мазмұндық ерекшелігі:
Тірек сигналы - мән, мағынаны (белгі, сөз, үлгі, сурет және т.б.), білдіретін құрамды бейне.
Тірек конспекті - қысқа конспект түрінде берілетін тірек сиг- нал жүйесі (оқу материалы сигнал, көрнекі сұлба ретінде беріледі).
Жаңашыл ұстаз әдістемесінің негізгі элементтерінің бірі - тірек сигналдары. Бұл - игерілуге тиіс білімнің мазмұны кодталған көрнекі схема. Көрнекілікке негізделген тірек сигналының жаңа сабақты тусінуді және оны есте сақтауды жеңілдететіні белгілі болды.
Әдетте сурет, сызба, схемалар мектепте игерілетін білім сипатына сәйкес эпизодты қолданылады.
Шаталовтың көрнекі схемаларды қолданудағы жаңалығы - оларға оқу үдерісінде берілетін ерекше рөлінде.
Тірек сигналдарын қолдану теориялық білімнің кең көлемін игеруді, жаңа тақырыптың жекелеген бөлшектері жиынтығын бірдей қамтуды жеңілдетеді, олардың арасында байланыс орнатуға, салыстыруға, материалды логикалық өңдеуге және оның ұзақ есте сақталуына көмектеседі, білім игеру сапасын қүнде тексеруді, бағалау мен өзін-өзі бағалауды қамтамасыз етеді. Тірек сигналдары - оқыту үдерісінің тұрақты және қажетті компоненті.
Тірек сигналдарындағы таңбалар саны, оларды безендіру ерекшелігі (түсті бояуды қолдану, фармалары, сөздік материалдары) белгілі бір талаптарды қанағаттандыратандай болуы қажет: игеру мүмкіншілігі, безендіру мәдениеті, формалардың әртүрлілігі, сезімдік кұндылығы және т.б. Бұл шарттар көрнекі материалды қабылдау талаптарынан туындайды.
Тірек сигналдары оқытуда теориялық білімді іріленген блоктар түрінде беру принципін іске асыруды қамтамасыз етеді.
В. Ф. Шаталов теориялық түсінікті іріленген блоктар түрінде
182
183
береді, бұған программаның үлкен тараулары енуі мүмкін. Бұл жүйемен білім тек терең түсіну негізінде ғана жемісті болады.
Сонымен қатар тірек сигналдарында түсініктер маңызына қарай сыныпификацияланады (қызыл түспен - ең маңыздысы, жасылмен - одан төменірегі және сол сияқты).
Көрнекілік құралдарды қолданудың әр түрлілігі, тірек сигнал- дары мазмұнының абстрактылы және нақтылы компоненттерінің ұштасуы, оның маңыздылығы бойынша классификациялануы - Шаталов ұсынған көрнекі схемаларының ең маңызды ерекшелігі.
В. Ф. Шаталов (1929 жылы туған) - украин педагогы. В.Ф.Шаталов тәжірибесінің бірінші ерекшелігі - оқу үдерісіндегі оқушылардың іс-әрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге бөліп, мұғалімнің қатаң түрде басқаруы. В. Ф. Шаталов мынадай кезеңдерге бөліп көрсетті.
кезеңде тақырыпты жан-жақты түсіндіріп,
кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп,
кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек плакаттарының кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп,
кезеңде оқушылар оқулықпен және тірек сигналдарымен үйде жұмыс істейді,
кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп, дәптертеріне жазып,
кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша ауызша жауаптар береді.
Сонымен теориялық материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрды. Шаталов тәжірибесінің екінші ерекшелігі - бағдарлама нық бір- бірімен байланысты немесе қарама-қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының қалған ерекшеліктері:
үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;
жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;
ізгілендіру, ерікті оқыту;
әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;
оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Қазіргі заман талабына сай қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың өзіндік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушылардың оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр түрлі танымдық тапсырмаларды орындау талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.
Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену, бекіту, қайталап пысықтау және бақылау деп бөлуге болады.
Білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Ендеше осы бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу іскерліктері де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ жаңа ұғымды, заңдылықты, ережені түсініп тұжырымдау, есепті талдап шығара білу, жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу, өзінің іс-әрекетіне бақылау жасай білу, т.б.
Материалды көрнекі беру негізгі ұғымдарды дифференциялап топтауды, оларды талдаудың жалпы тәсілін бөлуді, олармен жұмыс жасауды жеңілдетеді.
В. Ф. Шаталовтың оқыту әдістемесі, негізінен, жеті психологиялық-педагогикалык принциптерден тұрады. Олардың әрқайсысының мазмұның ашайық.
Достарыңызбен бөлісу: |