен, баланың жан-жақты, азат, шығармашылық жағынан дамытуды мақсат етіп қоюымен ерекшеленеді.
Ынтымақтастық технологиясы педагог пен оқушы арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық, серіктестік қарым-қатынасын жүзеге асырады. Оқушы мен мұғалім ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, ортақ мақсатқа жету үшін іс-әрекеттің барысы мен нәтижесін бірігіп талдайды.
Азат тәрбиелеу технологиясы баланың өмірлік іс-әрекетінде өз бетінше шешім қабылдауға, таңдау жасауға мүмкіндік береді. Таңдау арқылы бала субъект ұстанымын жүзеге асырады. Ол қорытындыға сыртқы күштердің ықпалы емес, ішкі түрткілер арқылы жетеді.
Эзотериялық технологиялар ақиқат пен оған баратын жол


136


137




туралы эзотерия (белгісіз, бейсана) туралы ілімге негізделген. Педагогикалық үдеріс - бұл қарым-қатынас, хабарлама емес ақиқатқа жеткізу. Эзотериялық технологияда баланың өзі ғаламмен ақпараттық қарым-қатынас жасау орталығы болып табылады.
Тұлғаға бағдарлы педагогикалық технология дамуының бастауы Бахтин-Библер мәдениетінің тұжырымдамасында жатыр. Бұл ережеде жалпылама диалог адам санасының негізі деген идея жатыр.
Кез келген педагогикалық технологиялардың дәстүрлі дидактикалық жүйесінің негізінде түсіндіру жатса, тұлғаға бағытталған білім беруде түсінушілік пен өзара түсінушілік жатыр. В. С. Библер бұны былайша түсіндіреді: түсіндіру кезінде жалғыз сана, бір ғана субъект, монолог; түсінушілікте екі субъект, екі сана, өзара түсінушілік, диалог. Түсіндіру - үнемі жоғарыдан төмен қарау, ақыл, өсиет болса, түсіну бұл қарым-қатынас, ынтымақтастық, өзара қарым-қатынастағы теңдік.
Түсіндіруден түсінуге, монологтан диалогқа, әлеуметтік бақылаудан дамуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу тұлғаға бағдарлы педагогикалық технологияның іргетасын қалайды. К. Н. Вентцельдің айтуы бойынша, педагогтің негізгі бағдары - «затты» танып білуге емес, қарым-қатынас жасауға, оқушылармен өзара түсінушілікке, оларды шығармашылық үшін «босатуға» бағытталуы қажет. Жеке тұлғалық білім беру кеңістігінде шығармашылық, ізденушілік негізгі тәсіл болып табылады. Бірақ балалардың өз бетінше білім берудегі шығармашылық міндеттері мен өмірлік мәселелерді шешу үшін рухани, дене және ақыл-ой мүмкіндіктері жете дамымағандықтан педагогикалық қолдау мен көмек көрсету қажет.
Қолдау бастауыш сынып мұғалімінің балаға деген ізгілік ұстанымын көрсетеді. Балалар мұғалімнен көмек және қорғауды күтсе, мұғалім өз тарапынан бала өміріне, денсаулығына, эмоционалдық жай-күйіне, дамуына деген жауапкершілікті саналылықпен сезінеді.
Ш.Амонашвилидің іс-әрекетінде қолдау үш принципке негізделген: біріншісі - баланы жақсы көру; екіншісі - бала өмір сүретін ортаны адамдандыру; үшіншісі - балалық шағын өткізу.
В. А. Сухомлинский педагог өзінде балалық шақтың сезімін сақтап қалуы керектігін атап айтқан. Бастауыш сынып мұғалімдерінің


алдында тұрған басты мақсаты: баламен болып жатқан өзгерістерді және оны түсінуге қабілеттілігін дамыту; баланың қылықтарына ақылмен қарау; бала бір нәрсені әдейі бұзбайтынына, қаталесуіне сену; ол туралы жаман, әділетсіз ойламау; ең бастысы баланың жеке тұлғалық қасиеттерін бұзбай қатесін түзетіп, дамыту.
Тұлғаға бағдарлы технологиялар әр баланың тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес келетін оқыту мен тәрбиелеудің әдіс- тәсілдерін табуға тырысады. Психодиагностикалық әдістерді қолданып, баланың іс-әрекетін ұйымдастыру мен қарым-қатынасты өзгертеді. Оқытудың алуан құралдарын пайдаланады, білім беру мазмұнын үйлестіреді. Шетел зерттеушісі К.Роджерс педагогтің негізгі міндеті баланың жеке тұлғалық өсуіне көмек беру деп санайды. Оның ойынша педагогика емдеу сияқты: ол үнемі балаға дене және психикалық денсаулық сыйлауы қажет.
Тұлғаға бағдарлы технологиялары бойынша өтілген сабақтарда мұғалім жеке тұлғаның дамуы үшін жағымды жағдай тудыруы қажет. Оқу үдерісі барысында мұғалім балалардың кез келген сұрақтарына жауап беріп, өздеріне деген сенімдерін нығайтқаны дұрыс. Мұғалім әр оқушының және бүкіл сыныптың алдында тұрған мақсат пен міндеттерді шешуге көмектесіп қана қоймай, бүкіл топтың көңіл- күйін сезіне алады. Мұғалім топтық қарым-қатынас жасауда белсенділік көрсетуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет