Глосcарий
құрметтеу, мемлекет рәміздеріне, мемлекеттік тілге құрметпен қарау. Туған
жерге деген махаббаты, Қазақстанды барлық азаматтардың бірыңғай Отаны
ретінде түсінуі.
Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Тұлғаның айна-
ласындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қа-
тынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Бірі – руха-
ни-экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),
Екіншісі – іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу). Сон-
дай-ақ, қайырымдылық этикалық және интеллектуалдық болып та бөліне-
ді. Этикалық қайырымдылыққа ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік
жатады. Ал интеллектуалдық қайырымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой
тапқырлығы мен өткірлігі сезімталдық жатады. Адам өз ұрпағына қайырым-
дылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады.
Біреуге жақсылық, жан-жануарларға, табиғатқа камқорлық жасау – қайырым-
дылықтың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды
адам дейді. Ол кейде кедей-кепшік, жарлы-жақыбай жандарға көмектесумен,
қайыр-садақа берумен де көрініс табады. Қазір біздің елімізде түрлі қайырым-
дылық қорлары ұйымдастырылған, қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп
тұрады.
Мейірімділік – адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін
білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік,
жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның
жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүние-
сін жадырататын аса маңызды қасиеттердің бірі болып саналады. «Мейірімді-
лік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады» (Шаһке-
рім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы
адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық, т.б. асыл қа-
сиеттермен үндестік тапқан. Ж. Баласағұн «кір тигізбей ұста ойыңның өресін,
мейірім етсең – мейірімділік көресің» деп, мейірімділікке зор мән берген.
Мектеп (араб.
«ﻣﺎﻜﺗﺎﺏ»
– жазатын орын) – 1) мұсылмандардың алғашқы оқу
орны; 2) жас ұрпаққа, тәрбие мен білім беретін мекеме. Білім беру жүйесінің
негізгі буыны. Басты нысаны – сабақ оқыту. Оны мұғалім атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |