Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет28/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Педагогиканың әдіснамасы қандай бөліктерден тұрады?
2. «Әдіснама» деген ұғымға анықтама беріңіз. 
3. Педагогика әдіснамасының қызметтерін сипаттаңыз.
4. Педагогика әдіснамасының теориялық жүйедегі орнын негіздеңіз.
5. Педагогика әдіснамасының ғылыми мәртебесін түсіндіріңіз.
1.4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің 
әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары
Педагогика әдіснамасы зерттеушінің ғылыми жұмысына бағытталған. 
Сонымен бірге педагогика әдіснамасының басты міндеттерінің бірі зерттеу 
жұмысын әдіснамалық негіздеу болып табылады. Ғылымда әдіснамалық 
негіздің келесі түрлерін бөліп қарастырады:
– ғылымның философиялық негізі (әлемнің философиялық бейнесі, 
философиялық-дүниетанымдық, логикалық-гносеологиялық, құндылықты-
нормативті ұстанымдар, философияда құрастырылған теориялар мен кате-
гориялар);
– теориялық негіз (ғылымның белгілі бір саласының тұжырымдамалық 
идеялары);
– әдіснамалық негіз (зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен ұста-
нымдары, ғылымилық идеалы мен нормалары);
– логикалық негіз (формалды және диалектикалық логика заңдары, 
дәлел және аргумент ережесі);
– эмпирикалық негіз (ғылыми айғақтар, эксперимент нәтижелері, тә-
жірибелік-ізденушілік жұмыс).
Бұл негіздер ғылыми зерттеудің теориялық-әдіснамалық базасын 
құрайды және оны негіздеу қызметін атқарады. Педагогика және білім беру 
саласында философиялық негіздердің маңызы зор. Философиялық негізге 
ғылыми ізденістің теориялық негіздері, педагогиканың тұжырымдамалық 
ойлары мен ұстанымдары сүйенеді.


61
1.4. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары ...
Әдіснамалық негізде автордың дүниетанымдық және зерттеушілік тұ-
жырымдамасы сипатталады, зерттеу құбылыстарын талдауға объективті, 
ғылыми тұрғыдан қарастыру ойластырылады, сонымен қатар білім беру 
теориясы мен тәжірибесіне қажетті қорытынды мен ұсыныстар, алынған 
нәтижелердің ғылыми құндылығы да маңызды болмақ. Зерттеушілер 
зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін анықтау барысында 
педагогика әдіснамасы қорына, педагогикалық ойларға, тұжырымдамалар 
мен теорияларға сүйенеді, олардың зерттеу болжамы негізінде ғылыми
теория құру мен педагогикалық дәлелдерді түсіндіру үшін қажетті және 
жет кілікті болып табылады.
Әдіснамалық негіздің құрылымына педагогикалық зерттеудің әдіс-
на малық негізінің алғашқы құрамдас бөлігі болып табылатын өз зерттеу 
пәнінің – философиялық заңдар, категориялар, ұстанымдар мен әдістерге 
қатысын ойластыру кіреді. Әдіснамалық негіздің келесі бөліктеріне 
педагогикадағы әдіснамалық тұғырлар, әдіснамалық ұстанымдар, зерт теу-
дің тұжырымдамалық негізіне алынатын зерттеудің логикасы (зерттеудің 
ғылыми аппараты, зерттеудің түсініктік аппараты, зерттеудің өлшемдік ап-
параты) енеді. Әрине, зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары 
зерттеудің ғылыми аппаратының құрамына да кіреді. 
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері бағытындағы із де ніс-
терде зерттеудің логикасы, зерттеу әдістері, нәтижелері, зерттеу сапасын 
бағалау мәселелері қарастырылып жүр. 
Сонымен, зерттеудің әдіснамалық негізін анықтау үшін әдіснамалық 
негіздеме жасау қажет. Оның мазмұнына: ізденуші тұжырымдамасының 
философиялық негіздері, педагогикалық мәселелерге сыни көзқарас, зерт-
теу тұжырымдамасының ғылыми негіздері (мәселені тарихи-логикалық 
талдау, зерттеу пәнін диалектикалық жүйелі-құрылымдық талдау, оның си-
паттамасын тұтастық тұғыр аясында қарастыру, зерттелетін педагогикалық 
құбылыстың дамуының негізі болатын жетекші қайшылықтарды анықтау, 
осы үдеріске тән заңды байланыстарды ашу әдіснамасына сипаттама), осы 
педагогикалық тұжырымдама негізіндегі түрлі ғылыми қағидаларды талдау 
енеді.
Осыдан біз педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздемесінің ке-
лесі логикалық алгоритмін қарастырамыз:
– педагогикалық дәйектерді, құбылыстарды және үдерістерді зерт- 
теуге қажет нақты әдіснамалық тұғырларды анықтау;
– әдіснамалық ұстанымдарды нақтылау;
– зерттеу мәселелеріне тарихи-логикалық талдау жасау;
– зерттеу пәнін сипаттауға тұтастық тұғырды пайдалану.
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізі оның теориялық базасы-
мен тығыз байланыста беріледі. Демек, бұл ретте педагогика әдіснамасы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет