Жануардың клинкалық тексеру жоспарын айтыңыз.
Ауру малды тіркеуге не кіреді?
Анамнез түсінігіне анықтама беріңіз.
Жануардың ауырған кезеңінде жиналатын анамнезге қандай сұрақтар кіреді?
Жылқылар мен ірі қара малға қалай жақындау керек?
Жылқыны, ірі қара малды, құстарды, иттерді бекітудің негізгі әдістерін атаңыз.
ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 4
«Ветеринариялық пропедевтиа» пәнінен
ТАҚЫРЫБЫ: Габитусты анықтау. Тері және тері асты клетчаткасын тексеру.
Құрал – жабдықтар: бұраулар, мұрын қысқыштары, арқан, ілгек.
Жануарлар: жылқы, сиыр, қой.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге габитусты анықтауды үйрету. Теріні тексеру. Тері және тері асты клетчаткасының өзгерістерінің диагностикалық мәнін анықтау.
Габитусты анықтау
Габитус – малдың сыртқы түр тұлғасы. Оған малдың өзін кеңістікте ұстауы, қоңдылығы, дене құрлысы, дене температурасы кіреді.
Дене құрылымын бағалағанда оның сүйектері мен бұлшықеттерінің даму дәрежесіне көңіл бөледі. Дене құрылымы мықты, әлсіз, орташа болуы мүмкін. Денсін кеңістікте ұстауы қалыпты және қалыпты емес (амалсыз) болуы мүмкін.
Жылқы мен сиыр сау болса, көбінесе тұрып тұрады. Жылқы артқы аяқтарын кезек-кезек босатып, тек бір аяғымен тіреліп тұрады. Ірі қара малдар төрт аяғымен бірдей толық тіреліп тұрады. Ал азықтанған соң жатып күйіс қайырады. Қойлар да ірі қара мал сияқты жатып күйіс қайтарады.
Ауру малдарда амалсыз тұру және жату мақсатсыз жүру байқалады. Амалсыз тұру плевритте, жіті эмфиземада, перикардитте байқалады. Амалсыз жату аяқ ауруларында, төлдеуден кейінгі парезде, шошқалар температурасы көтерілгенде астына жайылған сабанға көміледі.
Мақсатсыз жүру, қимылдау мишық, сопақша ми ауруларында, құлақ лабиринті ауырғанда байқалады.
Дене қомақтылығы – организмдегі зат алмасу процессіне және дұрыс уақытында қоректенуіне байланысты. Қомақтылықты жақсы, орташа, орташадан төмен, жаман немесе арық деп бөледі.
Темперамент (мінез) – жануардың сыртқы орта тітіркендіргіштеріне жауап беру жылдамдығы мен дәрежесі. Оны жануардың өзін ұстауына қарап анықтайды. Жануардың көзіне, құлақ қозғалысына және тітіркендіргішке жауап беру жылдамдығына байланысты сипаттайды. И.П. Павловтың анықтағаны бойынша темперамент жоғарғы жүйке қызметіне байланысты төрт типке бөлінеді:
Жоғарғы жүйке қызметінің күшті ұстамсыз қозғыш типі;
Жоғарғы жүйке қызметінің күшті ұстамды, ширақ типі;
Жоғарғы жүйке қызметінің ұстамды баяу типі;
Жоғарғы жүйке қызметінің әлсіз типі.
Конституция - организмнің анатомиялық, морфологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Н.П. Кулешов, Е.А. Богданов бойынша конституцияның төрт түрі бар: ірі, нәзік, тығыз және балбыр. 1) Ірі конституция – сүйектері ауыр, басы үлкен, терісі қалың, бұлшық еті жақсы дамыған, май ұлпасы нашар дамыған. Көп қоректенеді, бірақ өнімі аз. 2) Нәзік конституция- сүйектері жеңіл, жіңішке, басы жеңіл, мойны жіңішке, аяқтары жіңішке, ұзын болады. Терісі жұқа, сирек, қысқа, жіңішке түктермен жабылған. Бұлшық еті, май ұлпасы нашар дамыған. Зат алмасуы интенсивті. Темпераменті ширақ. 3) Тығыз конституция- май ұлпасының жақсы дамуымен ерекшеленеді. Басы қалақты, мойны қысқа денесі қопақты, дөңгеленген, аяқтары қысқа болады. Қозғалысы баяу болып келеді.
Таза конституция сирек кездеседі. Жиі олардың қосындысы болады. Ірі қара малдарда жұмысқа бейімделген болса, ірі конситутция мен тығыз консититуцияның қосындысы, ет тұқымды жануарларда нәзік конституциялы мен болдыр конситутцияның қосындысы, сүт тұқымды жануарларда нәзік конституциялы мен тығыз конситутциялы қосындысы болып келеді.
1 тапсырма. Жылқы, сиыр, қойдың өзіндік тексеру бойынша габитусын анықтау. Нәтижесін оқытушыға тексерту.
Тері және тері асты клетчатканы тексеру
Тері және тері астындағы клетчатканы көру және сипалау арқылы тексереді. Кейде нұқуды пайдаланады. Паразиттік және инфекциялық ауруларда микроскоптық әдісті қолданады. Алдымен терінің физикалық жағдайын (тері қабының, құстың қауырсындарының жағдайын, тері түсін, ылғалдығын, иісін, қызуын және иілгіштігін), ал содан кейін терінің патологиялық өзгерістерін (ісік, қабыну, эмфизема), бүтіндігінің бұзылуын тексереді.
Терідегі болуы мүмкін патологиялық өзгерістер
Мұнда тері көлемінің ұлғаюы- қабынулар, тері асты клетчатканың эмфиземасы, элефантиазис жатады. Тері бөртпелері біріншілік болып және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік бөртпелерге – дақ, төмпешік, күлдіреуік немесе күлдіреу жатады. Екіншілік бөртпелерге – қабыршық, қыртыс, эрозия жатады. Екіншілік бөртпелер біріншілік бөртпелерден түзіледі. Тері бүтіндігінің бұзылуына – сызат, жарылу, жарақат, ойық жара, шіру, тері жарасы мен тыртықтар жатады.
2- тапсырма. Осы тақырыпқа әр студент өзі тәжірибелік жұмыс жасап, оқытушыға тексерту керек.
Тексеру сұрақтары
Жануардың габитусы деген не және оның мағынасы қандай?
Жануардың денесін кеңістікте ұстауы қандай болады?
Жануарларда конституцияның қандай түрлері болады және олардың мағынасы қанадай?
Біріншілік және екіншілік бөртпелер қандай ауруларда болады?
Терінің патологиялық өзгерістеріне не жатады?
ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 5
«Ветеринариялық пропедевтиа » пәнінен
ТАҚЫРЫБЫ: Көрінетін кілегей қабықтарды және беткі лимфа түйіндерін тексеру.
Құрал-жабдықтар: Бұраулар, қысқыштар, вазелин, термометр, залалсыздандыру заттары.
Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой, ауру жануарлар.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге көрінетін кілегей қабықтары мен беткі лимфа түйіндерін тексеруді үйрету. Олардың жұқпалы емес аурулардағы өзгерістерін анықтауды үйрету. Студенттерге қызбаның түрлерін ажыратуды үйрету.
Жұмысты ажырату әдістемесі
1. Жануарлардың (жылқы, сиыр, қой, қоян) конъюнктивасының және кілегей қабаттарының түсіне, ылғалдығына, ісінулеріне және түзілістердің бар-жоқтығына назар аудару.
Сау малдарда кілегей қабаты қызғылт түсті, қалыпты ылғалданған, ісінулер мен түзілістерсіз болу керек. Жылқылардың танау аралық пердесінің кілегей қабатының түсі көкшіл болады. Ауруларда кілегей қабаттар өзгереді. Қан кетуде кілегей қабаттары ақшыл түсті болып кетеді. Пневмонияда, жүрек мүкісі, қызба, қозу кезінде кілегей қабаттарының қызаруы байқалады. Сары ауру, инфекциялық анемияда кілегей қабаты сарғыш түсті болады. Кілегей қабаттарының домбығуы қабынуларда байқалады. Үлкейген конъюнктива көз саңылауынан қызыл валик тәрізді қатпар түрінде шығып тұрады. Ол инфлюэнца, жұғымтал ала өкпе, оба ауруларында кездеседі.
Кілегей қабаттарында ақ және сұр түсті түзілістер болады. Асқорыту трактісінің ауруларында ақшыл-сұр түсті түзіліс байқалады. Жылқылардың энфлюэнца ауруында конъюнктивада фиброзды түзілістер пайда болады.
Кілегей қабаттарының секрециясының көбеюі қабынуларда байқалады. Конъюнктивалық қап, ауыз, танау және қынап ауруларымен сипатталады. Ағындылар сірлі, кілегейлі, іріңді т.б. болады.
2. Дені сау жылқы, сиыр, қойдың лимфа түйіндерін және ауру малдардың лимфа түйіндерін тексеру.
Көру және сипалау арқылы лимфа түйіндердің көлеміне, пішініне, тығыздығына, қозғалғыштығына және лимфа түйінін жауып тұрған терінің қызуына назар аударады. Жылқыларда жақ асты, тізе қатпары және шап лимфа түйіндерін тексереді.
Ірі қара малдарда және ұсақ малдарда жақ асты, жаурын алды, тізе қатпары және желін үсті лимфа түйіндерін тексереді. Түйелерде жақ асты, жоғары және төменгі мойын, жаурын алды, тізе қатпары және шап лимфа түйіндерін тексереді.шошқаларда лимфа түйіндерін сипап табу өте қиын, бірақ оларды жұтқыншақ арты безі міндетті түрде тексеріледі, өйткені олар туберкулез, сібір жарасы кезінде зақымдалады. Иттерде, мысықтарда шап бездерін, ал құстарда төменгі мойын бездерін тексереді.
Ауруларды (лейкоз, туберкулез, сақау және т.б.( лимфа түйіндерінің ісінуі мен үлкеюі байқалады.
3. Әрбір студент жылқы, қой, сиырдың дене қызуын максимальді малдәрігерлік термометрді тік ішекке, ал құстарда клоакоға салу арқылы өлшейді. Дене қызуын өлшегенге дейін термометр дезинфекциялық ертінді құйылған сауытта тұрады. Дене қызуын өлшеу алдында термометрге вазелин жағады, түсіп қалмау үшін арнайы құрал арқылы құйрық түбіне қыстырып қояды. Дене қызуын жұмыс дәптеріне жазып алу керек.
Қызба. Патологиялық тітіркендіргіштердің әсеріне ағзаның жалпы жақсы жауап беруі, ал жылу түзілудің бұзылуымен және дене қызуының көтерілуімен және дене қызуының көтерілуімен сипатталады. Қызбалық процесте қалтырау, асқорыту, тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйелері мүшелерінің, жүйке жүйесінің өзгерістері байқалады.
Дене қызуының көтерілу дәрежесіне байланысты қызба төмендегідей бөлінеді:
1) субфибрильді (1° жоғарылауы);
2) Фибринді (2° жоғарылауы);
3) Перитикалық ( 3° жоғарылауы);
4) Гипер перитикалық (3°ары қарай жоғарылауы);
Қызба түрлері:
Эфимерлік және өткінші:
Тұрақты;
Әлсіздендіргіш;
Аралық;
Қайталанбалы;
Антиптік;
Арықтандырғыш
Қызба ауруын емдеудің үш кезеңі:
Дене қызуының жоғарылау кезеңі;
Дене қызуының ең қатты жоғарылау кезеңі;
3) Дене қызуының төмендеуі, ол литикалық және критикалық болады.
4. Оқытушы берген мәлімен бойынша студенттер дене қызуының қисығын құрады да, қызба түрін және ол қай ауруды кездесетінін анықтайды.
Гипотермия – дене қызуының қалыпты жағдайдан төмендеуі. 1° төмендеуді субнормальді деп атайды. Дене қызуының ең тез төмендеуі талу кезінде байқалады. Дененің қызуының 2° төмендеуін қалыпты талу дейді, ал 3-4° төмендеуін альгидтік талу деп атайды.
Әрбір студент оқытушы берген мәлімет бойынша дене қызуының әртүрлі төмендеуімен сипатталатын қызба қисығын салады.
Тексеру сұрақтары
Жануарлардың қандай кілегей қабаттары тексеріледі?
Кілегей қабаттарын тексергенде неменеге көңіл аударады?
Жылқы, сиыр, түйе, шошқа, ит, мысық, құстардың қай лимфа түйіндері тексеріледі?
Лимфа түйіндерін тексергенде неге көңіл аударады?
Қандай ауруларда лимфа түйіндердің өзгерістері байқалады?
Жануарлардың дене қызуы қалай өлшенеді?
Қызба дегеніміз не? Оның түрлері қандай?
Дене қызуының көтерілу дәрежесіне байланысты қызбаны қалай бөледі?
Қызба кезеңдерін атаңыз?
Дене қызуының литикалық және критикалық төмендеуі дегеніміз не?
Гипотермия дегеніміз не және ол қашан болады?
Қалыпты және альгидтік талу дегеніміз не?
ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 6
«Ветеринариялық пропедевтиа » пәнінен
ТАҚЫРЫБЫ: Жануарлардың мінез-құлқын, бас сүйегін, омыртқа жотасын және сезім мүшелерін тексеру.
Құрал-жабдықтар: Плессиметр, перкуссиялық балғашық, бұрау, риноскоп, шпатель, сферикалық айна, қысқыш, шам (фонарик).
Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге жануарлардың мінез-құлқын, бас сүйегін, омыртқа жотасын және сезім мүшелерін тексеру.
Жануарлардың мінез-құлқын, бас сүйегін, омыртқа жотасын және сезім мүшелерін тексеру.
Қажетті құралдар және реактивтер. И.П. Шатала аппараты, шөп, концентраттар және т.б. азықтар, маталар, мүсәтір спирті.
Жануарлар. Жылқы, сиыр, қой.
Сабақтың мақсаты. Студенттерге бассүйекті, омыртқа жотасын, анализаторларды және сезімталдықты жүйке жүйесінің аурулары кезінде дұрыс диагноз қою үшін қажет.
Тексеру техникасы. Жануарлардың бассүйегі мен омыртқа жотасын тексеру. Қарау арқылы бассүйектің пішіні мен көлеміне, бассүйектің болуы мүмкін деформацияларына назар аударады. Сипалау арқылы жергілікті температураның өзгеруін (менингитте, инфекциялық энцефалитте жоғарлайды), ауырсынуын (қой айналмасы, эхинококкоз, ми ісігі) және сүйек ұлпасының жағдайын анықтайды. Нұқу арқылы перкуссиялық дыбыстың өзгерістері бар, жоғын анықтау керек. Омыртқа жотасын тура жоғарыда айтылған әдістерімен тексереді, нәтижесін жұмыс дәптеріне жазады.
Сезім мүшелерін тексеру.көру аппаратын тексеру. Қабықты, коньюнктиваны, мүйізді қабықты, қарашықты және торлы қабықты қарау арқылы тексеріп, қабақта инфильтрациясының қарашықтың кішіреюінің, мүйізді қабықтың қабынуының торлы қабықтың лайлануының бар, жоғын т.б. анықтайды. Жануардың табиғи және жасанды бөгеттерден қалай өтетіндігін тексеру керек.
Есту аппаратын тексеру. Көру арқылы жануардың дыбысты қабылдауына (лақап атын айтқанда, шапалақтағанда) назар аударады. Сау жануарларда естуінің белгісі-құлағын қозғалтуы, тынышсыздану, қозу, шошыну болып есептеледі. Тексеру кезінде гиперэстезия мен гипоэстезияның бар- жоғына, есту қабілетіне назар аудару керек.
Иіс сезу мүшесін тексеру. Жануардың көзін орамалмен байлау арқылы көру аппаратының жұмысын тоқтатады. Көру арқылы жануардың әртүрлі азықтардың иісін сезуіне және мүсәтір спиртінің иісіне, реакциясына назар аудару керек. Жануарға азық пен мүсәтір спиртін, әртүрлі қашықтықта апару керек. Иіс сезу мүшесі қалыпты болса, онда жануар бірінші азықты жеуге ұмтылады, сол кезде мүсәтір спиртінің иісін сезсе алшақтап кетеді.
Тері сезімталдығын тексеру. Ауруға сезімталдығын тексеру. Жануар денесінің әртүрлі бөлігіндегі теріге иненің ұшын пісу арқылы оның ауруға сезімталдығын тексереді. Бұл кезде рефлекстен босату үшін тексерілетін тері аймағының үстіне қолды қойып тұрады. Сау жануарлар тынышсызданады, бұлшықеттерін жиырады, құлағын қозғалтады.
Тактильді сезімталдықты тексеру. Орамалмен жануардың көзін жауып, шоқтың аймағындағы жүнге ауамен немесе жіңішке қылқаламмен әсер еткенде, сау жануарлар тері асты бұлшық еттің жиырылуымен, тынышсызданып, құлағын қозғалтып, басын бұрып жауап береді.
Бақылау сұрақтары
1. Қандай ауруларда бассүйек пен омыртқа жотасының қисаюы, бүгілуі байқалады?
2. Ауыру және тактильді қоздырғышқа сау жануарлар қалай жауап қайтарады?
3. Жануарлардың есту қабілетін қалай анықтайды?
ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 7
«Ветеринариялық пропедевтиа » пәнінен
ТАҚЫРЫБЫ: Жануарлардың мінез-құлқын, бас сүйегін, омыртқа жотасын және сезім мүшелерін тексеру.
Рефлекстерді және қимыл жүйесін тексеру.
Қажетті құралдар: И.П. Шатала аппараты, мақта, қағаз.
Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге рефлекстерді және қимыл жүйесін тексерудің техникасын үйрету. Бұл нерв жүйесі ауруларында диагнозды дұрыс қою үшін қажет.
Рефлекстерді тексеру.
Жануардың рефлекстерін тексергенде оның 2 көзін орамалмен жауып нұқу балғашығының сабымен терісіне тиіп, оның жауап реакциясын қарайды. Сау жануарларда тері асты бұлшық еттің жиырылуы, құйрығын артқы аяқтарының арасына кіргізуі, сыртқы сфинктердің жиырылуы т.б. болады. Рефлекстердің әлсіреуі немесе жоғалуы, күшеюі немесе қатуы, оның патологиялық өзгерістері болып табылады. Осы әдістемені пайдаланып, келесі рефлекстерді тексеріңіздер.
Беткейлі рефлекстер:
Шоқтық рефлекс.
Құрсақ рефлексі (алдыңғы, ортаңғы, артқы).
Құйрық рефлексі.
Аналь тесігінің рефлексі.
Тұяқтың рефлексі.
Кремастер рефлексі (еркек жануарларда).
Кілегей қабаттарының рефлекстері.
1. Кеңіредектің алдыңғы сақиналарын басқанда пайда болатын жөтелу рефлексі.
2. Мұрынның кілегей қабатын тітіркендіргенде болатын түшкіру рефлексі.
3. Корнеалдық рефлекс-көздің мүйізді қабатына жұмсақ затпен тигізгенде байқалады.
Тереңдік рефлекстер:
1. Тізе рефлексі - тізе ұршығының тік байланысынан балғашықпен ақырын соққы жасағанда байқалады.
2. Ахиллов рефлексі – ахиллов сіңірінен балғашықпен ақырын ұрғанда болады.
Қимыл жүйесін тексеру
1. Көру, сипалау арқылы дененің, аяқтарының және бұлшық ет топтарының бұлшық еттерінің напряжениесін аықтау. Гипотония мен гипертонияның бар, жоқтығына назар аудару керек.
2. Көру арқылы жануардың жүрісіне, жүру кезінде қатысатын бұлшық еттер мен мүшелерге назар аудару қажет. Статситикалық және динамикалық атаксияның бар-жоқтығына назар аудару.
3. Жүректің артқы шекарасы, бауыр, қабырға асты және омыртқа жотасы аймағын нұқу арқылы бұлшық еттердің жоғары қозғалғыштығын анықтау. Ол кезде ауырсыну, тынышсыздану, ыңырсу байқалады.
4. Көру арқылы жануарда салдануының, гиперкинез, тремор, тик, мүшелердің тартылуының бар-жоқтығына назар аударады.
ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 8
«Ветеринариялық пропедевтиа » пәнінен
ТАҚЫРЫБЫ: Қортынды сабақ
Бақылау сұрақтары
Рефлекс деген не?
Рефлекторлық доға неден тұрады?
Рефлекстердің клиникалық классикациясын беріңіз?
Қандай патологиялық процесстер беткейлі рефлекстердің күшеюімен сипатталады?
Қандай ауруларда тереңдік рефлекстердің күшеюі байқалады?
Қандай ауруларда рефлекстердің қажуы байқалады?
Қимыл жүйесіне не жатады?
Сау жануарлардың бұлшық ет тонусы қандай және ол қалай анықталады?
Парез және салдану деген не?
Моноплегия деген не және ол нені көрсетеді?
Тартылу (судороги) деген не?
Клиникалық тартылу қандай ауруларда байқалады?
Қандай ауруларда бассүйек пен омыртқа жотасының қисаюы, бүгілуі байқалады?
Ауыру және тактильді қоздырғышқа сау жануарлар қалай жауап қайтарады?
Жануарлардың есту қабілетін қалай анықтайды?
Жануарлардың қандай кілегей қабаттары тексеріледі?
Кілегей қабаттарын тексергенде неменеге көңіл аударады?
Жылқы, сиыр, түйе, шошқа, ит, мысық, құстардың қай лимфа түйіндері тексеріледі?
Лимфа түйіндерін тексергенде неге көңіл аударады?
Қандай ауруларда лимфа түйіндердің өзгерістері байқалады?
Жануарлардың дене қызуы қалай өлшенеді?
Қызба дегеніміз не? Оның түрлері қандай?
Дене қызуының көтерілу дәрежесіне байланысты қызбаны қалай бөледі?
Қызба кезеңдерін атаңыз?
Дене қызуының литикалық және критикалық төмендеуі дегеніміз не?
Гипотермия дегеніміз не және ол қашан болады?
Қалыпты және альгидтік талу дегеніміз не?
Жануардың габитусы деген не және оның мағынасы қандай?
Жануардың денесін кеңістікте ұстауы қандай болады?
Жануарларда конституцияның қандай түрлері болады және олардың мағынасы қанадай?
Біріншілік және екіншілік бөртпелер қандай ауруларда болады?
Терінің патологиялық өзгерістеріне не жатады?
Жануардың клинкалық тексеру жоспарын айтыңыз.
Ауру малды тіркеуге не кіреді?
Анамнез түсінігіне анықтама беріңіз.
Жануардың ауырған кезеңінде жиналатын анамнезге қандай сұрақтар кіреді?
Жылқылар мен ірі қара малға қалай жақындау керек?
Жылқыны, ірі қара малды, құстарды, иттерді бекітудің негізгі әдістерін атаңыз.
ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 9
«Ветеринариялық пропедевтиа » пәнінен
ТАҚЫРЫБЫ: Қандағы жасушалардың санын есептеу. Эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттердің санын есептеу.
Қан алу.
Аз мөлшердегі қанды құлақтың ұсақ тамырларынан алуға болады, үрпек жүнді жануарлардан құлақтың ұшынан, алақаннан, үйректер мен қаздардың жұмсақ табанынан, тышқандардан құйрығынан қан алады.
Ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, түйе, бұғының мойындырық тамырынан алады. Шошқаларда құйрығынан, құлақтың ірі тамырынан, венозды көз қуысынан, иттерде сафен тамырынан немесе иық алды тері асты тамырларынан, ақ түлкі мен түлкілерде плантарлық венадан, қояндарда құлақ тамырынан, теңіз шошқасында жүректен, тауықтарда қанаттың ішкі бөлігінің вена қан тамырынан немесе жүректен алады.
Қан алатын жердің жүнін қырқып, терісін спирт немесе эфир спиртіне малынған мақтамен сүртеді.
Капиллярлық қан алғанда теріні Франк инесімен немесе инъекциялық инемен тесіп алады. Қанның бірінші тамшысын мақтамен сүртіп, келесісін анализге алады.
Яремдік тамырдың қанын қан жіберетін инелер арқылы жоғары мойынның ортасына өту жерінен алады. Сол қолдың үлкен саусағымен, резеңкемен, арнайы қысқышпен немесе басқа құралдармен мойынның ортасындағы тамырды қысады. Қан алуды жеңілдету үшін түрлі құралдар пайдаланылады. Қан ұйып қалмас үшін (10 мл қанға есептеп) оған 30мл натрий цитратын, 15 мл натрий оксалатын, 50 ЕД гепарин немесе 10 пайызды трилон Б ерітіндісінің төрт тамшысын қосады.
Гематинді әдіс (Сали әдісі). Градуирленген гемометр пробиркасына (ГС-3) көз пипеткасымен «2» белгісіне дейін 0,1 н тұзды қышқыл ерітіндісін қосады. Капиллярлық пипеткамен 20 мкл (0, 02мл) қан алады, пипетканың ұшын мақтамен сүртіп, қанды мұқият түбіндегі қышқыл ерітіндісіне үрлейді, онымен 2-3 рет пипеткадағы жұққан қанды жуады. Араластырып, 5 мин. қойып қояды (тауықтардың қанын зерттегенде –15 мин.). Тұзқышқылды гематин (хлоргемин) пайда болуының нәтижесінде пробиркадағы ерітінді қоңыр түске боялады. Тамшымен дистильденген су қосып, әйнек таяқшамен пробиркадағы сұйықтық қалыпты пробиркалардың түсімен теңескенге шейін араластырады. 100 мл. қандағы грамм көлеміндегі гемоглобиннің мөлшерін пробиркадағы сұйықтықтың деңгейімен сәйкес келетін шкаланы бөлу бойынша есептейді. Гемометр шкаласындағы гемоглобиннің мөлшерін 10 коэффициентіне көбейтсе, гемоглобиннің (г/л) концентрациясын анықтауға болады.
ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 10
«Ветеринариялық пропедевтиа » пәнінен
ТАҚЫРЫБЫ: Қандағы жасушалардың санын есептеу. Эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттердің санын есептеу.
Қандағы сілті қорын анықтау. Қышқылды сілті тепе-теңдігінің көрсеткіштерін анықтау үшін Астрип әдісін ( 1956), Зиггард Андерсеннің (1963 ) модифицирлеуі бойынша РН мөлшерін, СО2-нің қысымын, сілті қорын, нағыз бикарбонатты, қалыпты бикарбонатты, буферлік негіздерді, плазманың жалпы көміртегі қышқылының мөлшерін анықтайды. Қышқылды- сілті тепе-теңдігін қан плазмасындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтап, соның нәтижесімен бағалайды. Немесе И. П. Кондрахин әдісі бойынша сарысудың мөлшерін белгілейді. Сарысуды вазелин майының астында сақтайды.
Сау малдардағы қан сарысуындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтағанда былайша болады: ІҚМ-50-62; қойда-45-54; ешкіде-48-52; жылқыда 50-65; шошқада-42-60; итте –40-60; тауықта-40-52.
ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 11-12
«Ветеринариялық пропедевтиа» пәнінен
ТАҚЫРЫБЫ: Билирубин, глюкоза және қандағы жалпы ақуызды (белок) анықтау.
Қан сарысуындағы билирубиннің мөлшерін анықтау. (Ендрашик, Клеггорн және Гроф бойынша) 3 пробиркаға 0,9 % хлорлы натриймен 2 рет араластырылған 0,5 мл сарысу құяды. 1-інші пробиркаға 1,75 мл кофе реактиві мен 0,25 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін қосып, колориметрлейді, 2-інші пробиркаға (тікелей билирубин) 1,75 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін және 0, 25 мл диазоқоспасын қосып, 5 мин. кейін колориметрлейд; үшінші пробиркаға (жалпы билирубин) 1, 75 кофе ерітіндісін құйып, 0, 25 дизоқоспасын қосып, 20 мин кейін колориметрлейді. Колориметрлеуді жасыл жарық фильтрде 5 мм кюветпен қарсы дистильденген сумен жүргізеді.
Тікелей және жалпы билирубинді зерттеу кезінде алынған оптикалық тығыздық көрсеткіштерінен бақылаудың оптикалық тығыздығының көрсеткіштерін шығарып алады.
Колибрлы кесте бойынша, жалпы және тікелей билирубиннің мөлшерін тауып, (мг/ 100 мл немесе ммоль/ л) ал олардың арасындағы айырмашылықтан тікелей емес билирубиннің мөлшерін (мг/ 100мл немесе ммоль/л ) алады.
ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 14-13
«Ветеринариялық пропедевтиа » пәнінен
ТАҚЫРЫБЫ: Билирубин, глюкоза және қандағы жалпы ақуызды (белок) анықтау.
Тәжірибелік сынамадағы глюкозаның құрамы мына формула бойынша есептеледі:
Ccт Е оп
С оп = --------------
Е ст
Мұндағы Сст-глюкозаның стандарттық концентрациясы (мг/100 мл немесе ммоль/л); Е оп- сынаманың оптикалық тығыздығы; Е ст- стандарттың оптикалық тығыздығы.
Сау ересек малдарда қандағы глюкоза мөлшері мынадай болады ( мг/ 100мл): ІҚМ-40-70, қойда- 35-60, шошқада –45-75, жылқыда-55-75, итте-60-80, тауықта- 80-140.
0,0555 мөлшерде глюкоза концентрациясының көбеюі СИ (ммоль/ л) бірліктегі концентрацияны алады. Глюкоза мөлшері мынадай болады: ІҚМ-2,22-3,88, қойда-2,05-3,33, шошқада-2,5-4,16, жылқыда-3,05-5,27, итте-3,33-4,44, тауықта-4,44-7, 77.
Қандағы глюкоза мөлшерінің көбеюі (гипергликемия) қант диабетінде, В1С гиповитаминозында, бүйрек жетімсіздігінде, нефритте және т. б. байқалады.
Ал қандағы глюкозаның азаюы кетозда, ашығуда, диспепсияда, А-гиповитаминозында, лейкозда, қалқанша бездің қызметінің төмендеуінде, бүйректің қатты зақымдануы және т. б. болуы мүмкін.
ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 15
«Ветеринариялық пропедевтиа » пәнінен
ТАҚЫРЫБЫ: Қортынды сабақ.
Бақылауға арналған сұрақтары:
Несептегі белокты нықтау
Қан сары суындағы билирубинді анықтау
Несептегі кетон денелерін анықтау
Несептегі билирубин және өт қышқылдарын тексеру
Олгоцитемиялық ауру белгілері
Ақ қан формуласы. Лейкопрофиль.
Несептің физикалық қасиеттерінің маңызы
Қанның профилінің маңызы
Полицитемиялық ауру белгілері
Қарын сөлін анықтау
Қандағы гемоглобин мен түсті көрсеткішті анықтау
Қан түйіршектерінің санын анықтау
Несептегі қанды тексеру. Гематурия, гемоглобинурияның маңызы
Негізгі әдебиеттер:
М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007
А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. Москва ВО «Агропроминиздат» 1988
4. Студенттердің өздік жұмысы
4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар
Реферат орындаудағы әдістемелік нұсқаулар
Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.
Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.
Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.
Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.
Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.
Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.
Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.
Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.
Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.
Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.
Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.
Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.
Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.
Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.
-
Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары:
СОЖӨЖ
№
п/п
|
Сабақ тақырыбтары және олардың мазмұны
|
Сағат
|
1.
|
2
|
3
|
1.
|
Клиникалық тексерудің жоспары. Жануарларды жалпы клиникалық тексеру: көру, сипау, нұқу, тыңдау, термометрия.
|
1
|
2.
|
Жануарларды жалпы клиникалық тексеру: көру, сипау, нұқу, тыңдау, термометрия..
|
1
|
3.
|
Жануарлардың дене термометрасы және оның реттелі.
|
1
|
4.
|
Перкуссиялық дыбыстары.
|
1
|
5.
|
Нұқу дыбыстары
|
1
|
6.
|
Тында әдістері
|
1
|
7.
|
Несепті алу және оның химиялық қасиеттерін анықтау.
|
1
|
8.
|
Жылқы асқазанындағы заттардың физикалық және химиялық қасиетін анықтау.
|
1
|
9.
|
Жылқы асқазанындағы заттардың тұз қышқылын анықтау.
|
1
|
10.
|
Жылқы асқазанындағы заттардың қышқылдықты анықтау.
|
2
|
11.
|
Қандағы гемоглобин мөлшерін, түс көрсеткішін және эритроциттегі гемоглобинің орташа мөлшерін анықтау.
|
2
|
12.
|
Қандағы эритроциттегі гемоглобинің орташа мөлшерін анықтау.
|
2
|
13.
|
Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау.
|
1
|
14.
|
Лейкоциттердің патологиялық өзгерулері.
|
1
|
15.
|
Лейкомияның ауру белгілері
|
1
|
|
Барлығы
|
15
|
Достарыңызбен бөлісу: |