Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат


Кесте Проблемалы оқыту сабағының құрылымы мен артықшылықтары



бет48/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

Кесте


Проблемалы оқыту сабағының құрылымы мен
артықшылықтары




Сабақ кезеңдері

Қойылған мақсаты

Жұм- салған уақыт мөлшері

Іске асырудың жолдары

Байқалған артықшы- лықтар

1

Өткен материал- дарды пысықтау

Меңгерілген білімді реттей отырып, оны қолдана білуге үйрету. Кезекті сабаққа қажетті білімді жинақтап дайындау

10-15

Барлық оқушыларға қысқа ғана жұмыс жаздыру

Оқушылар түгелдей өз білімін көрсетеді


176


177




2

Пысық- тауды қорытын- дылау

Өтілген материал- дардың қажеттілерін жинақтап, оларды байланыстыра отырып келесі тақырыпқа көшу

12-15

Оқушылар- дың жеке жұмыста- рына қысқаша шолу жасау

Оқушылар өз жұмысының нәтижесін көре отырып, келесі тақырыпқа ынталы болады

3

Проблема- лы жағдай туғызып, оның негізгі мәселелерін көрсету

Оқушыларды ойлауға, талдауға, ізденіске ынталандыру

15-20

Проблемалы мәселені баяндап беру

Оқушылар- дың сабаққа деген ынтасын арттырады

4

Проблема- ны шешу жолдарын қарасты- рып, болжам жасау

Бұрынғы білімдерді пысықтай отырып, жаңа материалды баяндау және оны талдауға үйрету

15-20

Оқушылар- мен эвристикалы түрде әңгімелесу

Оқушылар- дың ойлау қабілетін жетілдіреді

5

Болжамды дәлелдеу

Жаңа материалды талдауды тереңдете түсу

10-12

Әңгімелесу, мысал келтіру және оны оқушылар көмегімен шешу

Мәселеге сын көзбен қарауға, талдау жасай білуге үйретеді

6

Проблема шешімінің дұрыстығын тексеру

Алынған білімді бекіту және іскерлікті қалыптастыру

8-10

Қателік- терді пысықтау, шешімді қорытынды- лау, есептер шығару

Оқушылар- дың өз біліміне, іскерлігіне деген сенімін нығайтады


. Бастауыш сынып мұғалімдері проблемалық мәселені қою арқылы оқушыларды проблемалық жағдайға алып келеді. Бұл жерде бұрынғы меңгерілген білім мен жаңадан пайда болған мәселе


арасында қарама-қайшылық пайда болады да, оқушы мұғалімнің көмегімен осы мәселеге байланысты пайда болатын құбылыс немесе үдеріске талдау жасау арқылы оны түсінуге, игеруге тырысады. Бір сөзбен айтқанда, ойлау қабілетінің белсенділігі артады. Сондықтан да проблемалы оқытудың дүниетанымдық маңызы зор, Өйткені, ол құбылыстар мен үдерістердің бір-бірімен байланысын көре білуге үйретеді, жеке тұлғада диалектикалық ойлау қабілетінің қалыптасуына әсер етеді. Солай дегенмен де, проблемалы оқыту білім беру мен тәрбиелеудің барлық мәселелерін шешіп бере алмайды. Оқу жүйесінде білім беру мен тәрбиелеудің әр түрлі әдістері мен қалыптары болуға тиіс. Проблемелы оқыту әдісін біртұтас дамыта оқыту жүйесінің қажетті бір бөлімі есебінде қарастырған жөн және оны проблемалық жағдайды жасаудың әр түрлі арнайы әдістері мен тәсілдерін кең қолдана отырып, сонымен бірге оқушылардың есте сақтағыштық, шығармашылық қасиеттерін пайдалана отырып дамыту қажет.
Проблемалы сабақты аралас сабаққа ұқсатып, бірнеше бөлімге нақпа-нақтап бөлуге болмайды. Сонымен қатар, қойылған мақсат пен сабақтың мазмұнына байланысты мұғалім мен бастауыш сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынастың белгілі бір реттігін жасауға да болмайды. Сол себепті проблемалық сабақты ұйымдастырудың сан-алуан жолы болуы мүмкін.
Проблемалы сабақты жүргізу негізінде дәстүрлі аралас сабақта қолданылып жүрген материалды бекіту бөлімінің қажеттілігі болмайды, өйткені жаңа білімді игерудің өзі оқушылардың өнімді қызметі арқылы атқарылады, ол өз кезегінде, оқушылардан бұрынғы меңгерілген білімді қолдана отырып, жаңаны қабылдауды қажет етеді.
Проблемалы сабақ барысында жіберілген қателіктерді анықтап, талдау жасауға ерекше көңіл бөлінуге тиіс және бұндай жұмысты оқушылармен бірлесіп жұмыс жасаудың барлық кезеңінде жүргізіп отырған жөн.
Проблемалы сабақ барысында бастауыш сынып оқушыларының жіберген қателіктерін талдаудың мынадай бағыты белгіленді:

  • оқушылар жіберген қателіктерді анықтап алу;

  • қателіктер кеткендігіне оқушылардың көздерін жеткізу;

  • қателіктердің жіберілу себептерін оқушылар күшімен анықтау;


178


179




  • оқушылар қателіктердің жіберілу себептерін өз күшімен анықтай алмаған жағдайда, оларға көмек көрсету;

  • оқушылармен бірлесе отырып қателіктерді түзету;

Проблемалық сабақ ұйымдастыру төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:

  • проблемалы оқыту сабақтары дәстүрлі аралас сабақтармен салыстырғанда, біріншіден, көп дайындықты қажет етеді, екіншіден, сабақтың жүрісі көп уақытқа созылады;

  • белгілі бір пәнді бөлінген сағатына сай игеру үшін пән бағдарламасында көрсетілген тақырыптарды негізгі және қосалқы материалдарды бөліп алу қажет;

  • қосалқы материалдарға бөлінген сағаттарды азайту арқылы негізгі материалдарға арналған сағаттарды көбейтуді ойластыру қажет;

  • негізгі материалдарды оқытуды проблемалы сабақтарды ұйымдастыру арқылы өткізуге тырысып, қалғандарын дәстүрлі аралас сабақтармен өткізу пән тақырыптарын үйлесімді игерудің ең тиімді жолы екендігі анықталады.

Оқушылардың әр түрлі есептерін шығару, қойылған мәселелерді шешу кезінде өз білімдерін қолдана білуіне, маңыздысын іріктей білуіне, терең ойлай білуіне жасалынған талдау, проблемалық оқытудың арқасында оқушыларда жоғары дәрежеде өз бетімен жұмыс істеу қасиеті қалыптасатынын көрсетеді. Оқушылар талдаудың, іріктеудің, жіктеудің логикалық операцияларын ойдағыдай игере отырып, өз білімдерін жан-жақты қолдана білуге үйренеді. Сонымен қатар, оқушыларда ойлап-толғаудың биік деңгейі мен ақпараттарды өз күшімен игеруге қасиеттері пайда болады.
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр.
Білім негізі бастауыш мектепте берілетіні анық. Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімі бағдарлама көлемінде ғана білім беріп қоймай, пәндер арқылы баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуі керек.
Көптеген педагогтар және психологтардың сараптамасы бойынша әр түрдегі жаттығулардың тиімділігі, олардың нұсқалық сипатта болуында. Нұсқалық жаттығулар оқушылардың ой-өрісін


дамытып ғана қоймайды, сонымен қатар оларда тұрақты білім-білік, дағдыны қалыптастырады.
Ең тиімді тәсіл - жаттығуларды қорытындылау, сондай-ақ бір немесе басқа да қағидалар мен заңдылықты нақтылау мақсатында өткізу. Оқушы өз бетімен немесе оқытушы басшылығымен сол немесе басқа материалдарын қорытындылау кезінде-ақ дағды- ланады, әрі оны нақтылау жеңілдірек болады.
Әртүрлі дәрежедегі байланысты ұтымды жүзеге асыру оқушылардың ақыл-ой іс-әрекеттерінің деңгейіне байланысты. Қандай да бір материалды түсіндіру мен бекітуде, олар жақсы түсінген білімдер қолданылып отырса, онда жаттығулар әдісін пайдаланған дұрыс. Ал оқушылар қиналып, өз бетінше орындай алмаса, онда әңгімелесу элементтері бар жаттығулар әдісін қолданған пайдалы. Ал материал ұсынуға күрделі болса онда түсіндіру әдісін жаттығулар әдісімен байланыстыра қолдану керек. Ең бастысы, кез келген әдіс-тәсілді таңдағанда оқушыларға оның қаншалықты қажеттілігін ескерген жөн. Бірақ түсінікті меңгертуде, білімді ортақтастыруда оқушылардың белсенділігіне пара-пар ойлау операциясын қалыптастыруды ешқашан ұмытпау керек.
Қорыта келгенде, проблемалы тапсырмалар сабақтағы қорытындылардың қандай және қалай пайда болғандығын дәлел- дейді және логикалық ойлауға, ғылыми іздену жолына бағыттайды. Проблемалы тапсырмалар сезімге молырақ әсер етеді де, оқушының қызығушылығын, білімге іштей құмартушылығын дамытады. Құмартушылық, қызығушылық оқушыны өздігінен ізденуге жетелейді. Ізденіссіз шығармашылық ойлау жоқ. Проблемалық тапсырма нәтижесі оқушының өз бетінше еңбектенудегі дағдысы мен қабілетінің, іскерлігінің жетілген, ең жоғары дамыған сатысы деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет