Ұсынылатын әдебиеттер:
Амонашвили Ш. Основы гуманной педагогики. - М., 2001.
Амонашвили Ш. Актуальные вопросы гуманной педагогики.
Шаукенова Н. Р. Жалпы білім беретін мектепті қайта құру жағдайын ынталандыру педагогикасы. - Алматы, 2011.
Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т Оқытудың қазіргі технология- лары. - Алматы, 2005.
Әбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. - Алматы, 2004.
Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. - Алматы, 2007.
Жүнісбек Ә. Қазіргі заманғы педагогикалық технология негізі
сапалы білім. - //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
Педагогические технологии: Методические рекомендации /Сост. А. П. Чернявская. - Ярославль: изд-во ЯГПУ им. К. Д.Ушинского, 2002.
Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. - М.: Народное образование, 1998.
Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения. - М.: Педагогика, 1990.
Адамгершілікті қалыптастыруға негізделген
әдебиетті оқыту жүйесі (Е. Н. Ильин)
«Бәрі білім арқылы келеді!» - дейді мектеп теориясы мен практикасы. Бірақ әдебиет сабағында танымдық нәрсе түпкі мақсат емес, қайта бәрінен бұрын, адамгершілік білім ретінде адамгершілік тақырыпты өрбітіп, өткір өріп әкетудің шарты. Әлденені, тіпті көп нәрсені оқушының өзі үйде өз білімін белсене жетілдіруі арқылы және ендігі жерде шамадан тыс күш жұмсамай-ақ «жинақтай» алады. Арнаулы білімді жеке-жара жинақтауға да болады.
Ал адамгершілікке бірлескен жағдайда ғана қол жетеді. Ұжымда әсіресе, тәртіптің адамның адамға қарым-қатынасының моральдық
154
155
негіздеріне жақсы қол жеткізіледі. Адамгершілік жайт «тақырып», «проблематика» тасасында қулана тығылып қалмай, сабақ бетіне ашық қалқып шыға келгенде, балалардың кез келген тапсырманы ынталана орындайтынын байқайсың. Бастауыш сынып оқушылары оқулықты оқып, пікір таластырып, тапсырманы орындап қана қоймайды, сонымен бірге мектеп дәлізіндегі кабинетті безендіреді, түрлі ойындарды, жарыстарды да белсене өткізіп, экскурсияға аттанады. Ия, сабақ «сәттерімен» емес, бүкіл мәнісімен тәрбиелейді. Бірақ, алайда, сәттер болмайынша мәннің өзі де болмайды. Бастауыш сынып оқушыларын осы жерде «уыстан шығарып алмаймыз ба?».
Сабақ - бұл жәрдем. Әлдекімге жедел жәрдем, әлдекімге шұғыл жәрдем, ал әлдекім әзірше күте тұрады... Бастауыш сынып оқушыларының мұғалімге деген зейін деңгейін, мұғалімнің олардың әрқайсысына әдеби кейіпкердің бір сәттік қана емес, сонымен бірге этикалық тағдырын оқушының көңіліне ұялататын пікірлерге деген ықыласының нәтижесімен айқындайды. Сол себептен де барлық 30- 40 оқушы сабақта болады.
Кез келген сабақты өткізгенде өмірлік, эстетикалық, адамгершілік тағылымдар болады. Тағылым ажырамастай ұштасқанда ғана ол тәрбие сабағына айналады.
«Кітапты сүйіңдер.. ол сіздерді... үйретеді...» М. Горькийдің бұл сөздерін бастауыш сынып мұғалімі өзінің оқушыларына әрдайым айтып отырады.
Бастауыш сынып оқушылары қандай да бір ертегіні оқып шығып, оның талқылауын оқушылардан күтіп отырмай, қайта талқылау арқылы жаппай оқып шығуға итермелеу қажет. Талдау арқылы талдау үшін жағдай жасалады. Ертегіні түсініп оқып шығуға мәжбүр ететін кітаптағы бетті тауып, оған қоса қызықты етіп талдап шығу керек. Бастаған бет бүкіл ертегіге баурап кететіндей болуы керек. Сабақта бастауыш сынып оқушыларын ертегіні оқуға қарай жетелеу керек. Тәжірибелі бастауыш сынып мұғалімдерінің ең негізгі сыры - ертегі кітабын тезірек ашып, бәрін соған бағындыру. Сыныппен тілдесу - кітаптағы ертегіні сөйлетпейінше қыңыр тірлік. Сабақтың міндеті, ертегі кітабын түгел қамту емес, қайта ішінара талдау арқылы оған ықылас туғызу. Кез келген бастауыш сынып мұғалімі сабақ барысында оқушыларды қызықтыра отырып, баурап әкету принципін қалыптастыруы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |