Оқулық Астана, 2012 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Ежелгі жазба мұралардағы публицистикалық сарын



бет2/17
Дата08.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#122947
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Ежелгі жазба мұралардағы публицистикалық сарын

Қазақ халқының этникалық түп-тамыры мен азаматтық тарихы қай дәуірден басталып баяндалса, бұл халықтың әдебиеті мен тілі сол кезден бастау алуға тиіс деген тұжырымдаманы ұстансақ, онда байырғы жазба мұраларды да ертедегі әдебиеттің қайнар көзі ретінде қарастыруға әбден болады. Ал, қазақ топырағында туындаған ежелгі жазба мұралардың жанры туралы бүгінгі күнге дейін пікірталас толастамай отыр. Бұл ескерткіштер түркі халықтарының тарихын қысқаша баяндаған шежірелер болып табылатынында дау жоқ. Ертедегі жазба ескерткіштерді зерттеуші ғалым И.В.Стеблева: “Бұл дәуір жазбалары – тұтас күйінде поэзиялық туынды” [14,15-б],- деген пікір айтады. Профессор М.Жолдасбеков бұл туралы: “Орхон жазбаларын кейбір зерттеушілер тарихи деректер жиынтығына жатқызса, енді біреу оларды тарихи ерлік жыры деп тануда. Қалай десек те, өте ертеде жасалған бұл ескерткіштердің түркі халықтары тарихынан, мәдениеті мен әдебиетінен, санасынан, әдет-ғұрпынан, дәстүрінен құнды деректер беретін бағалы мұра екендігі даусыз” [15,17-б], - дейді.

Ежелгі Түркі қағанатының руникалық жазбаларына жанрлық және мазмұндық тұрғыдан назар аударса деректік мәні, публицистикалық сарыны айқын аңғарылады. Публицистиканың кейбір көркемдік элементтері: портрет, диалог, авторлық пайымдау, деректік нышандар да бар. Өткен замандарда болған тарихи жағдайларды баяндау барысында бұл нышандардың дүниеге келгенін ескерткіштерді оқи отырып саралауға болғандай.

Орхон өзенінің бойынан табылған ескерткіштер мәтінінде зерттеу тақырыбымызға қатысты белгі-нышандарды аңғаруға болады. Біріншіден, мәтіндерде ру, тайпалар атаулары бар, түркі халықтары аталады. Оларға: қырғыздар, оғыздар, қарлұқтар, түргештер, төлістер, қаңғарлар /қаңлылар/, басмылдар т.б. жатады. Бұл рулардың тарихта аты сақталып, бүгінгі күнге жеткен. Екіншіден, осы көне жазбалардағы аты аталған батырлар, қағандар тарихта болған, әрі өмір сүрген адамдар. Күлтегін, Тоңұқық, Йоллық-тегін төңірегінде болған тарихи оқиғалар VІІІ ғасырдағы іргелі мемлекет Түркі Қағанатында болғаны аян. Үшіншіден, бұл жазбаларда публицистикалық сарын бар, онда басты кейіпкерлер хандар мен бектер болғанымен, қарапайым халық тіршілігі ұмыт қалмай, олардың басынан өткен алуан түрлі жағдайлар ашық жазылғандығы айқын байқалады.

Тасқашау жазуындағы негізгі стильдік ерекшелік - бірінші жақтан баяндалуында. Бұл мәтіндер Күлтегін мен Тоңұқық атынан баяндалған, яғни басты кейіпкерлер – айтушының өзі. Осы ескерткіштердегі жазбалар Күлтегін, Тоңұқық сияқты батырлар атынан айтылғанымен, оны тасқа жазған екінші авторлар бар. Сол қағандар жайындағы шежірешілер – хат иелері.

Күлтегіннің басқа елге бағынышты болған түркі халқын біріктіріп, ел-жұрты үшін істеген ерліктерін баян етеді. Баяндау барысында дәлдікті сақтау мен ойды толық беру үнемі ескеріліп отырғаны байқалады. Түркі Қағанатының тұсында жазылған ескерткіште хан-Білге қаған, әскербасы-Күлтегін, ақылшы-Тоңұқықтардың қызметтері туралы баяндалған тұстары - таза деректерге негізделген шежіре – тарих. Бұл жазуларда түркі халықтарының белгілі бір кезеңдегі оқиғалары суреттеледі. Осы оқиғаларды баян еткен автор деректерді іріктеп, екшеп, сұрыптауда мақсатына жеткен деуге болады. Түркі тайпаларының белгілі бір бөлігін билеп отырған қағандардың ел басқаруын, көрші тайпалармен қарым-қатынасын, соғысы туралы көзбен көргенін, естігенін тізе бермей, тарихи-әлеуметтік мәні бар, типті құбылыстарды әңгіме етуге тырысқанын байқаймыз.

Бұл ретте автордың өмір шындығын публицистикалық тұрғыдан баяндап көрсетуге талпынғанын көреміз. Ескерткіштерде түркі халықтарының басынан өткен оқиғаларды жәй ғана тізу мақсат етілмеген. Керісінше, автордың қабылдауындағы, түйсігіндегі, бейнелі суреттеуіндегі оқиға туралы әңгімелер жазылған. Л.Н.Гумилевтің: “Түріктер сөз күшін реалды күшке санағанға ұқсайды. Өзінің 200 жылға созылған тарихында түріктер мифологиялық белестен өтіп, образды ой түйіндеуден бірте-бірте тарихи реалды ойлауға ойыса бастағаны байқалады” [16,68-б], – деген пікірі жәй айтылмаған. Күлтегін, Тоңұқық жазбаларынан сол заманда өмір сүрген ел билеушілердің дүниетанымын, қоғамдық, әлеуметтік көзқарастарын байқауға болады. Бұл ескерткіштерге тән ортақ қасиеттер: түркі ұлыстарының өмір жолы ұқсас, ел билеуде, жорықтарда, қолбасшылық еткенде бірдей тәсілдер қолданғанын көреміз. Күлтегін, Тоңұқықтардың басынан кешкен оқиғалары бастан-аяқ баян етілмей, болған оқиға, құбылыстарға баға беру жағы басым. Тарихи, деректі оқиғаларды соншалық дәлме-дәл, кейде ұсақ детальдарына дейін тізе баяндайды.

Күлтегін ескерткішінің авторы Йоллық өз заманының қайраткері ғана емес, ірі идеологі және публицисі десе артық болмас. Себебі, Йоллық Түркі Қағанатының қалай құрылғанын, батыр ұлдарының өмірбаянын, ерлік жорықтарын ғана баян етіп қоймайды. Қытай мен Табғаш билеушілерін, олар ұстанған саясаттың құйтұрқы әрекеттерін сынап, түркі халқын бірлікке шақырады. Өз қоғамында өмір сүріп отырған бектерінің алауыздықтарын ашына көрсетіп, келешегіне көз жүгіртуін сұраған тұстары түркі халқына деген қамқорлықтың айқын көрінісі екені даусыз.

“Түркі бектері, халқы, мұны тыңдаңыздар. Түркі халқын жинап, Ел еткендеріңді мұнда бастым, Барлық сөзімді айтар, Мәңгі тасқа бастым” деп автор өсиет етіп қалдырып отырғанын ескертеді. Автордың тарихи-саяси оқиғаларға баға беруі, оның себептерін жан-жақты ашуы, келешек жайлы терең толғануы - мәртебелі құбылыс.

Күлтегін ескерткішінің авторы VІ ғасыр ортасынан Тумын қаған билік құрып, Түркі ордасын құрған дәуірден бергі 200 жылдық тарихты сөз ете отырып, шындықты танудың, өткенді ой елегінен өткізудің жолдарын сілтейді. Тумын мен Естеміс қағанның ерліктерін екі-үш ауыз сөзге ғана сыйғызады. Автор 553 жыл мен 630 жылдар аралығында: “...ұлдары да қаған болды, Соңында ағасы інісіндей болмады, ұлдары әкесіндей болмады” дей келіп, табғаш халқының алдау, арбауына сеніп, түркі халқы елдігін жойғандығын өкіне баяндап, түркілердің жер-су үшін, халық болу үшін соғысқа аттанғанын сенімді баян етеді. Елтіріс қағанның халықты жинап, бірлікке шақырғанын, балалары Білге қаған мен Күлтегіннің белсенділігін де жан-жақты жинақтап көрсетеді. Автордың Күлтегін ескерткішінде өз заманының қоғамдық пікірінен шықпай, болып жатқан оқиға, құбылыстарға баға бергенде Түркі Қағанатының мүддесін көздейтіндігін ескерткіштің әр жолынан көреміз. Сол кезеңнің қоғамдық ой-пікіріне әрқашан ортақтасып отырған авторды өз дәуірінің публицисі деуге әбден болатын сияқты.

Бұл ескерткіштердегі публицистиканың деректік нышандары айрықша назар аудартады. Біріншіден, түркі қағандарының туған, өскен ортасы, жылдары нақты берілген. Екіншіден, жер-су аттарының нақты деректері бар. Мысалы: Орхон өзені, Өтүкен қойнауы, Алтай мен Жоңғар, Алатау сілемдері, Іле бойы, Хуанхэ өзені, Ордос жайлаулары. Үшіншіден, бұл ескерткіштердің нақты қаhарманы бар. Ол – халық. Түркі халқының белсенді әрекеті, қимылы негізгі обьекті болып алынады. Төртіншіден, түркі ордасының тарихын баяндаған Йоллық өз заманының белсенді публицисі. Демек, Орхон-Енисей ескерткіштері - сол кездің тарихи проблемаларын көтере білген, өн бойында публицистиканың деректік нышандары бар тарихи шығарма деп қорытынды жасауға негіз мол.
Публицистиканың жанрлық белгілері

Әрбір жанрдың өзіндік белгілері болады, алайда, жанрға сай жалпы белгілер әрқайсысын байланыстыратын ортақ бөлшек болып саналады. Негізгі жанрлық белгілерге мыналар жатады:



  1. Шығарма тақырыбы. Бұл жанр өмірді суреттеудің шынайылығын, мазмұнын, мағынасын анықтайды.

  2. Материалды үйлесімді етіп ұйымдастыру. Бейнелеу бөлшектерінің арасындағы байланысын, қандай қағида негізінде құрылғандығын, материалды сұрыптауда негізге алынған шарттарды анықтайды.

  3. Топтастырудың мөлшері (шегі). Қаншалықты шығарманың өмір сахнасында белең алып жатқандығы, құбылыстар мен оқиғалар шеңберінің кеңдігі, мазмұндаудың қаншалықты жалпы немесе жеке екендігінен анықталады. Телевизиялық журналистика зерттеушісі Э.Багиров бұқаралық ақпарат құралдарындағы рөлдік бөліністі, яғни, түрлерге топтастыруды былай анықтайды: «Радио қандай оқиға болғандығын білуге мүмкіндік береді, телевидение оқиғаның қалай өткенін көрсетсе, баспасөз келесі күні оқиғаның неліктен болғанын анықтайды»[17,89-б].

  4. Көркемдеуіш пен бейнелеуіш құралдар. Шынайылықты көрсетудегі сәйкес пішіндерді табуға мүмкіндік беретін құралдар (түс, жарық, ырғақ, темп, стиль, дыбыс). Әрбір жанрдың тарихи қалыптасып үлгерген өзіндік ерекше жанрлық белгілері, өзгермейтін ерекшеліктерінің жиынтығы бар. Құбылыс, оқиға немесе деректің нақты бейнесін көрсету үшін бірнеше тәсілдер бар. Бірақ жанрды дұрыс таңдауда оқырман, тыңдарман, көрермен қауымға дұрыс алынған тақырыптың нақты мағынасының жеткізілуі ең маңызды шарт болып саналады.

Жанр таңдауды анықтайтын белгілер (факторлар).

  1. Бейнеленетін құрал сипаты. Журналистика алуан түрлі мамандықтармен шектеседі. Сондықтан түрлі саладағы деректер, оқиғалар мен құбылыстардың журналистикада тоғысуы жат емес. Жанр таңдауда объекті немесе оқиғаның сыртқы (масштаб, жылдамдығы және т.б) және ішкі (әлеуметтік ерекшеліктер, өзектілігі, басқа құбылыстармен байланысы және т.б) белгілері ескеріліп, болып жатқан жағдайға сәйкес анықталады. Мысалы, төтенше жағдайлар мен түрлі апаттарды немесе ұзақ уақытқа созылатын әлеуметтік құбылыстарды сипаттауда сәйкес жанр түрлері, яғни, репортаж немесе сараптамалық мақала қолданылады.

  2. Автор позициясы. Автор позициясы оның дүниетанымымен, білімімен, моральдық, әлеуметтік, тәжірибелік бағалау жүйесімен, тұлғалық ерекшелігімен, сүйіспеншілік пен қарама-қайшылықпен (бұл журналистикаға әсер етпеуі керек, алайда шығармашылық үрдіске қатысы болуы шарт) сипатталады. Автордың позициясы материалдың өткірлігі мен шығармашылық, сараптамалық дәрежесін анықтайды. Берілген материалдың тақырыбына терең үңіліп, әрі бұл салада жілігін шағып, майын ішкен мамандай, суда еркін жүзетін балықтай сезінетін журналистің туындысы «шабарманның» жол-жөнекей жазғанынан әлдеқайда артық екендігіне күмән жоқ. Алайда, журналистің шығармашылығы ішкі жан-дүниесіне, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болғаныменен, журналист алдына қойған нақты талаптар мен мақсаттар шегінен шықпауы тиіс.

  3. Қорытынды мақсат. Жанр таңдауда шығарманың соңғы мақсатын ұғыну үлкен рөл атқарады. Шығарма мақсаты көп жағдайда тек қана автордың өз еркіне байланысты бола бермейді, мақала жазарда БАҚ-тың пішіні ескеріліп, дәстүрі ұмытылмауы тиіс. Оқырман, тыңдарман, көрермен қауымға таңсық тақырыптарда сөз қозғау редактордың өз құзырында. Кәсіби журналистке қойылатын негізгі талап - соңғы нәтижеге қол жеткізетін мақсатты ұғыну болып табылады.

Жалпы журналистиканың жанрлары табиғатына қарай үшке бөлінеді:

  1. Ақпараттық жанрлар.

  2. Талдамалы жанрлар.

  3. Көркем-публицистикалық жанрлар.

Ақпараттық жанрға жаңа нәрсені хабарлау тән. Олардың негізінде қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени мәні бар жаңалықтар, ой-пікірлер, хабарлар, деректер жатады. Ақпараттық жанрлар қоғамдық пікірге елеулі ықпал етіп, қоғамдық сананың қалыптасуына әсер етеді.

Публицистиканың талдамалы жанрларында автордың оқиға сюжетін өз ойлағанындай етіп шығаруға мүмкіндігі бар. Талдамалы жанрда негізгі деректерді жан-жақты қарастыра отырып, оның негізгі мәнін жоғалтпай автор өз пікірін, өз көзқарасын білдіреді. Алайда, материал тек жеке көзқарасқа негізделмей, пікір теңдігі ескерілуі тиіс. Шындығына келсек, журналист рұқсат және рұқсат емес тұлғалық қарым-қатынастардың аралығында болып, өзіне мәлім деректер мен оқиға желісін тиімді пайдалана отырып, пікір алуандығына қарамастан тепе-теңдікті сақтауы тиіс. Ол үшін публицист жоғары кәсіби деңгейді меңгеріп қана қоймай, таным өрісін кеңейтіп, үлкен азаматтық жауапкершілікті сезінуі тиіс.

Көркем-публицистикалық жанрларда автор өзінің көркем қабылдауын шынайы болып жатқан оқиғалармен ұштастыра отырып құруына мүмкіндік береді. Француз жазушысы Александр Дюманың метафорасын қолданатын болсақ, көркем әдебиет шығармашылы-ғындағы дерек – бұл «суретшінің өз суретін ілетін шегесі». Көркем-публицистикалық жанрлардағы деректің алатын орны жайлы айтатын болсақ, дерек ең басты элемент болып танылмаса да, ол тек басқа жағынан, яғни жан-жақты қарастырылса да, деректі ауыстыруға, тіпті өзгертуге ешкімнің құқығы жоқ. Көркем-әдеби шығарманың негізіне алынған дерек өзге мәтіннің құрамынан алынып, өзінің мағынасын жоғалтып отыруы – үлкен қате болып есептеледі. Көркем-публицистикалық жанрлардағы деректер кей жағдайда ғана шындыққа сай болса да, нақты деректен алыстамауы тиіс. Бұл жағдайда, әсіресе, памфлеттер мен фельетондардың орны бөлек. Сатиралық шығармаларда неше түрлі аналогиялар мен параллельдер қолданылса да, журналистің немесе сатириктің негізгі ойы айшықты көрініп тұрады.

Көркем-публицистикалық жанрлардың журналистиканың өзге жанрлардан ерекшелігі - мұнда оқиғаны, я құбылысты бір бейне мазмұнына біріктіріп, түрлі драматургиялық және бейнелік құралдарды пайдалана алуында.



Жанраралық синтез. Жанраралық синтез құбылыс ретінде аз зерттелген, оның себебі, деректердің жетіспеушілігі болып табылады. Әртүрлі жанрлардың бірігіп, жаңа шығармалардың пайда болуына әлеуметтік, эстетикалық, сонымен қатар, технологиялық факторлар әсер етеді. Жанраралық синтездің бір мысалы ретінде бейнебаянды алуға болады.

Телевидениеге жаңа технологиялардың енуімен бірге бейнебаян түсірудің сан алуан әдіс-тәсілдері дүниеге келді. Теоретиктер бейнелеуіш құралдары мен ерекше мазмұнды телевизияның бұл түрін жаңа жанр деп атады. Мәтін мен әуен, бейне мен драмалық әрекет, композиция мен хаос, графика мен жарық эффектерін бойына жинап, әрі біріктіре білген бұл жанр осынысымен өзгеше. Кеңістік пен уақытқа тәуелді емес бұл жанр түрлі жанрлардың тоғысында пайда болған. Бұл телевизиядағы үшінші құбылыс ретінде пайда болды.

Бейнебаян көрермен қауымның музыкаға, жалпы журналистикаға деген қарым-қатынасын, пікірін түбегейлі өзгертті. Бейнебаянның арғы түбі комикс, кинофильмнен (киноэссе) шыққан. Соңғы кездері белең алып жатқан жанрлардың бірі – компьютерлік анимациялық фильм. Оның құрылымы мен құрамы жоғарыдағыдан да күрделірек болып келеді. Алайда жанрлардың араласуы публицистикаға қауіп төндірмейді. Осыған қарамастан, әртүрлі саланың шекарасында туындаған мәселелерді шешуде жанраралық синтез көмекке келеді.

Публицистиканың жанрлық ерекшеліктері. Баспасөздің тарихи даму үрдісінің нәтижесінде жарияланымдардың мақсатына байланысты қандай да бір пішінде қолданылатын мәтіннің түрлері қалыптасты, дамыды және қабылданды. Құрамына мазмұндық, стилистикалық, құрылымдық-логикалық, проблемалық-мақсатты белгілерді топтастырған БАҚ материалының түрі жанр деп аталады.

Жанр атауы ерте кезеңдерден белгілі және өнердің салаларына қатысты қолданылған, кейіннен журналистика саласында да кең қолданысқа ие болды. Журналистика теориясында жанрлар дәстүрлі үш топқа бөлінеді.



    1. Ақпараттық жанрларға: хабар-ошар, репортаж, есеп, сұхбат т.б. жатады. Бұл жанрдың негізіне дерек, оқиға алынып, жедел түрде оқырманға жеткізіледі. Бұл кең таралған жанрлар журналға қарағанда газет беттеріне, телерадио материалдарына лайық саналады.

    2. Талдамалы жанрларға: хат, корреспонденция, мақала, рецензия, шолу т.б. жатады. Мұнда тек ақпарат беріліп қоймай, болған оқиға, құбылыс кең көлемде қамтылып, талданып, мәселеге терең зерттеу жүргізіледі.

    3. Көркем-публицистикалық жанрларға: суреттеу, очерк, фельетон, памфлет т.б. жатады. Жанрлардың бұл тобында жеделдік екінші орынға шығады. Керісінше, көркем бейнелеулер, образдылық, эмоциональды әрекет арқылы оқырманға әсер ету бірінші орында тұрады.

Жанрлардың ортақ белгілері мен даму үрдісі. Гуманитарлық саланың барлық категориясы секілді, жанрларда да нақты белгіленген шекара жоқ. Көп жағдайда шығарманы тек бір ғана жанрға жатқызу мүмкін емес. Себебі, материалдың жазылу мен берілу сипатында екі немесе одан да көп жанрдың белгілері теңдей кездесіп жатады. Немесе тақырып мазмұн жағынан байытылып, кең және терең ашылу үрдісінде бір жанрдан екінші жанрдың басқа түріне ауысуы жиі кездеседі. Мысалы, тереңдетіліп жазылған көлемді корреспонденция мақалаға, ал, кеңейтілген хабар-ошар керісінше, корреспонденцияға айналуы мүмкін.

Қоғамдық-тарихи фактордың жанр дамуына ықпалы. Жанр – толық қалыптаспаған категория. Тарихи, қоғамдық-саяси кезеңдердің қайсысында болмасын, жанрлардың белгілі бір түрлері танымалдылыққа ие болады. Мысалы, соңғы он жылда отандық баспасөзде газет беттерінде репортаж бен очерк жанры азайып кеткенде, жетекші орынды корреспонденция және хабар-ошар иеленді. Осыған сәйкес жанрлардың пішіні, құрылымы мен газет-журнал беттерінде, телерадио хабарларында берілуі де өзгеріп отырады.

Жанр мен деректер. Журналист пен айқындалатын деректер өз жанрын оны зерттеу барысында айқындауға түрткі болады. Кәсiби ортада осыған байланысты «фельетондық дерек» деген ұғым қалыптасқан. Деректердің фельетондық, очерктік, көркемдеуші түрлері бар ма? Бұл сұраққа жауап әрқилы. Бiр жағынан, журналистке деректер белгілі болған жағдайда жанр өздігінен айқындалатын жайттар болады. Дегенмен, көп жағдайда дерек кез-келген жанрда журналистік шығарманы туындататын әмбебап құрал бола алады.

Публицистика жанрларының белгiлері. Журналистиканың барлық жанрлары олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашы-лықтарын анықтайды. Мұндай ерекшеліктерді жанрлардың типтiк белгiлері деп атауға болады. Біз төменде әрбiр жанрдың ерекшеліктерін айқындайтын кестесін ұсынамыз. Кесте төрт негiзгi типтiк жанрлық белгiде болады (олар 1, 2, 3, 4 сандарымен берілген), әрбiрi (а, б, в, г) компоненттерін қосады).

Кесте - матрица былай көрiнедi.



1. Публицистиканың мақсаты:

а) қоғамға шындықты дерек негізінде беруi;

б) насихаттау және алдыңғы тәжiрибенi таратуы;

в) бiлiмнің танымалдылығы;

г) қоғамдық ортадағы шындықты талдау және олардың шешiмiн табу;

д) эстетикалық және эмоциональдық әсердің көрінісі.



2. Шындықты бейнелеу әдiсi:

а) журналист бақылаған деректер негiзiнде сипаттама жасайды;

б) журналистің құжаттарды зерттеу барысындағы деректер бейнеленеді;

в) әдебиет пен өнердегі көркем туындыны ұғыну, қолданудағы деректердің бағалануы;

г) сарапшы немесе сарапшы топтың дерекке берген бағасы;

д) журналистің берілген айғақты жан-жақты талдауы және бағалауы.



3. Шындық бейнесiнiң масштабы:

а) жеке айғақ;

б) бiр-бiрiмен сабақтас деректер тобы;

в) шындықтың айқын көрінісі;

г) айқын шындықтар.

4. Суреттеудің құралдары:

а) көркем бейнелер;

б) сатираның түрлері;

в) көркем бейнелеу құралдары;

г) мәтiннiң әдеби-стилистикалық өңделуі.

Жанрлардың типтiк белгiлерiнiң жоғарыда айтылған жүйесi, оларды талдау барысында кеңейтіп, тереңдете алады. Егер сызбанұсқаны нақты жанрға қолданса, оның әмбебаптылығына көз жеткізуге болады. Ол кез келген жанрға сәйкес келеді. Әрбiр жанрдың өз компонентiне сәйкес келедi. Мысалы, репортаж туралы айтар болсақ:

1) оның мақсаты – қоғамды нақты дерек туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

2) бейнеленетін әдiстерді журналистің бақылаған деректері арқылы ғана береді;

3) шындық бейнесінің масштабы бойынша оған бiр-бiрiмен сабақтас деректер тобы, тiркесi тән;

4) бейнелеуші құралдар арасында бұл жанрда көбінесе көркемдуші құралдар жиірек қолданылады.


Жанрларға қысқаша түсінік

Ақпараттық жанрларға: жаңалықтар, хабар-ошар (заметка), сұхбат, әңгіме, комментарий, репортаж, реплика жатады. Маңыздыларын атап шығайық. Есеп – белгілі бір аудитория (конференция, жиналыс, спорттық жарыстар және түрлі көрмелер, т.б) қатысқан іс-шаралар жөніндегі ақпараттық хабарлама. Айтылатын мағлұматтардың сипатына қарай есеп жалпы немесе тақырыптық, ал мақсаты мен айтылу ерекшеліктеріне қарай – ақпараттық (айтылған пікірлер, оқиғалар, деректер жүйелі түрде) немесе сараптамалық (назар белгілі бір оқиғаға аударылып, оған баға беру, түсіндіру) болып бөлінеді. Есепті іс-әрекетті сөзбен жеткізу арқылы, қоғамдық-саяси мәні бар мәселе жөнінде оқырманға хабарлау мақсатында жазады.



Репортажды екі жақты қарастыруға болады. Біріншіден, баспасөзге, радиоға немесе телевидениеге берілетін ақпараттар жиынтығы. Екіншіден, біздің жұмысымыздағы маңызды оқиға, жағдай, құбылысты жылдам және мағыналы ақпаратпен жеткізетін ақпараттық жанр. Репортажға қойылатын негізгі талаптар – автордың болған оқиғаға қатысу тиімділігі, шынайы болған оқиғаны көзімен көрген жағдайда ғана репортаж мағыналы болады.

Ақпараттық жанрлар қоғамдық пікірге елеулі ықпал етіп, қоғамдық сананы қалыптастыруға әсер етеді. Ақпараттық жанрлардың рөлі бүгінгі таңда өлшеусіз артып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдары шағын жанрларға, хабарларға, жедел ақпараттарға назар аударады. Қазіргі газет жарияланымының радио-теледидар бағдарламасының басым бөлігін ақпараттық материалдар құрайды. Ақпараттық жанрлардың бейнелеуіш құралдарының жиынтығына мыналар жатады: түрлі стильде жазылған мәтіндер, статистикалық сурет, фото, сурет, кесте, диаграмма, карта, музыкалық көркемдеу, автор сөздерінің дыбысталуы, интершум, қолданылатын дыбыстар (негізгі, қосымша), бейнесурет.



Көрермен қауымның қызығушылығын, әсіресе, сөздер мен түсініктердің бірігіп, бір үлкен идея ұстанған дүниелер арттырады. Ақпараттың негізгі жанрлық түрлері: ауызекі сөйлеу жанры: а) диктордың оқуымен берілген жаңалықтар; аудитория алдында сөз сөйлеу (кадрда, газетте, микрофонда). Маңызды қасиеттеріне суырып-салмалық, яғни, импровизация жатады, себебі, бұл қасиет арқылы ойлаушының деректері мен эмоциялары беріледі. Ақпарат бірінші қолдан алынады, сондықтан да көрерменнің ақпарат дұрыстығына сенімін нығайтады. Халық алдында сөз сөйлеудің түрлері мынадай болуы мүмкін:

  • Ресми (мемлекеттік немесе қоғамдық институттың пікірін жариялау);

  • Ұйымдастырылған (алдын-ала дайындалған сценариймен);

  • Мәтіндік (телевидение, радио немесе баспасөз стиліне сай алдын-ала жазылған сценарий);

  • Суырып-салмалылық (импровизациялық стильде әңгімелесу);

  • Тезистік (тезиске сай әңгіме);

  • Көркемделген (алдын-ала дайындалған бейнеқатар мен суреттермен).

Мәтіндік ақпаратқа:

  • Ақпараттық хабар

  • Хабар-ошар

  • Репортаж

  • Ресми ақпарат жатады.

Ақпараттық хабарда орын алған жағдай мен оқиға жайлы қысқа ақпарат беріледі. Мұнда не, қайда, қашан және қандай жағдайда болғандығын өте қысқа түрде береді. Ақпараттық хабар жазу көбінесе ақпарат агенттіктеріне тән құбылыс. Бұл жерде бастысы - деректен ауытқымайтын, жағдайды тура мағынада сипаттайтын сөздерді тапқан абзал. «Шамалы», «шамасында» деген сөздерді қолданбай, тұспалдарды жариялаудан аулақ болу керек.

Ресми ақпарат – арнайы қайнар көзі бар және редактура жүрмейтін ақпарат. Оның сөздерін өзгертпей, цитата сияқты қолдануға болады және міндетті түрде дерек көзін көрсетеді.

Хабар-ошар. Хабар-ошар газет, журнал, телерадио тәжірибесінде жиі кездесетін байырғы жанрдың бірі. Оның ең басты жанрлық ерекшелігі - дерек, оқиға, құбылыс туралы хабарлауы. Бірақ хабарда бұл деректер талданбайды. Оларға баға берілмейді. Сыр-сипаты толық ашылмайды. Хабар жедел, ұшқыр, тез жазылуға, жылдам жариялануы тиіс, әйтпесе, оның құны болмайды.

Репортаж - ақпарат пен публицистика элементтерін бойына топтастырған жедел жанрлардың бірі. Тілші өзі жүргізген репортажды баяндау арқылы талдау жасап жазады. Репортажды тілші оқиға ортасынан, шеру өтіп жатқан алаңнан, митингіден өткізеді.

Сұхбат - ақпарат алудың ең негізгі тәсілі болып табылады. Сұхбат - сұхбат беруші мен алушының арасындағы әңгіменің бір түрі. Сұхбат журналистің өзіне тән белгілері мен заңдылықтарын сақтаудың басты принципі - нақты сұраққа нақты жауап алу. Оның әсерлі шығуы сұхбат алушының біліміне, журналист кейіпкермен арадағы әңгімеге лайықты тақырыпты таңдай білуі қажет. Сол мәселе жөнінде сұхбат кезінде білуге болады. Басқа адаммен пікірлесіп одан әсер алады. Мұндай әңгімеде ауызекі стиль қолданылады. Сұхбаттың жүргізілу барысы жүргізушінің (интервьюердің) психологиялық, психо-физикалық және логикалық факторларды игеруіне тікелей байланысты.

Ақпараттық жанрларға журналист қойған сұраққа белгілі бір тұлғаның жауабына деген қоғамның қызығушылығын туғызатын сұхбат жанры жатады. Атап кететін жайт, сұхбат тек жанр ғана емес, қойылған сұраққа нақты жауап арқылы ақпарат алудың көзі. Сұхбат әртүрлі болады. Жанр ретінде сұхбат: хабарлама (әңгіменің маңызды тұстары алынып, жауаптар қысқа беріледі), сұхбат – диалог (әңгіменің толық мәтіні), сұхбат – суреттеме (әңгіме мазмұнынан өзге оның қандай жағдайларда алынғаны, сипаты беріледі), сұхбат – пікір (оқиғаға, құбылысқа, дерекке түсіндірме), бұқаралық сұхбат (баспасөз конференцияларынан, брифингтерден беріледі) болып бөлінеді.



Талдамалы жанрлар. Ақпараттық топтағы жанрлардың басты мақсаты - жеке деректі, оқиға, құбылысты хабарлау екені белгілі. Олар мәселеге кең тұрғыда келе алмайды, талдап түсіндірмейді. Ақпараттық топтың басты өлшемі ондағы хабарлау сарыны, талдамалы топтың атауы айтып тұрғандай, бұл жанрлардан деректерді талдау басты орын алады. Онда дерек қана емес, бірнеше ұқсас, тектес деректер жинақталады, жүйеленеді, талданады, қорытынды жасалады. Сөйтіп барып авторлық пікір, ой-түйін білдіріледі. Талдау арқылы мәселе қойылады, идея ұсынылады. Автор бұл идеяны ой елегінен өткізіп оқырман, тыңдарман, көрермен қауымға дайын туынды сыйлайды.

Хат – бұл белгілі бір автордың адресатқа үндеу ретінде жазған туындысы. Ол саяси-әлеуметтік, мәдени, экономикалық, тұрмыстық мәнге ие публицистика жанрларының бір түрі. Хаттың баспаға басылуы арқылы ғана публицистиканың жанрына айналатындығы белгілі. Хаттың авторлары жеке азаматтар, топтар, кәсіпорындардың ұжымдары мен олардың жетекшілері, қоғам қайраткерлері бола алады. Сонымен қатар хаттардың адресаттары мерзімді баспасөздің оқырмандары да бола алады. Көбіне хат авторы қоғам қайраткерлері, саяси жетекшiлер, мәдениет қайраткерлерi болып келеді.

Корреспонденция – нақты материалдарға құрылған, өзекті тақырып өңделетін, белгілі бір проблеманы талдайтын жанр, «өмір үзіндісінің» бейнесі. Корреспонденцияда мақалаға қарағанда дедукция - бөлшектеу әдісі қолданылады, яғни, мәселе жекеден жалпыға көшіп отырады.

Коментарий - барлық БАҚ жүйесіне тән. Белгілі бір тақырыпқа қосымша ақпарат болып саналса да, тақырыпты одан әрі аша түсуі, негізгі мазмұны мен идеясын оқырман, тыңдарман, көрермен қауымға беруі елеулі рөл атқарады. Коментарийдің негізгі мақсаты - аудиторияны таныс емес ақпаратпен, құбылыспен таныстыру.

Сараптамалық мақала (сараптамалық мақала, сараптамалық бағдарлама). Бұл – белгілі бір жағдайды, оқиғаны, не деректі жан-жақты зерттеп қорытындылайтын туынды. Сараптаманың міндеті тек деректі зерттеу емес, оның басты мақсаты дерек бар объект немесе субъектіні зерттеу болып табылады. Коментарий деректі толықтыратын болса, сараптама деректі болжап отырады. Сараптама тек қазір болып жатқан жағдайды зерттеп қоймай, сонымен қатар, болашаққа батыл болжам жасауы мүмкін. Сараптамашы зерттеуінің қорытындысы журналистің қаншалықты кәсіби маман екендігіне байланысты.

Рецензия – көркем немесе ғылыми шығарма, қоғамдық-саяси немесе техникалық әдебиет, театр қойылымы, кинофильм, теледидар бағдарламалары, өнер көрмесі, музыкалық концерт және тұрмыстық жағдай сыналатын жағдайда баға беріп, талдау жасайтын жанр.

Шолу (ревю). Саясат, экономика, мәдениет және ғылыми жаңалықтарға шолу жасау. Берілген материалға негізделе отырып, шолу деректерді белгілі бір ретпен орналастырады. Оның мақсаты коментарий сияқты қосымша ақпарат беру емес. Бастысы - деректер легін тізу. Арасындағы байланысты тауып, бір апталық немесе бірнеше күндік шолу жасалады.

Көркем-публицистикалық жанрлар. Көркем әдеби очерк талдамалы және көркем әдеби жанрлардың тоғысында орналасады. Көркем әдеби очерк кез келген деректі метафоралық, бейнелік тұрғысынан суреттейтін шығарма. Бұған Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтің көркем очерктері мысал бола алады. Очерк ғылыми-публицистикалық, өндірістік және шығармашылық сипаттағы портрет сияқты. Көркем әдеби очеркке идея қозғалысы, ойдың драматургиясы тән.

Очерк – көркем-публицистикалық жанрдың белсенді түрі. Очерк құбылыстар мен оқиғаларды оңтайлы береді. Очерктің басты нысаны - адам, оның жан-дүниесі, іс-әрекеті. Очерк авторы өзінің білімі мен ақылының тереңдігін көрсетеді. Автор тұлғасының маңыздылығы шығармаға арқау болған дерек және оқиға маңыздылығынан кем түспеуі керек. Осы орайда автордың бейнелеуіш құралдарды дұрыс таңдауы маңызды. Бейнелеуіш құралдарға стиль, тіл, бейнелер, теңеу мен эпитеттерді дұрыс таңдау, композиция және т.б. жатады.



Суреттеме - ауқымы бойынша шағын жанр, очерктен сюжеті болмауымен өзгешеленеді. Суреттемеде проблема болмайды. Негізінен бұл суреттердің, ассоциациялардың тізбегі.

Дискуссия негізі – диалог. Бұл жерде журналистің мақсаты – аудиторияға, көпшілік қауымға ой тастау. Өз кезегінде аудиторияның тақырыпты әрі қарай алып кетуі келелі мәселелерді шешуге көмектеседі. Дискуссия екі жақтың дауына құрылады және қандай да бір даулы мәселені жан-жақты талқылауға арналады. Дискуссиядағы журналист пен қатысып отырған қауым тақырыпты терең білетін, көзі ашық, сауатты адамдар болуы тиіс. Бүгінгі таңда дискуссияның жаңа түрі жылдам дамуда. Телевизиядағы интерактивтік тәсілдермен дискуссия жүргізу әлемнің түрлі нүктелерімен пікір алысып, өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп отыр.

Ток-шоу (әңгімелесу) диалогқа құрылғандықтан, сұхбатқа ұқсас, бірақ атқаратын міндеті ауқымдырақ. Сұхбат нақты сұраққа нақты жауап, ал телерадиоәңгімелесу әңгіме тетігін ағытып, дәйектер мен дәлелдерді алға тарту. Ток-шоу - бұл бағдарлама жүргізушісінің аудиториямен, қонақтармен әңгіме-дүкен құруы. Ақпараттың қайнар көзі болып табылатын тұлға - бас кейіпкер болып саналады. Алайда, мұнда журналистің тілге жүйріктігі мен тіл табыса білуі үлкен рөл атқарады. Журналист пен кейіпкер тепе-тең сезініп, арада түсініспеушілік болса, соны жоюы керек. Сонда ғана жылы сезімге негізделеген қызықты әңгіме құрылады. Әңгімелесудің бірнеше түрлері бар:

  1. Бетпе-бет.

  2. Аудиториялық ток-шоу.

Әңгімелесу еркін, суырып-салма (дәл сол мезетте) және алдын-ала дайындалған сипат алуы мүмкін.

Эссе. Телевизияда сирек кездесетін жанр болғанымен, баспасөзде көп тараған. Эссе - бұл әр түрлі тақырыптарда ой толғау. Болған оқиға автордың өз ішкі жан-дүниесінен өткен туынды болып саналады. Эссе адамның танымына эмоциональдық әсер ететін жанр.

Талдамалы повесть (новелла) көркем публицистикаға жататын жанр екені уақыт өте келе дәлелденді. Бұл дерекке құрылған әдеби-көркем шығарма. Новелланың негізі - журналистік ізденіс және оның нәтижесіне құрылады.

Риэлти - шынайы өмірде болған оқиғаны не деректі көрермен, оқырман және тыңдарман қауымға дәл, ауытқусыз беріп, әңгіменің өрбуіне әсер ету, аудиторияға белгілі бір салада білім беру.

Көркем-әдеби реконструкция (қайта құру). Риэлти оқиға, не құбылыстың қалай болғанын сипаттаса, көркем-әдеби реконструкция болған оқиғаның болуы мүмкін нұсқаларын көрсетумен айналысады.

Сұрақ-жауап - көркем әдеби конкурс. Бұл жерде сұрақ қоюшы мен жауап беруші басты рөлде болады. Сұрақ-жауаптың мақсаты – түрлі сұрақтарға жауап бере отырып, аудиторияны танымдық жағынан дамытуды көздейді. Бұл тұста жиналған қауымның уайымдап, түрлі сезімдерді бастан өткеруі үлкен рөл атқарады. Қазіргі таңда танымдық ойындарда сұрақ-жауаппен қатар ойын-сауық сұрақ-жауаптары да белең алуда.

Экрандық туындының әдеби негізі, сценарий жасау барысынан, біздің білетініміз – кез келген мазмұн белгілі бір пішінге дестеленеді. Философтар пішін категориясын ішкі байланыс пен ұйымдастыру тәсілінің берілуі, сонымен қатар, элементтер мен үрдістердің өзара және сыртқы жағдайлармен әрекеттесуі деп түсіндіреді. Енді дәл осы позициядан телевидениедегі журналистік шығармашылықтың қалыптасқан белгілері қатарын қарастырамыз.

Журналистика құбылыс, әрі мамандық ретінде ақпараттық, сараптамалық, көркем-деректік болып бөлінеді. Бұл үш топта да көрінетін өмірлік материалды меңгерудің үш тәсілі бар. Журналист мамандығы жанрлар жүйесінен тыс өмір сүре алмайды. Жанрлар туралы байыпты түсінік - журналистің кәсіби біліктілігінің дәлелі.

Журналистиканы әділетті түрде мәдениеттің «есі» деп атайды. Ескі пішінді жаңа құбылыста сақтаудың себебі не? Неге алғашқы көліктер ат жеккен күймеге, ал электр аспашамдар шам аспашамдарға ұқсаған? Мүмкін, функцияларының тұтастығында: көлік ат жеккен күйме сияқты адамдарды тасуға арналған, ал аспашам жарық көздеріне тәуелсіз жарықтандыру үшін қызмет етеді. Функцияның мағынасы рухани өмірде де маңызды. Шынайы өмірдің дыбыстық көру бейнелерін қашықтыққа тарататын электрондық тәсіл ретінде жаралған және бұқаралық тілдесудің жаңа құралы болған телевидение өздерінің ізашарлары, баспасөз бен радионың функцияларын, әдістерін және шығармашылық пішінін уақыт өткен сайын байыта түсіп, қабылдады.

Журналистика тек шығармашылық ғана емес, сонымен қатар, саяси қызмет болып табылады. Тура, жиірек, жасырын саяси детерминдік шынайы БАҚ иелерінің, ол газет, журнал, радио, телевидение болсын, қызығушылығымен ескертіледі. Олар мемлекет, партия, қаржылық топ, тіпті бөлек тұлға болуы мүмкін. Мұндай тәуелділік бағдарламалық саясатта, болашақтағы және ағымдағы жоспарлануда, күнделікті бағдарламалардың беттелуінде көрінеді. Бірақ бағдарлама – бұл мозаикалық панно сияқты жеке және бүтін үзінділерден құралған әлдебір бүтін мазмұнды пішін. Әрбіреуі өз міндетін атқарып, жеке белгілер мен қасиеттерді иемденеді. Басқа сөзбен айтқанда, белгілі бір жанрға жатады.

Жанрды, оның белгілерін анықтау үшін теориялық негіздерді өнертану мен әдебиеттанудан іздеуіміз қажет. Жанр түсінігі журналистика теориясына қайдан келді? Сонымен, жанр деп біршама тұрақты белгілер қатарын иемденетін шынайы болмысты кейіптеудің тарихи анықталған түрін айтамыз.

Жанрлық бөлінудің негізіне аталған түрлендіру өлшемі ғана жатпайды. Шынайы болмысты кейіптеудің тәсілі, бағдарламалар, олардың бөліктерінің функционалдық ерекшеліктері, тақырыптық ерекшелік, телетуындыны жасаудағы техникалық шарттар есептеледі.

Осылай телевизиялық, радиолық өнімнің әртүрлілігін шартты белгілер қатары арқылы жіктеуге болады. Бұл телевизия, радио журналистерінің қызметін және журналистика мәселелерін теориялық игеруде маңызды болатын белгілі жанр көлемін белгілеуге мүмкіндік береді. Жанрлық табиғатты дәлме-дәл түсінуде шеберлікті толығымен жүзеге асыру және редакциялық тапсырманы орындау мүмкіндіктері негізге алынған.

Айрықша күрделілігімен, жан-жақтылығымен ерекшеленетін жанрлар теориясының өзі нақтылы және өзгермелі тәжірибемен жаңара отырып үнемі даму үстінде болады. Жаңа жанрлардың пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы және ескі жанрлардың жойылуы тарихи үрдіс. Біздің телевидениеміздің, радиомыздың тәжірибесінен мәлімі, қатып қалған жанрлар түрі жоқ. Көз алдымызда өткен жылдардың газет, радио, не телевидениеде болмаған пішіндер пайда болып жатыр. Жанрлар диффузиясы негізінен публицистикаға тән, бірақ ол телевизиялық, радиолық журналистикада айқын көрінеді. Журналистикада телевидениенің жаңашылдық күші ғана емес, сонымен қатар, дыбыспен сүйемелденетін жылжитын көру бейнелері, тіл байлығы бар. Жанр топтарында, олардың өзгеруіне қазіргі уақыттың драмалық қайшылықтары мен күрделі өмірлік қатынастарын кеңнен қамту әсер етуде.

Телерадио дәстүрлік жанрларды игеру жолы арқылы дамиды. Телерадио бағдарламаларында репортаж мен сұхбат қалай үйреншікті болып кетсе, солай тең дәрежеде экрандық ойындар, байқаулар немесе ток-шоулар да пайда болды. Телерадио бағдарламаларының құрылымы қаншалықты күрделі болса да, оның негізінде тұрақты жанр белгілерін табуға болады.

Ақпараттық жанрларға жедел ауызша хабарламалар, бейнесюжеттер, қысқа сұхбаттар мен репортаждар, сараптамалыққа – тәжірибеде «бағдарлама» деген аты бар түр жатқызылады. Бұл жерде бейнекорреспонденцияны, әңгімені, комментарийді, шолуды, пікірталасты, пресс-конференцияны және ток-шоуды атап кетуге болады. Суреттеме, очерк, эссе, фельетон, памфлет көркем деректі жанрларға жатады.

Жанр – тарихи категория. Жанрлар жүйесі дәуірдің ерекше индикаторы ретінде қызмет етуі мүмкін. Байқалғандай, ақпараттық еркіндікті шектеу барысында сараптамалық, бақылаушылық, әртүрлі жанрлар басым болады және керісінше, ақпараты нанымды және репортаж үстемдігі сөз еркіндігі кезеңін көрсетеді.

Публицистика (лат. publicus - қоғамдық, халықтық) – ағымдағы өмірдің оқиғалары мен өзекті мәселелеріне арналған туындылар қатарына жатады. Ол қоғамдық институттардың қызметіне әсер етіп, қоғамдық тәрбиенің құралы, ұйымдастыру тәсілі және қоғамдық ақпаратты тарату қызметі ретінде маңызды рөл атқарады. Публицистика әртүрлі пішінде кездеседі: сөздік (ауызша және жазбаша), графикалық бейнелеу, (плакат, карикатура), фото, кинографикалық (деректі фильм және телевидение), театралдық, драмалық және т.б. Тақырыптың өзектілігі, нақты мәселелерді түсіну масштабы және қоршаған ортаның оқиғалары негізге алынатын белгілер болып табылады.

Телерадио публицистикасымен айналысатын әртүрлі шығармашылық бөлімдердің (саяси-қоғамдық, көркем-ғылыми студиялар, бірлестіктер, редакциялар) пайда болуы тікелей үй экраны орындайтын қоғамдық функциялармен, уақыт талабына сай болатын саяси-қоғамдық міндетпен, аудиторияға кіретін демографиялық және қоғамдық топтардың қызығушылығына байланысты.

Журналистика – кәсіби шеберліктің қажетті деңгейін талап ететін саяси-қоғамдық қызметтің және шығармашылықтың қоспасы. Алғашқысы журналистік хабарлардың мазмұнына, мәселенің таңдалуына және нақты тақырыпқа, ақпараттық қоғамның мағынасын түсінуіне тікелей әсерін тигізеді. Екіншісі, мазмұн пішініне, жанрдың таңдалуына және керекті бейнелеу құралдарына әсер етеді.

Телерадио журналистикасының синонимі ретінде танылған «деректі бағдарламалар» түсінігі жиі ақпараттық және көркем-публицистикалық бағдарламаларды біріктіреді. Журналистиканы былай бөлген жөн: ақпарат (объектісі – дара дерек, нақты оқиға, әдісі – болғанның констатациясы) және публицистика (объектісі – қоғам өмірімен байланысты деректер мен тенденциялар тобы, әдісі – зерттеу, сараптама, авторлық баға). Бұл бөліну тарихи түрде қалыптасты. Ақпарат не? қашан? қайда? деген сұрақтарға жауап беріп, қоғамдық-саяси құбылыстар арасындағы себеп-салдар байланысын ашатын, баға беретін публицистика. Сонымен бірге қалай? неге? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап іздейді. Біріншідегі дерек пен оқиға тек объект қана емес мақсат, екіншісінде дерек журналистің позициясын дәлелдейтін құрал, ол алынған дәлелдер тізбегінің аргументі болып табылады. «Пікірді деректен бөлу» принципі ақпарат – бұл өмірдің объективті көрінісі, яғни, біреудің болып жатқан оқиғаға әділ пікір айтуы.

Трансляциялар немесе жоғарғы заң органының отырыстарынан есеп беру, үкімет шешімдеріне комментарий, танымал қоғам қайраткерімен әңгіме, қоғамдық өмірдің өзекті мәселелері туралы журналистік зерттеулер, мамандардың «дөңгелек үстелдері», ресми сапармен келген шетел көшбасшыларының баспасөз-конференциялары – осының барлығы баспасөз, телерадио публицистикасы болып табылады.

Апталық сараптамалық бағдарламалар және экзотикалық елде түсірілген жол-сапар очерктері, спутниктік байланыс арналары арқылы алынған бейнехабарламалардың топтамасы және біздің экономикамыздың дамуына өз капиталын инвестициялайтын батыс бизнесмендерімен әңгіме – бұл да телерадиожурналистер жасаған публицистика.

Экономикалық тақырыптарға комментарий, егін жұмыстарының хроникасы, биржалық жаңалықтар, жұмысшы мен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің телевизиялық портреті, жаңа заңды қарастырып отырған заңгермен әңгіме – бұл да телевизиялық публицистика.

Өзекті мәселе туралы сөз қозғаған танымал жазушы, киностудияның түсіру алаңынан репортаж, талантты музыкант гастролінен суреттеме, жас суретшілердің вернисажы туралы хабарлама – бұл да телерадио публицистикасы. Қазіргі қазақ телевидениесіндегі телепублицистика жанрын жан-жақты қамтып жүрген мына бағдарламаларды жатқызамыз: «Көзқарас», «Жеті күн», «Түйін сөз», «Апта портреті», «Нысана», «Парламент күнделігі» және т.б. Көріп отырғанымыздай, публицистиканың негізгі дәйектелетін белгісі көпке қаратылып айтылған сөз. Бірақ бұл бағдарламалардың барлығының пішіні және әдісі, журналистік қызмет ерекшеліктері бойынша бірдей емес. Басқаша айтқанда, олар әртүрлі жанрда жасалған.

Журналистиканың жалпы теориясында публицистикалық хабарлардың жанрларға бөліну мәселесі төрт белгісі бар:

1. Түсіну, кейіптеу пәнінің өзіндік ерекшелігі бойынша;

2. Тәрбиелілік-танымдық міндеттер арқылы;

3. Болмысты айқындау кеңдігі бойынша, яғни, қорытындылау және жалпылау масштабы;

4. Өзінің мәнерлі бейнелеу құралдары арқылы ажыратылады.

Телерадио туындысының жанрын анықтау бір ғана белгі арқылы емес, олардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Басқаша айтқанда, жанрға тән төрт белгіге тәуелді. Журналистік жанрлар үшін міндетті, анық болу шарты деректілік, шынайылық, яғни, материалдың деректі екенін естен шығармау керек. Болмысты кейіптеудің түрі ретінде жанрды анықтаудан оны кейіптеудің негізінде жатқан объективті үрдістер мен құбылыстар үйлесімділігімен қарастыру қажеттілігі туындайды.

Жанрлар жүйесі туралы айтқанда, телерадио материалдарының ұйымдастырылу композициясына сәйкес бекітілген болмысты бейнелеудің тәсілін негізгі үш ұстаным арқылы ажыратамыз. Біріншіден, болмысты қарапайым тұрақтандыруға ұмтыландыратын жанрлар тобы. Бұл жерде автор нақты оқиғадан, құбылыстан кейін барады. Мұндай материалдардың композициясы, ол болып жатқан оқиғаның құрылымымен белгіленеді. Бұл ақпараттық жанрға қатысты. Екіншіден, өзінің шығармашылық міндетіне сәйкес шынайы деректер мен құбылыстар автордың сараптауы мен жасалатын хабарламалар түрі. Бұл жерде хабарлама композициясы оқиғаның фабуласынан емес, автордың түпкі ойына тәуелді. Бұл сараптамалық публицистиканың жанрлары. Үшіншіден, автор ұсынған бейне жүйесіне тәуелді хабарлама композициясы. Материалдың деректілігін сақтағанда автор көркемдік көрініс құралдарын, тіпті актерлік шеберлікті пайдаланады. Мұндай хабарламаларға көркем публицистика жанрларына жатады. Бейненің бар болуы негіз болып табылады, ал хабарлама және деректі сараптау екінші кезектегі мағынаға ие. Очерк, эссе, суреттеме деректік материалдың көркемдік ұйымдастырудың нәтижесі болса, сараптамалық жанрлар (комментарий, шолу, корреспонденция) деректі, оқиғаны, құбылысты сараптаумен шектеліп, бейнелілікке ұмтылмайды. Көркем публицистиканың функциясы – жеке-дара әдістер арқылы жалпы, типтілікті ашу. Жалпылау толықтығына жете отырып, өзгешелікті айқындау арқылы көркем публицистика болмысты кейіптеудің бейнесін қолданады. Бұл жерде бейне деректі, шынайы материалдан құралады.

Журналистік тәжірибеде жанр таңдауда бейнеленген объектінің сипаты ғана емес, сонымен қатар, эфирдегі болашақ материалдың орны да әсер етеді. Екі журналист бір объектіге: завод, супермаркет, порт, жаңа ұшақтың немесе жаңа вагонның сынағына бағытталуы мүмкін. Бірақ біреуі 50 секундтық хронометражы бар ақпараттық бағдарламаға сюжет жасаса, екіншісі - 30 минуттық очерк дайындайды. Екі әріптестің журналистік ізденуі әртүрлі болатыны түсінікті. Деректі белгілеу арқылы өмірді кейіптеу соншалықты қиын емес. Бірақ публицистің ақпарат таратушыдан айырмашылығы да осында. Публицист типтік нәрсені көре отырып, көпшілікке ой тастайтын, қоғамдық, жалпы адамдық мәселені кез келген тақырыптан табады. Публицистік шығармашылықтың әдістері мен тәсілдерін игерген адам ғана өзін кәсіби журналистпін деп есептейді. Публицистиканың өзі, кез-келген журналистік қызығушылық пен жұмыстың өзіндік ерекшеліктерін табатындай әрекет өрісі сан қырлы.

Радиожурналист кез-келген шығармашылық міндетті шешу кезінде бағдарламаның жанрын нақтылап алуы, яғни, оның ақпараттық мақаласы, сұхбаты, репортаж немесе очеркі берілетін радиошығарманың түрін, бағдарламаның дұрыс пішінін таңдап алуы қажет. Осы жерде біз радиожурналистиканың аса маңызды түсінігі болып табылатын теориялық және тәжірибелік жағынан түйінді болып саналатын түсініктер, нақтырақ айтқанда, хабар тарату түрлеріне, радиохабар түрлеріне, радио бағдарламалардың түрлеріне тоқталамыз.

Жалпы радиохабар түрін әртүрлі жанрлар немесе жанрлар бірлестігінің белгілі бір заңдылықпен құрылған біртұтастықты құрайтын жиынтығы ретінде анықтауға болады. Бұл ішкі бірлік белгілі бір деректерді пайдалану арқасында эфирлік кеңестіктегі біртұтас композияцияға, біртұтас құрылымға негізделген әртүрлі жанрдағы бағдарламаларды пайдаланудан құрылады. Олар:

- журналистің тұлғасы (үнемі бағдарламаны жүргізетін жүргізушінің) және оның кейіпкерлері;

- тақырыптың бірлігі, бағдарламаның өлшеулі бөлігі (дыбыстау уақыты және нақты белгіленген кесте бойынша хабар тарату);

- күннің белгілі бір мезгілінде аудиторияға тиімді жеткізу және шұғыл үнқатуын алу мүмкіндігі;

- мәселені ұзақ мерзім ішінде дәйекті талқылау (күн сайын, апта сайын).

Жанрдың қалыптасуы мен дамуы олардың күннің өтуі, радио бағдарламалардың жаңа пішіндерінің негізінде пайда болуы мен дамуы бір уақытта жүруі тарихи заңдылық. Бұл үдерістер қашанда өзара тығыз байланысты, радиохабарларын тарату ерекшеліктерін, оның табиғатын, мәнерлі құралдарын игеру, қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдары жүйесіндегі радиохабарларының басқа да масс-медианың радиохабарларын тарату мен радиожурналистикаға ықпалын ұғыну барысында ғана емес, сондай-ақ, радиотаралым техникасы мен жаңа технологиялардың дамуы барысында жаңа мазмұнмен толықтырылып отырады. Заманауи сандық аппаратураның, компьютерлік техниканы пайдалану, интернетке шығу және т.б. осы жаңа пішіннің пайда болуы түрлендіруге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Радиожурналистиканың жанрлары мен пішіндерінің бір-біріне ықпал ететіндігі маңызды. Өте ұзақ мерзім бойында өмір сүрген хабар таратудың бірінші түрі - жаңалық, сұхбат, есеп, мақала, әңгімелесу, фельетон, тыңдармандардың хаттарын жинақтаған радиогазета болды. Әртүрлі модификацияларды радиогазеталардың пішіні бірнеше ондаған жылдар бойы өмір сүрді. («Шалқар» радиосында көп уақыт бойы шығып тұрды), негізгі параметрлері: өзіндік дыбыстық шоуды құраған жанры мен тақырыптары бойынша әртүрлі материалдар біріктірілді және сақталды. Ақпараттық таратудың негізі пішінін ақпараттық шығарылым немесе жаңалықтар шығарылымы құрайды. Ақпараттық шығарылым – әлемнің барлық елдерінде бар оптимальды жаңалықтар хабары. Жаңалықтар шығарылымы - шұғыл ақпараттық хабарлар, оқиға болған жерлердің дыбыстарына дейін таспаланған, утилитарлық (пайдалы) ақпараттар. Жаңалықтар шығарылымы құрылымының сипаты мен олардың дыбысының ұзақтығы эфирдегі хабар уақытына, шұғылдылығына, хабарламаның өзектілігіне, радиостанцияның профиліне байланысты. Бұл жағынан алғанда радиохабарларды таратудың ақпараттық шығарылымының эволюциясы өте айқын байқалады. 1980-ші жылдары 20-ға жеткен (айтылып отырғаны бір бағдарлама) Қазақ радиосының «Соңғы жаңалықтарының» дыбысталуы 10-30 минуттан, әр жарты сағат сайын жүрген «Қазақ радиосының» ақпараттық-саздық бағдарламасының шығарылымы 5-10 минутқа дейін жетті.

Осындай серпінді, сыйымды пішінде ақпараттық шығарылымдардың түрі отандық эфирде орнықты. Ақпараттық шығарылымның пішініне хабар таратудың бағыттылығы, радиостанция профилінің ықпал ететіні сөзсіз. Мысалы, музыкалық радиостанциялар жаңалықтардың қысқа шығарылымында тек ақпарат агенттіктерінен алған хабарларды ғана пайдаланады; ірі мемлекеттік «Қазақ радиосы», «Шалқар», «Астана радиосы», коммерциялық радиостанция «Іскерлік радиосы» және тағы басқалар өздерінің арнайы тілшілерінің, ньюсмейкерлерінің, стрингерлерінің және т.б. хабарламаларын таратады.

Әлемдік және отандық радио хабар тарату тәжірибесінде ақпараттық шығарылымдардың бірнеше түрлері қалыптасқан:

- жалпы сипаттағы әмбебеп шығарылымдар, яғни әртүрлі тақырыптағы ақпараттар: қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми, мәдени, спорттық, елдегі және шетелдегі жаңалықтары туралы және т.б.

- тақырыптық – белгілі бір тақырыптағы ақпараттардың іріктемесі: халықаралық жаңалықтар, спорттық, мәдениет, өнер және тағы басқа салалардың оқиғаларына арналған. Мысалы, іскерлік туралы «Іскерлік радиосы» шығарылымы, «Радио 101-дегі» кино туралы жаңалықтар шығарылымы.

Ақпараттық шығарылымдарды мерзімі және эфирге шығу жылдамдығы бойынша бөлуге де болады. Бұл – тарату кестесі бойынша қатаң, белгілі бір уақытта шығатын (сағаттың басында, ортасында), және эфирге кестесіз, төтенше жағдайлар болған уақытта шұғыл шығатын шығарылым түрлері бар. Мысалы, 1957 жылдың 4 қазанында бірінші кеңестік жер серігі ұшырылғанда немесе тұңғыш космонавт Ю.А. Гагариннің 1961 жылдың 12 сәуірінде ғарышқа ұшқандығы туралы, 1991 жылдың 19 тамызында ГКЧП-нің құрылғандығы туралы «Соңғы жаңалықтар» шығарылымдары осындай сипат алды.

«Шалқардың» ақпараттық-саздық бағдарламасының даму үдерісінде шолу, немесе қорытынды шығарылымдары жаңалықтар ретінде күннің маңызды оқиғалары туралы хабар таратып отырады. (Астана уақыты бойынша 21-00).

Ақпараттық материалдарды беру пішіні бойынша шығарылымдар мәтіндік, және дыбыстық қоспалы болып бөлінеді. Оларға студиядағы немесе телефон арқылы сұхбат, оқиға болған жерден тікелей репортаж, түсіндірмелер жатады. Ақпараттық шығарылым-дарды пайдаланатын жанрлар алуан түрлі: хроника және ақпараттық шағын мақала, корреспонденция және түсіндірмелер, репортаж, сұхбат, микрофон алдында сөйлеу, бірақ жаңалық тарататын бағдарламалардың басты қосындысы – ақпараттық шағын мақала.

Ақпараттық шығарылымдар бірнеше негізгі модельдер бойынша құрылады. Ең бірінші кезекте бұл негізгі тақырыптық блок бойынша қатаң беттеледі: дабыл шақыратын белгіден кейін шығарылымның негізгі тақырыбы беріледі. Одан әрі оның мазмұны маңыздылық ретімен, қатаң, белгілі бір тақырыптық блоктар бойынша жіберіледі. Ішкі жаңалықтар блогы, халықаралық ақпараттар, ғылым, мәдениет, спорт, ауа райы болжамы, кейде шығарылымның негізгі тақырып-тарын қайталау блоктарында болады. «Соңғы жаңалықтар» «Шалқардың» негізгі шығарылымдары нақ осы айқын кесте бойынша құрастырылады. «Жаңалықтар», «Астана радиосы» ақпараттық бағдарламаларында және «Қазақ радиосында» да осы ұстаным пайдаланылады.

Мысалы, 2011 жылдың 22 мамырындағы «Күндізгі жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының беттемесінде:

( уақыттың дәл белгісі беріледі )

Жүргізуші. Астана уақыты 21 сағат.

(дабыл белгісі естіледі.)

Жүргізуші. «Күндізгі жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасы. Осы бағдарламада:

Нұрсұлтан Назарбаев нурыз мерекесімен барша қазақстандықтарды құттықтады.

Жапониядағы зілзала қорытындылары шығарылды. Нақты деректер бойынша Жапонияның экономикасының дамуы бірнеше жылға кейін шегерілді.

- Ресей және Австрия парламентінің басшылары Косовадағы жағдайды күшпен реттеуге қарсы шықты.

Ал енді осы және басқа да жаңалықтар туралы толығырақ.

Одан әрі ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың баспасөз-конференциясынан репортаж қоса берілумен жаңалықты толық хабарланды, Музыкалық ән берілгеннен кейін – Грузиядан жаңалықтар және алыс шетел жайында ақпараттар таратылды. Бастапқыда жарияланған тақырыптан басқа өздерінің артық қорындағы Ұлыбритания армиясының жаяу әскерге қарсы миналарымен Иордан армиясының отставкадағы ондаған офицерлерін жойғандары туралы хабарлама таратылды. Содан кейін жүргізуші былай дейді:

«Бұл жаңалықтардың соңғы хабарламасы. Және де соңында ауа-райы туралы».

Ауа-райынан кейін қорытынды сөз:

«Сіздер Күндізгі жаңалықтардың» ақпараттық бағдарламасын тыңдадыңыздар». Жүргізушінің аты-жөні. «Астана радиосы».

Музыкалық саз.

Шамамен «Шалқар» пен «Қазақ радиосының» кейбір шығарылымдарына осындай құрылым тән.

«Астана радиосы» радиостанциясының әдеттегі толық ақпараттық шығарылымы дыбыстаулармен басталады. Шығарылымның негізгі тақырыптары музыкамен беріледі.

Одан әрі журналист ақпараттық материалдардың мазмұнын айтарлықтай сенсациялық немесе әлеуметтік маңызды жаңалықтар жөнінде түсіндірме беру арқылы жеткізеді. Содан кейін елдегі болып жатқан оқиғалар желісі туралы ақпараттарды кең түрде сараптау жүреді, бұл жерде де айтарлықтай «айшықты оқиғалар» баса беріле отырып, мысалы, Астана қаласында съезд өткізуге ниетті коммунистерге оған Астана әкімінің шұғыл түрдегі жауабы берілуі мүмкін.

Музыкалық саздан кейін – тағы бір ішкі ақпараттардың блогы беріліп, содан кейін жүргізуші осы сағатқа дейін келіп түскен негізгі оқиғалар туралы және ауа-райы туралы еске салады.

Егерде «Қазақ радиосы» ақпараттық шығарылымы бірінші елдегі болып өткен оқиғалар туралы таныстырып өтіп, содан кейін халықаралық жаңалықтарға көшсе, ал «Астана радиосы» ақпараттық шығарылымында керісінше: басында халықаралық жаңалықтар, содан кейін барып елдегі жаңалықтар легі туралы хабарлайды, оның ішінде бірінші орында адамдардың тағдырына қатысты жаңалықтар хабарланады. «Музыкалық радио» шығарылымында музыкалық сазы басым, негізгі тақырыптар музыкаға байланысты айтылады. Жүргізуші шеберлігі жағынан «Астана радиосының» жүргізушілері серпіндірек, олардың стилінде ресмилік аздау. Осыған байланысты беттеудің типі айтарлықтай қатаң болып көрінбейді. Сондай-ақ керісінше, жеңілдетілген түрі де болады. Верстканың моделі – шығарылымның негізгі тақырыптарын қысқаша жарияламай-ақ, ақпараттық хабарламалар тоқтаусыз келіп жатқан сәтте, нәтижесінде эфирге ақпараттарды жеткізу ырғағы жоғарылайды.

Ақпараттық бағдарламаларды беттеу радиожурналистің жоғары кәсіби шеберлігі сол күннің ең маңызды оқиғасын таңдай білуінен көрінеді және радио тыңдармандарға сол уақытқа дейін келіп түскен негізі оқиғалар туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік беретіндей болуы шарт.

Ақпараттық шығарылымның негізгі компоненттері – әрдайым дыбысталған, жаңалықтардың тақырыптары айтылатын кездегі музыка таңдалған, сондай-ақ кей кезде шығарылымның соңына дейін дыбысталады. Осы айтылғандардың барлығы қосылып ақпараттық бағдарламаның эфирлік бейнесін құрайды.

Радиохабар тарату тәжірибесіндегі айтарлықтай қалыптасқан және кең тараған түрі радиожурнал болып табылады. Радиожурнал – мерзімдік радио шығарылым, онда әртүрлі жанрдың материалдары біріктірілген: ақпараттық, талдау, әдеби болып келеді. Радиожурналдың түрлері туралы айтқанда оның радио беттері толыққанды дербес туынды болып табылатынын айта кету қажет.

Радиожурналистердің бағдарлама әзірлеудегі негізгі ерекшелігі – тақырыптың бірлігі болып табылады. Дәл осындай сипат өнер саласындағы маңызды оқиғаларды жеткізетін «Астана радиосы», «Қазақ радиосы», «Шалқар» радиосындағы музыкалық-саздық журналға тән. Радиожурналдың түрлері «Қазақ радиосының» көп бағдарламасының негізін құрайды.

Радиожурналдың пішіні негізінен өзінің нақты бағытымен, тақырыбымен, белгілі бір тыңдаушылар ортасына арналуымен (әлеуметтік-демографиялық, кәсіби, білім беру, өнер, мәдениет т.б. бойынша) радио тыңдаушылардың жүрегіне жол салады. Ол тұрақты белгілерден тұрады: тақырыптың бірлігі, сондай-ақ, белгілі бір тұжырымдама аясында тақырыптың әртүрлілігі, жанр түрлерін пайдалану мен өзіне тән дыбыстық ерекшелігі, приципі, мүмкіндігіне ие болады, Мысалы, әр уақытта берілетін дыбыстық логотип пен аудиспот – радиостанцияның ашық-жарқын есте қалатын әуенімен қысқаша мәтіндік «ұран»; «Қазақ радиосында» күні бойы хабар таратуда бірнеше ұранды сөздер қайталанып отырады. «Астана радиосының» аудиоспоты «Радионы тыңдаңыздар, қалғанын көруге болады» деп хабарлап отырады. Бұл жүргізуші тұлғасын - кәсіби журналисті немесе аталған саладағы журналисті, сонымен қатар, радиожурналдың бейнесін анықтайды.

«Қазақ радиосында» радиожурнал түрлері әруақытта арнайы рубрикамен беріліп тұрады. Оның әрдайым ең танымал мінбері болып: «Әдеби оқулар»; «Дәстүр және қазіргі заман» - біздің еліміздегі мерекелер, салт-дәстүр, жөн-жоралғы туралы; «Дәрігердің кеңесі»; «Әдептілік мектебі»; «Шеберлер қаласы» - халықтық қол өнері туралы репортаждар; «Ақын күнделігі» - жаңадан шыққан поэзиялық туындылар туралы; «Біздің құқығымыз» - заңдық кеңес; және тағы басқалар табылады.

Апта сайынғы шығатын өнер саласындағы маңызды оқиғаларды беретін «Қазақ радиосының» өнер жайындағы радиожурналдарында бірқатар өзгешеліктер бар. Жүргізуші үнемі шығарылымының басында негізі тақырыптары туралы айтып, содан кейін материалдардың рубрикасы жіберіледі: «Кино жаңалықтары» ақпараттық топтаманы, шетелдік киноға арналған жаңа фильмдерді түсіндіруге арнайды; келесі бөлімде Астана мен Алматыдағы айтарлықтай маңызды көрмелерге тоқталып, ал музыкалық саз елдегі және шетелдегі соңғы музыка саласындағы оқиғаларымен таныстырады; «Кітап әлемі» беттері әртүрлі тақырыптағы жаңа басылымдарға арналады. Жаңалықтар шығарылымынан кейін кезек «Театр альманағына» беріледі. Бұл радиожурнал аясында аптаның қай күн екеніне байланысты кескіндеме мен сәулет өнеріне, балет өнеріне және т.б. арналған киноальманах, радиожурналы шығады.

Бұл радиожурналдың негізгі ерекшелігі – ақпараттар легі қысқаша хабарлама, сондай-ақ, толық түсіндірме күйінде беріледі. Бағдарламада қатаң құрылым орын алмайды, оның құрылымы айтарлықтай еркін, әртүрлі жанрларда әртүрлі авторлар мен жүргізушілермен ұсынылады, бір сөзбен айтқанда, оқиғаның құрама бейнесі болып табылады.



Арна (канал) – айтарлықтай белгілі және замануи радиода кең таралған хабар тарату түрі. «Канал» алғашқы рет хабар тарату түрі ретінде қайта құру жылдары пайда болып, сыннан өтті. «Юность» радиостанциясының апта сайынғы тікелей ақпараттық-музыкалық бағдарламасы - «Жастар арнасы» эфирге 1987 жылы 26 қаңтарда шықты. Ол журнал жастар ұйымдарының жаңалықтары, халықаралық тақырыптардағы хабарламаларды, спорт жаңалықтарын, жанрлар жағынан – сұхбаттарды, репортаждарды, сөйлеген сөздерді әртүрлі музыкалық әндерді біріктірген өзекті ақпараттарды таратып отырды. Қайта құру жылдары канал хабар тарату түрі ретінде Бүкілодақтық радиодада («Собеседник», «Лик» және т.б.) бекітілді. «Собеседник» - қарт адамдарға, үй шаруасындағы әйелдерге, уақытының көп бөлігін үйде өткізетін тыңдаушыларға, көшеге, тек дүкенге, үй шаруасына қажетті заттар үшін немесе көшедегі орындыққа отыру үшін шығатындарға арналған.

Көркем-әдеби хабар таратуда «Әдебиет және өнер» белгілі бағдарламаға айналды. Онда аптасына үш рет екі, үш жарым сағат өнердің әртүрлі саласы туралы жаңалықтар берілді. Атап айтқанда, әдебиет, музыка, кескіндеме, театр, эстрада мен филормониялық қойылымдардан репортаждар, көркем-әдеби тұсаукесерлердегі көрмелерден, отандық және әлемдік мәдениет қайраткерлерінің портреті, әдеби шығармалардан үзінділер, радиотеатр мен театрдың жаңа қойылымдары туралы анонстар мен үзінділер, микрофон алдында беделді мәдениет қайраткерлерінің өнер тарихының өзекті мәселелері және қазіргі заманғы әдеби тәжірибе туралы жаңалықтарды таратын болды.

Бұл хабар таратудың негізі ерекшелігі – әр бағдарламаның айтарлықтай ұзақтығы мен нақты композициясы бар. Арнаның біртұтастығы бағдарлама тақырыбының бірлігі нәтижесі ретінде болуы мүмкін. Мысал ретінде ұзақ уақыт бойы 1990 жылдары «Ресей радиосында» пайда болған «От первого лица» атты қоғамдық-саяси арнасын айтуға болады. Ол бағдарлама елдегі өзекті саяси, экономикалық, әлеуметтік оқиғаларды таратуға арналды. Студияға белгілі саяси қайраткерлер келіп, басқа қалалармен тікелей байланыс жасалады. Кейінірек оны «Отражения» жаңа арнасы алмастырды. Ол «Вести» ақпараттық бағдарламасын біріктірген қоғамдық-саяси және әдеби бағдарлама болатын.

Спорт тақырыбы – «Қазақ радиосында» арнаулы спорт бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама әртүрлі спорттық ойындарды, стадиондар мен спорттық алаңдардан тікелей репортаждарды таратады. Сонымен қатар, студияға әр уақытта қонақтар шақырылады. Онда спортшылар, жаттықтырушылар, айтарлықтай маңызды және қызықты спорттық оқиғаларды, спорттың әртүрі туралы әңгімелер жүргізеді. «Два болельшика два» - спорт арнасының ойын бағдарламасында эфирде екі тыңдаушы қатысып, спорт әлеміне қатысты сұрақтарға жауап беру іспетті өзіндік ерекше жарыс өткізеді. Ойын бірнеше кезеңнен өтіп, ал ақтық мәреде жеңген адам бас сыйлықты алады.

Арнаның біртұтастығы функционалдық сипаттың бірлігінің нәтижесі іспетті болуы мүмкін. Мысалы әдеттегі (5.30-10.00) таңертеңгі, (14.00-15.00) күндізгі және (18.00-20.00) кешкі «Қазақ радиосының» ақпараттық арналарын айтуға болады.

Таңертеңгі канал алаңын қарастырып көрейік. Ол (5.30) бес минуттық жаңалықтар шығарылымымен ашылып, содан кейін толық деңгейде ауа-райы туралы «Ауа райы» бағдарламасының кезегі келеді. Оның мазмұны метеорологиялық қызметтің жедел ақпараты және халықтық ырымдардармен таныстырудан тұрады. Содан кейін 15 минуттан алмасып жалпылама сипаттағы қысқаша түрдегі жаңалықтар беріледі, оған баспасөз шолуы қосылады, «Менің Қазақстаным» бағдарламасында (атақты қазақстандықтар өздерінің қаладағы ұнайтын жерлері туралы айтады), газет-журналдарға шолу («Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Айқын», «Алаш айнасы»), «Эхомобиль» – автокөлік туралы бағдарлама, «Бау-бақшада» - бақшамен айналысатындарға кеңес, өзекті саяси тақырыптарға әртүрлі түсіндірмелер, ұялы телефон туралы жаңалықтар («Сіз қайда жүрсеңіз де»), экономикалық ақпарат т.б. беріп отырады. Жоғарыда аталған бағдарламалардың көпшілігі күндізгі эфирде қайталанады. Бағдарламаның тізгеннен-ақ «Қазақ радиосы» тәулік бойы хабар таратын канал ақпаратпен толық екенін көреміз және бұл жерде әртүрлі бағыттағы тақырыптар қалай орын алғаннын байқау қиын емес. Шамамен осындай принциппен күндізгі және кешкі каналдардың кестесі орналасқан. 19.05-19.15 эфирге ең ұзақ ақпараттық бағдарлама «Кешкі жаңалықтар» шығады. Егерде бір күнде хабар таратуын сараптайтын болсақ, онда барлық радиостанцияның бағдарламалары жаңа ақпараттардан тұратынын көреміз.

Арнаның біріктіруші элементі журналист-жүргізушінің тұлғасы болып табылады. Барлық компоненттері – тақырыптың бірлігі, жүргізушінің тұлғасы, функционалды сипаты – қоғамдық-саяси және музыкалық ойын-сауық арналарында жиынтық ретінде қызмет етуі мүмкін. Мәселен, атақты жастарға арналған сазды-ойын-сауық арнасы – «Сәлем» кешкі эфирдің айтарлықтай серпінді бөлігі болып табылады. Ол бірнеше бағдарламаларды біріктіреді. Жаңадан шыққан джаз музыкалары, әр елдің фольклорлық музыкасы, кино жаңалықтары, айтарлықтай көзге түскен спектакльдер, ең атақты эстрада орындаушыларымен сұхбат, радио тыңдаушылардың хаттарынан дайындалған әңгіме, сән үлгісі туралы жаңалықтар, кинодағы музыка мен анимациялық фильмдер туралы және әзіл-ысқақ бағдарламалары тыңдармандардың ықыласына ие.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет