1-бастаушы:
Бұл соғыс жаны таза, жігері мықты
қазақ қызының отансүйгіштік сезімін
өршіте түсті.
6-оқушы:
Бойында отансүйгіштік қасиеті
жоғары Хиуаз өзге құрбылары секіл-
ді демалыста үйіне кетпей, Мәскеу
қорғанысына қатысу жұмыстарына
қалады. Олар әуелі «Метрострой»
жүйесінің қарамағында болса, ерікті-
лерді артынан Мемлекеттік қорғаныс
комитеті өз қолына алады.
7-оқушы:
1941 жылдың қыркүйегінде Мәс-
кеудің оқу орындарында жаңа оқу
жылы басталады. Жан-дүниесі бел-
сенді іске жанығып тұратын Хиуаз
бүкіл ел соғысқа аттанып жатқанда
өзінің ақырын жүріп сабақ оқи ал-
масын біледі. Майданға сұранып,
медбике, тым болмаса санитар болып
кеткісі келіп жүргенде бір күні атақты
Марина Раскованың қыз-келіншектер
авиаполкін құрғалы жатқанын ести-
ді. Көктен іздегені жерден табылған
Хиуаз алдыңғылардың бірі болып,
атақты М. Расковаға келеді. Жасыра-
тыны жоқ, қараторы қызға мұнда да
сенімсіздікпен қарайды. Бірақ соғыс
кезіндегі жаны жанығып, жалындап
тұрған қызды полкқа қабылдайды.
8-оқушы:
Сөйтіп Хиуазды Саратовтың
әскери-әуе училищесіне жібереді.
Мұнда штурмандар дайындайтын
сыныпты аяқтап, 1942 жылдың көк-
темінде авиация тарихында тұңғыш
рет құрылған түнгі мезгілде жау по-
зицияларын бомбалайтын әйелдер
авиаполкінің құрамында майданға
аттанады.
9-оқушы:
Хиуаз қызмет еткен полк Сол-
түстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украи-
на, Польша, Германия аспанындағы
шайқастарға қатысады. ПО-2 деп
аталатын бомбалаушы ұшақтардың
міндеті алдын ала белгіленген жау
құрамалары шоғырланған жерлерді
бомбалап қайту еді. Штурман ретінде
Хиуаздың жұмысы ұшақты нысана
үстін дәл әкелу, сосын жарқырауық
бомбаны тастау, егер нысана көрініп
тұрса оның үстіне басқа бомбалар-
ды да төгіп өту еді. Сонымен бірге
ұшаққа жау истребителі шабуыл жа-
саса, пулеметтен оқ боратуы керек.
Ал егер ұшқыш командир жаралан-
са, не оққа ұшса, өз кабинасындағы
штурвалмен ұшақты да басқарып
кете беру болатын. Міне, сондықтан
да штурманның ролі ерекше болатын.
Достарыңызбен бөлісу: |