Оқулық Алматы, 2014 Әож кбж ш түсінік хат


Өзіндік жұмыс тапсырмалары



бет46/85
Дата16.03.2023
өлшемі0.55 Mb.
#470850
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:

  1. Е. Н. Ильиннің адамгершілікті қалыптастыруға негізделген әдебиетті оқыту жүйесіне сипаттама беріңіз.

  2. Бастауыш мектепте тіл дамыту пәнін оқытуда Е. Н. Ильиннің жүйесін пайдалану бойынша тірек сигналдарын жасаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ильин Е. Н. Урок продолжается. - М., 1973.

  2. Ильин Е. Н. Искусство общения. - М., 1982.

  3. Ильин Е. Н. Рождение урока. - М., 1986.

  4. Ильин Е. Н. Путь кученику. - М., 1988.

  5. Ильин Е. Н. Герой нашего урока. - М., 1991.

  6. Ильин Е. Н. Воспитаем читателя. - СПб., 1995.


  1. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т Оқытудың қазіргі технологиялары. Алматы, 2005.

  2. Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. - Алматы, 2004.

  3. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. - Алматы, 2007.

  4. Педагогические технологии: Методические рекомендации /Сост. А. П. Чернявская. - Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д. Ушинского, 2002.

  5. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. - М.: Народное образование, 1998.

  6. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. - М.: Педагогика, 1990 г.


156


157




  1. ОҚУШЫНЫҢ ӘРЕКЕТІН БЕЛСЕНДІРУ ЖӘНЕ
    ИНТЕНСИВТЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ


Жоспар:

  1. Ойын технологиясы

  2. Проблемалық оқыту технологиясы

  3. В. Ф. Шаталовтың тірек сигналдар технологиясы

  1. Ойын технологиясы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген. Бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді.
Бастауыш мектепте оқыту үдерісінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады.
Ойын - балалар әрекетінің бір түрі, оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың әдісі мен құралы. Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным үдерісіне әсерін тигізеді.
Ойын - балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менін» қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді.
Ойын - әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.
Н. К. Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» - дейді.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді айтуда ғалымдар.
Н. Ф. Талызина «Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылы оқуды және математиканы таным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте-бірте ойыннан кейін оқу әрекеті орын алады», - деген пікір айтты.
В. В. Давыдов оқушыларда танымдық проблемалық міндеттерді


шештірудің жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тәжірибені меңгертуге болады, яғни соның нәтижесінде білім-білік, дағды дүниеге көзқарасын қалыптастыруды көздейді.
Н. К. Крупская өз еңбектерінде бала өмірінде ойынның маңызының зор екенін көрсеткен.
Балалар бір-бірімен ойнау арқылы қарым-қатынас жасауға, ұйымшылдыққа, еңбекке, мұқиятшылдық жағдайы ойын мазмұнына қарай шамалы уақытта ғана көрінетін дәлелдер.
Психолог А.С.Выготский: «бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-әрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді» - дейді.
Я.А.Каменский «ойынды рухани және дененің даму қозғалысы» - деді. Ойындар баланың жасына, халықтың әдет-ғұрпына сәйкес болу керектігін айтты.
К.Д.Ушинский сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану оқушылардың білім алу процессін жеңілдетеді - деді.
Жоғарыда айтылған мәселелерді теория және практика жүзінде ұлы педагог В.А. Сухомлинский терең және жан-жақты қарастырған.
Ойын үстінде оқушылар өзі үшін жаттығулар орындап, оқумен жаттығады және ойын үстінде салыстыру арқасында тапсырмаларды орындауға тырысады, ойын оқушыларды ізденуге, жеңіске жетуге ынталандырып, бұдан оларды тез қимылдауға, тез ойлауға, тез шешім қабылдауға және тапсырманы нақты орындауға әкеледі. Әрине, бұл жерде ойын ережесі сақталуы керек.
Жарыс элементі ойында әрқашанда маңызды болып келеді. Жарыста балалардың белсенділігі, жеңіске жету еркіндігі жоғарлай түседі.
Ойынды таңдау кезінде оқушылардың техникалық деңгейін, сапасына қарай белгілі бір жүйеде жүргізілуін есте ұстаған дұрыс.
Ұлы класик педагогтар Я.А.Каменский, И.Песталоцци, А.Макаренко, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинский және қазақ халқының ағартушы педагогтары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаевтар, ойынның маңызын айта келе, ойын дегеніміз - айқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Міне, ойын - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, өмір тынысы дейді.


158


159




Ойын - оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үдерісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
Ойынның мақсаты - Ойын технологиясы арқылы 5-6 жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.
Ойын:

  • сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді.

  • сабақтың ортасында - көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.

  • сабақтың соңында - тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады.
Ойын - оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Бастауыш сынып мұғалімі оларды жалықтырмай әр түрлі ойын түрлері мен сабақты қызықты өткізуі керек. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:

  1. Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;


  1. Қимыл-қозғалыс ойындары: «ақ серек, көк серек», «ұшты- ұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы мен қозылар», «соқыр теке», мысық пен тышқан;

  2. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт, т.б.

  3. Құрылыс ойындары: лото, және басқа констукторларды пайдалану;

  4. Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, әңгімелерді рөлдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.

Ұлттық ойын ойнау баланың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауап- кершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады.
Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды зор халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал үшін, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады.
Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі - грамматикалық ойынның түрлері.
Ойындарға материалды таңдап алуда төмендегідей жайттарды ескеру керек:

  • Ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері.

  • Білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлығы.

  • Ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың

алғышарттары.
Ойынның құрамына қойылатын талаптар ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады.


160


161




Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:

  1. Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.

  2. Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.

  3. Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы.

  4. Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.

  5. Ойынның эмоциональды болуы.

Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар қойылады:

  1. Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен мате- риалдар күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.

  2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілуі қажет.

  3. Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек.

  4. Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне жетелеу керек.

Ойындардың жіктемесін жасауда оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық мотивациялық аспектісі негізге алынады.
Дидактикалық ойын бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашады.
Дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдаланған тиімді. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау сөйлеу үдерістері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйретеді.
Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі дамыту құзырлығы бүгінгі күні білім беру саласындағы өзекті мәселе. Оқушыларды заман талабына сай коммуникативті қасиеттері мен эстетикалық талғамы - сезімі жоғары, ұшқыр ойлы, белсенді, креативті, кез келген ортаға бейімделетін, өзін-өзі ұстай алатын тұлға ретінде қалыптастыруда, құзырлы білімдерін дамытуда ойын технологиясының маңызды функцияларының атқаратын орны ерекше.

  1. Ойынның әлеуметтік-мәдени белгілері. Ойынның әлеуметтік- мәдени белгілі мәдени байлықты, тәрбие потенциалын игерген


ұжымның толыққанды мүшесі бола алатын баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының көрсеткіші.

  1. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы. Ойындар арқылы кез келген ұлт өкілдері өз ұрпақтарын өмірдегі әр түрлі жағдаяттардан жол таба білуге, кикілжіңді қатігездіксіз шешуге, әрқилы эмоцияларды дұрыс қабылдай білуге үйретеді.

  2. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі. Ойын барысында бала өзін іс жүзінде көрсетеді.

  3. Коммуникативтік ойын. Оқушыларды әр түрлі қиыншылықтан жол таба білуге итермелейді.

  4. Ойынның диагностикалық функциясы. Жеке тұлға интеллект, шығармашылық жағынан өзін-өзі іс жүзінде көрсетеді.

  5. Ойынның емдеу функциясы. Ойын адамның тәртібіндегі өзін қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынасын және оқудағы туындаған әр түрлі қиындықтарды жеңу үшін пайдаланылады.

  6. Ойынның түзету функциясы. Түзету ойындарының тәртібі нашар, психологиялық көмекті қажет ететін оқушылар үшін көмегі зор.

  7. Ойынның көңіл көтеру функциясы. Ойын қиялды дамытып, көңіл көтеруге итермелейді.

Әр мұғалім технологияның нәтижесін дұрыс болуы үшін мынандай жағдайларды ескеруі қажет:

  • Әр ойынның тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын алдын ала жете түсініп, оның балаларға қандай нәтиже беретіндігін анықтау

  • Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын ала әзірлеу.

  • Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық

ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорнына сәйкес келуі.

  • Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету.

  • Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың ынтасын тартып, пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталуы.

Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үдеріс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты,


162


163




тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістердің бірі. В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл- ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты».
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.
Ойын арқылы оқушы нені меңгереді?

  1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.

  2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.

  3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.

  4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.

  5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.

  6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.

  7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.

  8. Оқушылар үшін қауіпсіз.

  9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.

  10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.

  11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.

  12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі,


дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.
Бастауыш сынып сабақтарын қызықты да, әсерлі етіп, түрлендіріп өткізу мұғалімнен шығармашылық ізденісті, педагогикалық шеберлікті талап етері сөзсіз.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын - айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А.С.Макаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады», - деп балалар ойынын жоғары бағалаған.
Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені бастауыш сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды.
Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушы- лығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.
Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық үдерісте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды


164


165




оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады. Сабақ барысында ойын әдістері мен жағдайларын өткізу мынадай негізгі бағыттарда жүргізіледі:
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу-тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті, нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - дидактикалық ойындар.
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.
Бастауыш сыныптардың тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.
Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.


Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу үдерісін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызы да арта түседі.
Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.
Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн. «Ойыннан басталады», - десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің басты қолданатын тәсілі - ойын.
Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері - мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілге деген қызығушылығын қалыптастыру - бастауыш сынып мұғалімінің алдында тұрған негізгі мәселелердің бірі.
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен зейінін арттырады. Басты мақсат - ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды молайтып, тілдесу әрекетіне жетелеу.
Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын


166


167




барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.
Қазақ тілі сабақтарында рөлдік ойындардың маңызы зор. Ойын оқушылардың сол орындалатын іс-әрекеттер арқылы тіл үйренуге деген сенімін қалыптастырады.
Олар:

  • Қазақ тіліне ғана тән дыбыстарды дұрыс айтуға, жазуға жаттықтыруға;

  • Оқушыларды тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамытуға;

  • Жағдаяттар туғызып, іс-әрекеттер арқылы сөйлетіп үйренуге.

Белгілі педагог А.С.Макаренко баланың ойын үстінде түрлі таным-түсініктері, қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын атап көрсеткен. Сабақта ойналатын дидактикалық ойындардың пайдасы өте зор. Ол ойындарды тақырып бойынша өзгертіп тұруға ыңғайлы болады. Ойынның мақсаты, шарты балаларға түсіндіріледі.
Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Бастауыш мектеп мұғалімдері сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздейді.
Қазақ тілі пәнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай әртүрлі әдіс-тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.
Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады.

  1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.

  2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы - ыдыс, Ыдырыс, ыстық

І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е - береке, текемет, ертең.

  1. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ, қырық


«Дыбыс таңдау ойыны». Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан қалып қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды.
«Адасқан әріптер» ойыны дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса.

  1. р, о, б. - бор

  2. а, ш, а, ғ. - шаға

Лексика бойынша «Жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.

  1. Ұяда....

Ұшқанда

  1. Көп...

Терең...
«Кім білгір»ойыны. Тақтаға заттардың, жан-жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал-мәтелдерді кім біледі?
«Жылдам жауап» ойыны. Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал- мәтелдермен дұрыс әрі жылдам жауап берілуі керек.
Морфология саласы бойынша «Ойлан тап»ойыны.

  1. Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі - тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? Асқазан

  2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? Ақбөкен

  3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? Жетісу, Талдықорған

«Ойна да ойлан» ойыны.

  1. Адамның туыстық атауларын білдіретін зат есімдерді жаз.

  2. Қолмен ұстауға, көзбен көруге болатын зат есімдерді жаз.

«Кім тез тауып, оқи алады?» ойыны. Берілген сөйлемдерде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?
«Ұйқасын тап ойыны». Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. /қоян/.
Бата алмас түлкі, Үсті тікен.. /кірпі/
«Жалғасын тап ойыны». Атаңның баласы болма, /адамның баласы бол/
«Сөз қуаласпақ ойыны»
Ойынның шарты: 1-қатардағы оқушыларға «бастауыш»,


168


169




2-қатарға «баяндауыш» деп ат қойылады. «Бастауыштар» сөйлемде бастауыш болатын сөздерді айтады, «Баяндауыштар» оған қимылды білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құрайды.
Араларға көмек ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Ойынның шарты: тақтаға араның ұясындағы балға келе жатқан аюдың сүреті ілінеді. Аюдың балға келе жатқандығын ескертуге күзетші ара басқа араларға кетеді. Оқушыларға тақырыпқа байланысты грамматикалық тапсырмалар беріледі.
Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құрау.
Көптік жалғауын дұрыс жалғау.
Септік жалғауларын табу.
«Адасқан айлар» ойыны.
Төрт қорап дайындайсыз. Әр қорап сыртында жыл мезгіліне сай сурет болады, ай аттарын ауыстырып саласыз, оқушы әр айды жыл мезгіліне сай тауып салады. Бұл ойынды уақытпен ойнатуға болады. Ойын оқушының тез оқу, қимылдау дағдысын қалыптастырады. Мұғалім оқушының ай аттарын, жыл мезгілін есінде қалай сақтағанын бағалайды.
«Сымсыз телефон» ойыны. Лексикалық бақылауды ауызша жүргізілгенде қолданамыз. Мысалы тақырыбы: «Қалада. Қаладағы мәдени орындар». Оқушы телефон тұтқасын алады да сөзді айтады. Біздің қала - аудармасын 2 - оқушы. Ары қарай жалғаса береді. Сөздік диктант үнемі жүрсе баланы жалықтырады, сондықтан бұл ойынды оқушылар қызыға ойнайды. Осы ойын арқылы шағын диалогты ойнатуға болады. Бұл ойын оқушыны дұрыс мәдениетті сөйлеуге үйретеді, сөздік қорын бағалауға мүмкіндік береді.
Үлкен бір модульді аяқтаған кезде нәтиже сабақта «Қоржынды кім тез шешеді?» деген ойын ойнаймыз. Үш қатар болса (немесе 3 топ) үш қоржын дайындайсыз. Әр қоржында аударма жұмысы, сөз тіркесін құру, буынға бөлу, модулға сәйкес грамматикалық тапсырма, мәнерлеп оқу, диалог болады. Қай топ тез дайындалып, дұрыс айтып шығады (7-10 минут). Бұл ойынды мұғалім белгілі бір модуль бойынша оқушының қандай деңгейде меңгергенін тексере алады.
Қазақтың ұлттық ойындарының бір қыдыруы асық ойынынан тұрады. Асықты «Сен айт», «Мәтінді жалғастыр» ойындарында


қолдануға болады. Бұл ойындар асық лақтыру арқылы жүреді де, баланы шапшандыққа, тез ойлауға дағдыландырады. Сабақта ұлттық ойын элементтерін қолдану барысында мұғалім сөздермен таныстырады, дұрыс айтуға үйретеді, салт-дәстүрді сүюге тәрбиелейді. Оқушылар көбінесе сабақта ойын түрлерінің жиі болуына жақсы дағдыланады.
Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген ынта-ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі «сергіту сәті». Сабақта сергіту сәтін өткізгенде оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне де назар аудару қажет. Мысалы: «Ұзын құлақ, сұр қоян» немесе дене қимылдарына қатысты сергіту ойындары: «Әй, шымыжық, шымыжық».
Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып, ойландырып, балаға тәрбиелік мәні зор ойындар арқылы дамытуға болады. Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар оқушы қалып қоймайды. Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын оқушы өз мүмкіндігінше іс-шараларға араласып, өз үлесін қосып отырады. Ойын арқылы өткізілген сабақтарда артта қалған, жасық мектептен қорқатын, оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше, баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық іс- әрекетін белсендіруде мынадай жұмыстар жүргізіледі.
«Сөйлем» тақырыбын өту барысында «Сөз қуаласпақ», «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз», т.б. дидактикалық ойындар қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Сөз таптары», «Сөйлем түрлері» тақырыптарын өту барысында тірек сызбалар да балаларға ерекше әсер етіп, оқуға деген құштарлықтарын, танымдық белсенділіктерін арттыруға себепші болады.
«Сөз құрамы» тақырыптарын қорыту барысында «Білім биржасы», «Брейн ринг» оқыта үйрету ойындары оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттырады.
Дүниетану сабақтарында «Адам», «Табиғат», «Қоғам»


170


171




бөлімдерінде «Зоопарк», «Ботаникалық бақ», «Табиғатқа саяхат», «Қала мен қала маңы», «Ертегілер театры», т.б. ойындарын пайдалануға болады.
Математиканы оқыту үдерісінде жұмыстың әр түрін пайдалану бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырумен қатар, олардың математикалық қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Осының негізінде математика сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін төмендегідей жұмыс түрлері пайдаланылады.
Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар - оқушылардың жан- жақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, столда ойна- латын ойындар, «Жұп картинкалар», «Лот», «Домино» балалардың ойлау қабілеттерін дамытады. Тіл сабақтарда зейінін, ойлауын, бай- ланыстыра сөйлеуін дамытуда сөздік ойындардың маңызы зор. Мы- салы, «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жалған сөз».
Ал, математика сабақтарындағы ойындардың негізгі міндеті - есептеу дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру. Осы мақсатта біз мынадай ойындарды пайдаландық. Мысалы, «Қара белгі», «Сиқырлы карта», «16-дан бастаймыз», «Цифрлар жарылысы», «Бизнесмен», «Көбейту тауы», «Асқарпаздар».
Көп таңбалы сандардын кұрамын өткенде оқуға, жазуға төселдіру үшін «Сиқырлы карта», «Аздан көпке қарай» ойындарын пайдаланған абзал.
Математика сабақтарында тағы бір тиімді пайдаланылатын ойын-сергіту логикалық ойын есептер. Бұл логикалық есептерді ұсыну балалардың ойының ұшқырлығына, тез есептеуге төселдіруге өте үлкен әсер етеді. Қазір математика сабақтарында «Қазақтың байырғы қара есептері» деген кітаптан көптеген логикалық құрылымды ойындарды пайдалануға болады. Мысалы, ұзындық өлшем бірліктері тақырыбына байланысты «Ұлу мен қырғауыл», «Қырсық жолаушы» туралы е септер берілсе, оқушы өз тіліміздегі өлшем бірліктерін де меңгереді. Ал салмақ өлшемін өткенде «Жеңіл сақина», уақыт өлшеміне байланысты «Дыбысты сағат», есептерін ұсынуға болады. Есептеуге байланысты «Асық саны», «Шып- та», «Тауық нешеу саналған!», т.б. ойын-есептерді бере отырып балаларға «Қиял қыр асырады», «Тұяқты тұяқ жібермейді» сияқты нақыл даналықты меңгеруге болады.
Тапқырлыққа берілетін материалдардың негізгі мақсаты


оқушылардың қызығушылығын ояту, ойлау әрекетін белсендіру, ой-өрісін кеңейту болып табылады. Олардың түрлері әртүрлі болып келуі мүмкін: ребустар, қазақ халқының ауызша есептері, өлең- есептер, викториналар, т.б.
Сонымен, педагогикалық ойынның маңызы зор екендігін жаңашыл педагог-ғалымдары өз еңбектерінде атап кеткен. Ойын біріншіден, білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білім алуы өмір тәжірбесін жинақтауға көмектеседі. Ойын- ның кәсіптік, әуестену, оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар. Ол дем алу, көңіл көтеру бола тұра оқуға, шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады.
Қорыта айтқанда, кез келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой-өрісін ойын арқылы дамытады.
Ойындар - оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылы- ғын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды.
В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл- ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты», - деген екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет