308
Глосcарий
қоғамдық
сананың ежелден бергі нысаны, адамның мінез-құлқын реттеудің
қоғамдық институты.
Нақыл сөз – даналық қорытындыға құрылған
мейлінше жинақы әрі
мағыналы сөз. Осы ұғым жөнінде әл-Фарабидің замандасы Исхақ әл-Фараби
«Әдеби жинақ» атты еңбегінде былай деп жазады: «Нақыл сөз деп болмыстағы
белгісіз бір жұмбақ нәрсенің сыры ашылып, сөз қауашағына тұрақтауын ай-
тамыз. Мысалы, «Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, шолушы сы – ой,
сынаушысы – халық, қорғаушысы – арман, ең қымбаттысы – ар, барлығынан
ардақтысы – өмір» деп келтіреді. Нақыл сөзде өлең өлшемі де қолданылады.
Мысалы, «Сараң байды қоңыз десең болар, Ішпей-жемей боқтық жиған. Жігіт-
ті ерім десең болар, жолдас үшін жанын қиған».
Отансүйгіштік тәрбие – халық дәстүрлері негізінде адам баласының бойы-
на жинақталған ерекше белгі. Ол әрбір жеке тұлғаның бойында белгілі бір қа-
сиетке ие. Осы қасиеттер жиынтығы арқылы ғана әрбір тұлға өз Отанының
патриоты болады.
Отбасындағы тәрбие – қажетті нәтижеге жету
мақсатындағы ата-аналар
және отбасының басқа да мүшелерінің балаларға әсер етуінің жалпы аталуы.
Отбасы тәрбиесінің мазмұны демократиялық қоғамның басты мақсатымен
анықталады, яғни жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Оның құрамдас компоненттері – ізгілік,
құқықтық, адамгершілік, ақыл-ой,
патриоттық, эстетикалық және еңбек тәрбиесі. Олар экономикалық, эколо-
гиялық, саяси, ғылыми-практикалық білім берумен толықтырылады.
Өжеттік – адам мінезіндегі ұнамды қасиет. Өжеттілік жүйке жүйесі күшті,
ми қыртысындағы тежелу процесінен қозуы басым адамдарда жиі көрінеді.
Өжеттілік
адамның ерік-жігер, жүректілік, батылдық,
төзімділік, қайсарлық
секілді қасиеттерімен үндесіп жатады. Көбінесе ержүрек, батыл адамдардың
бойында кездеседі. Өжеттілік қасиеті бар адамдар өз мақсаттарын жүзеге
асыру
жолында тез шешім қабылдап, табандылық көрсетеді.
Өсиет – кейінгі ұрпаққа айтылған ақыл-кеңес, ғибрат, өнеге, ата-ананың ұр-
пағына айтқан тәрбиелік сөздері мен өмір тәжірибесінен алынған тағылымдық
мұралары. Қазақ этнопедагогикасында халықтың ойшыл тұлғалары мен ағар-
тушыларының тәрбиелік өсиеттері ауыз-екі, кейде тасқа ойып жазған ескерт-
кіштері де бар. Мысалы, Орхон-Енисей жазуын айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: